Ежелгі Ќытай жјне Їнді философиясы



бет1/5
Дата13.10.2022
өлшемі3,03 Mb.
#42860
  1   2   3   4   5

Муталова Джанаргул Саткановна «Рухани жаңғыру» орталығының аға оқытушысы

  • Дәрістің мақсаты:
  • Ежелгі өркениеттердің пайда болуы ерекшеліктерін, соның ішінде
  • Ежелгі Шығыс мәдениетінің ерекшеліктерін көрсету, әлемдік мәдениетте алатын орнын айқындау.

Дәріс сұрақтары:

  • 1. Ежелгі өркениеттердің орналасқан жерлері мен өмір сүрген уақыты.
  • 2. Ежелгі Египеттің материалдық және рухани мәдениеті. Ежелгі Қосөзен мәдениеті.
  • 3. Ежелгі Үнді және Ежелгі Қытай өркениеттерінің мәдени ерекшеліктері.

1. Ежелгі өркениеттердің орналасқан жерлері мен өмір сүрген уақыты.

  • Б.з.б. IV мыңжылдықтан бастап адамзат алғашқы қоғамнан өркениетке өте бастады. Бұл процесс өте ұзаққа созылды, әрі біркелкі болмады. Дамудың әртүрлі табиғи жағдайларына байланысты, алғашқы өркениеттер алып өзендер алқаптарында пайда болды.

Жер бетіндегі алғашқы өркениеттер осыдан 5 мың жыл бұрын Тигр және Ефрат өзендерінің аңғарындағы Қосөзен территориясында пайда болды. Шамамен осы уақытта Ежелгі Египет өркениеті қалыптасты.

Алғашқы өркениеттердің барлығы Ніл, Тигр, Евфрат, Үнді, Янцзы сияқты өзен бойларында пайда болды. Бұл аймақтарда егіншілікпен қатар су жолдарының болуы өркениеттің дамуына әсер еткен болатын.

Б.з.б. IV мыңжылдықтың ортасында Қосөзен өркениеті Б.з.д.III мыңжылдықтың басында Мысыр өркениеті қалыптасты.

Б.з.д. III-II мыңжылдықта Үнді, б.з.д. II мыңжылдықта Қытай өркениеттері қалыптасты.

Б.з.д. III мыңжылдықтың аяғы - б.з.д. II мыңжылдықта Крит аралы мен Балқан түбегінің оңтүстік бөлігінде ежелгі грек мемлекеттеріне негіз болған Крит- Микен өркениеті қалыптасады.

Жергілікті өркениеттердің қаншалықты әр түрлі болуына қарамастан, Шығыс пен Батыс елдері арасындағы негізгі өзгешелік байқалады. Шығыс елдеріне тән суармалы егіншілік шаруашылығы көпшілікті бір мезгілде егіншілік жұмыстарына ұйымдастыру қажеттілігін тудырды.

  • Сондықтан Ежелгі Шығыста басқару жүйесінің ерекше түрі – деспотия қалыптасты.
  • Деспотияның ерекшелігі – ел билеушісінің толық билікпен қатар, бүкіл мемлекет жерінің иесі болып саналуында.
  • Олардың билігі шексіз болып, құдай қатарына да жатқызылды.
  • Ежелгі Египет перғауындары билікті құдайдан алған және өздері де құдайдың жердегі көлеңкесі болып саналса, Қытайда ел билеушілері «Аспан ұлы » деп саналған.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет