Ежелгі кезең Қазақстанның ерте темір дәуірі тайпалары жайлы жазба деректер тарихнама


Қазақстанның бастамасымен құрылған Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңестің (АӨСШК) орны мен рөлін саралаңыз



бет136/151
Дата22.08.2023
өлшемі4,62 Mb.
#105484
1   ...   132   133   134   135   136   137   138   139   ...   151
Байланысты:
Тарих дайындық материалдар

Қазақстанның бастамасымен құрылған Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңестің (АӨСШК) орны мен рөлін саралаңыз.

Әлемдік тәжірибе көрсетіп отырғанындай, осы заманғы проблемаларды шешу мемлекеттердің ұжымдық өзара ықпалдастығы жағдайында ғана мүмкін болады. Еуразиялық кеңістіктегі соңғы оқиғалар жанжалдардың алдын алудың пәрменді тетіктерінің болмауы елеулі салдарларға әкеліп соғуы мүмкін екенін көрсетті. Сондықтан өңірлік қарым-қатынасты реттеу жүйесін дамыту қажеттігі айрықша өзекті
Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаевтың Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңесті (АӨСШК) шақыру туралы 1992 жылғы 5 қазандағы бастамасы жоғарыда аталған бағыттағы салмақты қадамдардың бірі болды. Тәуелсіз Қазақстанның басшысы БҰҰ Бас Ассамблеясының мінберінен тұңғыш рет шығып сөйлегенде Азиядағы болашақ қауіпсіздік жүйесіне қатысты өзінің ұсынысын білдірді. Ол өзінің сөзінде: "Бүгінгі әлем келешектің анық және жасырын қатерлері тұрғысында ортақ күш-жігерімізді жаңа сапада үйлестіруге және ұйымдастыруға мәжбүрлейтін белгілі бір межеге келіп жетті" - деп атап көрсетті.
1999 жылғы 14 қыркүйекте АӨСШК-ге қатысушы мемлекеттердің сыртқы істер министрлерінің I кездесуі АӨСШК үдерісіндегі іс жүзіндегі тұңғыш жетістік болды, сол уақытта қауіпсіздік пен ынтымақтастықтың азиялық жүйесін құру үшін құкықтық негіздің өзіндік үлгісі болған, Кеңеске мүше мемлекеттер арасында қарым-қатынасты реттейтін декларацияға қол қойылды.
АӨСШК-ге мүше мемлекеттер өздерінің қарым-қатынасында басшылыққа алуға міндеттенген негізге алынатын принциптер мыналар болды: 1) егеменді тендік, егемендікке тән құқықтарды құрмет тұту; 2) күштен немесе күш қолдану қаупінен бас тарту; 3) мүше мемлекеттердің аумақтық тұтастығы; 4) дауларды бейбіт жолмен реттеу; 5) ішкі істеріне араласпау; 6) экономикалық, әлеуметтік және мәдени ынтымақтастық; 7) адам құқықтары мен негізгі бостандықтарын сақтау.
Бүкіл әлемде табиғи қызығушылық тудырған форумның тұңғыш саммиті 2002 жылғы 4 маусымда өткізілді. Халықаралық БАҚ Қазақстан, Ресей, Қытай, Пәкстан, Түркия, Моңғолия, Қырғызстан, Тәжікстан және Ауғанстан басшыларының, Әзірбайжан мен Үндістанның премьер-министрлерінің, Иран, Египет, Палестина және Израильдің уәкілетті ресми тұлғаларының, мемлекеттер мен бақылаушы ұйымдар өкілдерінің жоғары деңгейдегі кездесуінің қорытындылары туралы хабарлады.
Қазақстан Республикасы Президентінің бастамасын іске асыру жолында келесі қадам — АӨСШК-нің 2004 жылғы 22 қазандағы II Министрлер кездесуінде Сенім шаралары каталогын, Рәсімдер ережесі мен Декларацияны қабылдау болды.
АӨСШК-нің сенім шаралары дәстүрлі тұжырымдамалардың шеңберінен тысқары жатыр, өйткені қауіпсіздік күн сайын дерлік анағұрлым нәзік және сезімтал материяға айналуда, көлемі де ұлғая түсуде және әлеуметтік-эко-номикалык, экологиялык, энергетикалық, демографиялық, сондай-ақ өзге де сипаттағы проблемалардың шешіміне тәуелді.
2006 жылдың 17 маусымында өткізілген форумның екінші саммиті барысында жан-жақты саяси құжат — II саммит Декларациясы қабылданды, сонымен қатар Кеңестің құрылымын іс жүзінде реттейтін негізгі құжат — АӨСШК Хатшылығы туралы келісімге қол қойылды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   132   133   134   135   136   137   138   139   ...   151




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет