Тақырыбы:Қазақ кср-ның мемлекеттік егемендігі туралы Декларация



Дата21.12.2023
өлшемі14,46 Mb.
#142155
түріҚұрамы
Байланысты:
Тәуелсіздік туралы декларация[1]


Астана медицина университеті ҚеАҚ Қазақстан тарихы кафедрасы
Тақырыбы:Қазақ КСР-ның мемлекеттік егемендігі туралы Декларация
Орындаған:Нұран Аида 103 Медицина
Қабылдаған:Қымбат Тлегеновна
Жоспар
    • Декларацияның құрамы
    • Декларация дегеніміз не
    • Ережелер мен баптары

1990 жылдары Қазақстанда күн өткен сайын мемлекеттік егемендікті жариялауды талап етушілер күшейе бастады. Қоғамдық қозғалыстар 1990 жылғы қазан айында айрықша белсенділік көрсетті. Күн сайын Жоғарғы Кеңес үйінің алдында таңертеңнен кешке дейін саяси митингілер өтіп жатты. Ал Алматы қалалық партия комитеті үйінің алдында жастар пикет ұйымдастырып, аштық жариялады.Олар Қазақстанның тәуелсіз ел болуын, жастарға қатысты әлеуметтік мәселелердің дереу шешілуін, Кеңес Армиясын тез арада реформалауды талап етті. Осындай жағдайда Жоғарғы Кеңестің сессиясындағы бірқатар айтыс-тартыстардан кейін, бұрынғы кеңестік республикалардың соңғыларының бірі болып «егемендік шеруіне» Қазақстан да қосылды
Қазақ КСР-нің "мемлекеттік егемендігі туралы" Декларациясы 1990 жылы 25 қазанда Қазақ КСР жоғарғы кеңесінің шешімімен қабылданды. Құжат 17 тараудан тұрды. Декларация өз егемендігін алғаш рет ресми жариялауға мүмкіндік берді және басқа демократиялық республикалармен терезесі тең мемлекет екендігін танытты
Декларация- мемлекеттік саясат пен құқықтық,халықаралық қатынастардың негізгі принциптерін салтанатты түрде жариялайтын құжат.
Декларация республика егемендігін заң жүзінде бекітудің бастамасы болды. Онда республиканың тең құқылы шарт негізінде, егеменді республикалар одағына кіру ойынынан басқа, алғаш рет Қаз КСР-нің егеменділік құқығы жағдайы үшін принципті мемлекеттік-құқықтық ережелер: Одақтың шешуіне берген мәселелерді қоспағанда, Қаз КСР аумағында Республика Конституциясы мен заңдарының үстемдігі туралы, Одақтық Жоғарғы органдардың Қаз КСР-і Конституциясы мен егеменділік құқықтарын бұзатын заңдарының және басқа да актілерінің өз аумағында күшін жою құқы, Қазақ КСР-нің егемендігінің негізін құрайтын өзіндік меншігі, жер және оның қойнауы, су, ауа кеңістігі, өсімдік және жануарлар әлемі, басқа да табиғи ресурстар, халықтың мәдени және тарихи қазыналары, оның аумағындағы барлық ұлттық байлықтар - экономикалық және ғылыми-техникалық әлеует туралы, республиканың қосқан үлесіне сай жалпы Одақтық мүліктен өз үлесіне құқы, соның ішінде алмаз, валюта қоры және алтын қорындағы үлесіне, халықаралық қатынастардың субъектісі болу, өз мүддесіне сай сыртқы саясатын анықтау туралы бекітілген
Topic 2
Республиканың барлық ұлт азаматтары Қазақстан халқын құрайды, әрі қазкср егемендігінің бірден-бір иесі және мемлекеттік өкімет билігінің негізі болып табылады деп көрсетілді.
Республика халқы атынан қаз кср жоғарғы кеңесінің іс-қимыл жасауға құқығы бар. Азаматтардың теңдігі атап өтілді. Қоғамдық, саяси, діни ұйымдарға мөмлекет пен қоғам өміріне қатысуы үшін кепілдіктер берілді. Мұндай нормалар ол кезең үшін демократиялық өзгерістер қатарына жатты.
Мемлекеттік өкімет билігі заң шығару, атқару және сот билігіне бөлу принципі бойынша жүзеге асырылды. Қазкср бас прокурорының кандидатурасын республика президенті ксро бас прокурорымен келісе отырып ұсынады және оны қазкср жоғарғы кеңесі бекітеді
Алғаш рет қазкср территориясында, оның өз еркімен одаққа берген мәселелерін қоспағанда, қазкср конституциясы мен заңдарының үстемдігі орнатылады деп жазылды. Бұл егемендіктің өзекті қағидаларының бірі еді. Осыған орай қазкср-і өз егемендігіне қайшы келетін одақ заңдарын тоқтата алды.
Қаз кср-нің өз ішкі әскерлерін, мемлекет қауіпсіздігі және ішкі істер органдарын ұстауға құқылы болды.
Қаз кср-і халықаралық қатынастардың дербес субъектісі ретінде біріккен ұлттар ұйымына дейінгі ұйымдарға қатысуға құқылы болды.
Қазақстанның егемендік құқықтарын қаз кср-і мен одақ жүзеге асырды. Бірақ оның ажырағысыз егемендігін ешкім бұза алмады. Декларация одақтық шарт жасау, қаз кср-нің жаңа конституциясын, егемендік мәртебесін жүзеге асыратын заң актілерін жасауға негіз болып табылды.
Қазақ кср-інің мемлекеттік егемендігі туралы декларациясының тарихи маңызы зор болды, себебі ол тауелсіз демократиялық құқықтық мемлекетті кұрудың бастамасын негіздеді
Назарларыңызға рахмет!

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет