Ежелгі кезең Қазақстанның ерте темір дәуірі тайпалары жайлы жазба деректер тарихнама


КСРО-ның құрылуы және оған Қазақ АКСР-ң енуін талдап, оған бүгінгі күн тарапынан салдарын ашыңыз



бет103/151
Дата22.08.2023
өлшемі4,62 Mb.
#105484
1   ...   99   100   101   102   103   104   105   106   ...   151
Байланысты:
Тарих дайындық материалдар

11.КСРО-ның құрылуы және оған Қазақ АКСР-ң енуін талдап, оған бүгінгі күн тарапынан салдарын ашыңыз.
Кеңестік Социалистік Республикалар Одағы (Кеңес Одағы, КСРО) —1922 жылдан 1991 жылға дейiн өмір сүрген мемлекет. 
1922 жылы 18 желтоқсанда Орталық Комитеттің пленумы Одақтық шарттың жобасын қабылдады, ал 1922 жылы 30 желтоқсанда Кеңестердің І съезі шақырылды. Кеңестердің съезінде большевиктер партиясы Орталық Комитетінің Бас хатшысы И.В. Сталин, Декларация мен КСРО-ны құру туралы шарт мәтінін оқығаннан кейін.
КСРО құрамына РСФСР, Украина КСР (Украина), БССР (Беларуссия) және ЗСФСР (Грузия, Армения, Әзірбайжан) кірді. Съезге қатысқан республикалардың делегацияларының басшылары Шарт пен Декларацияға қол қойды. Одақтың құрылуы заңдастырылды. Делегаттар КСРО Орталық Атқару Комитетінің жаңа құрамын сайлады.
КСРО ҚҰРАМЫ: 1920-1930 жж. КСРО құрамына: Қазақ КСР, Түрікмен ССР, Өзбек КСР, Қырғыз КСР, Тәжік КСР кірді. ТСФСР-ден (Закавказье Советтік Федеративті Социалистік Республикасы) Грузия КСР-і, Армения КСР-і және Әзірбайжан КСР-і пайда болып, КСРО құрамында тәуелсіз республикалар құрды. Украинаның құрамына кірген Молдавия Автономиялық Республикасы одақ мәртебесін алды.1939 жылы Батыс Украина мен Батыс Беларуссия Украин КСР мен БССР-ге қосылды. 1940 жылы Литва, Латвия және Эстония КСРО құрамына енді.
ҚАЗАҚ АКСР ЕНУІ: Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасы — бұрынғы КСРО құрамында болған одақтас республикалардың бірі; ол 1920 ж. 26 тамызда құрылды және алғашқы кезде Қырғыз АКСР-і деп аталып, РКФСР құрамына кірді, 1936 ж. 5 желтоқсанда одақтас республикаға айналды. КСРО-ның Азиялық бөлігінің оңтүстік-батысында орналасты, солтүстігінде РКФСР-мен, оңтүстігінде Түрікмен КСР-мен, Өзбек КСР-мен және Қырғыз КСР-мен, шығысында Қытаймен шектесті, батысында Каспий теңізі. Қазақ КСР-ы — жер көлемі жағынан РКФСР-ден кейінгі екінші, халқының саны жағынан РКФСР мен Украинадан кейінгі үшінші одақтас республика болды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   99   100   101   102   103   104   105   106   ...   151




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет