Ежелгі кезең Қазақстанның ерте темір дәуірі тайпалары жайлы жазба деректер тарихнама


Түркістан Республикасын ұлттық-мемлекеттік межелеу. Сырдария және Жетісу облыстарының Қазақ АКСР-на қосылуы



бет106/151
Дата22.08.2023
өлшемі4,62 Mb.
#105484
1   ...   102   103   104   105   106   107   108   109   ...   151
Байланысты:
Тарих дайындық материалдар

13. Түркістан Республикасын ұлттық-мемлекеттік межелеу. Сырдария және Жетісу облыстарының Қазақ АКСР-на қосылуы.
Ежелгі заманнан бері қазақтың жері саналатын оңтүстік пен оңтүстік-шығыстағы өңірлер (Сырдария және Жетісу облыстары) әр түрлі объективтік және субъективтік себептермен 1918 жылғы желтоқсанда жарияланған Алаш автономиясының, сондай-ақ 1920 жылғы қазанда құрылған Қазақ АКСР-і құрамына енгізілмеді. Олар Түркістан өлкесінің құрамында қалды, ал кейін 1918 жылдың көктемінде құрылған Түркістан АКСРі құрамына кірді.
МӘСЕЛЕНІҢ КҮН ТӘРТІБІНЕ ҚОЙЫЛУЫ: Бұл проблема Орта Азия мен Қазақстанда да күрделі сипат алды. Атап айтқанда, Сырдария және Жетісу облыстарын ҚазақАКСР-і құрамына қосу қажеттігі туралы мәселе жүйелі түрде көтерілді. Осымен бірге көп ұлтты Түркістан АКСР-ін бөлу және өзбектердің, түркімендердің, тәжіктердің, қарақалпақтардың, қырғыздардың ұлттық-мемлекеттік құрылымдарын құру туралы мәселе де күн тәртібіне қойылды.
БАРЫСЫ: Ұлттық-аумақтық межелеу нәтижесінде Түркістан АКСР-інің бұрынғы Жетісу және Сырдария облыстарының біраз бөлігі Қазақ АКСР-інің құрамына өтті. 1924 жылғы қарашадан бастап осы облыстарды басқаруды КАКСР-інің үкіметі құрған, жоғарыда аталған ревкомдар жүзеге асырды. 1924 жылдың соңы мен 1925 жылдың басы аралығында Қазақ АКСР-іне қосылған жекелеген уездер мен болыстардың шекараларын нақтылау одан әрі жүргізілді. Қарақалпақ автономиялық облысы кеңестерінің 1925 жылғы ақпанда Төркүлде өткен бірінші Құрылтай съезінде Қарақалпақ автономиялық облысының құрылғаны және оның Қазақ АКСР-інің құрамына енгізілгені заңды түрде ресімделді.

НӘТИЖЕСІ: Межелеу барысында Қазалы, Ақмешіт, Түркістан, Шымкент уездері, Әулиеата уезінің үлкен бөлігі, бұрынғы Сырдария облысының Ташкент және Мырзашөл уездерінің бір бөлігі Қазақстанға өтті. Сонымен қатар КАКСР-іне Жетісу облысының Алматы, Жаркент, Лепсі, Қапал (Талдықорған) уездері, Пішпек (Бішкек) уезінің Георгиев, Шу, Қаранөкіс болыстары қосылды. Нәтижесінде Қазақ АКСР-інің аумағы 700 мың шаршы шақырымға, яғни үштен біріне ұлғайды, сөйтіп 2,7 млн шаршы шақырымды құрады, ал халқы 1468 мың адамға өсіп, республикадағы жалпы саны 5230 мың адамға жетті. Халықтың 1926 жылғы санағы бойынша қазақтар бүкіл республика халқының үштен екісіне жуығын (61,3%) құрады.

ҚОРЫТЫНДЫ: Қазақ АКСР-інің әкімшілік бөлінісін қайта құру 1925 жылдың бас кезіне аяқталды. Қазақ АКСР-і енді Адай уезін (губернияға тенестірілген), Ақтөбе, Ақмола, Орал, Семей, Қостанай, Жетісу, Сырдария губернияларын және Қарақалпақ автономиялық облысын біріктірді. 1925 жылдың бірінші жартысында республиканың негізгі мемлекеттік мекемелері Қызылордаға көшірілді.
Қазақ жерінін қайта бірігуі оның халқының өміріндегі өте манызды оқиға болып табылады. Осы қайта бірігу қоғамды бөлудің таптық принципіне құрылған және күн өткен сайын коммунистік идеология үстем бола түскен кеңестік қазақ мемлекеттілігі аясында жүргізілгенімен, ол өңірдің тұрғылықты халықтарының, оның ішінде қазақтардың ұлттық ұйысуының жаңа кезеңіне, олардың мемлекеттілігінің кеңестік негізде қалыптасуы мен нығаюына жол ашты.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   102   103   104   105   106   107   108   109   ...   151




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет