Қоғамдастық 2003 жылы БҰҰ-ның Бақылаушысы дәрежесіне ие болды.
2007 және 2010 жылдардың желтоқсан айында БҰҰ Бас ассамблеясының сессиясында БҰҰ және ЕурАзЭҚ арасындағы ынтымақтастық хаттамасына қол ЕурАзЭҚ мүшетмемлеткеттері арасындағы кезекті жаһандық мәселе – Бірыңғай экономикалық кеңістік құру болып табылады. Оның мақсаты жұмыс күшітнің, капиталдың, қызметтің және тауарлардың еркін қозғалысына жағдай жасайтын нарықтық үдерістерге негізделген экономиканы реттеудің бірыңғай тәсілдерін қамтамасыз ету және үйлесімді құқықтық норматларды қалыптастыру болып табылады.
ЕурАзЭҚ шеңберiнде:
- Мемлекетаралық Кеңес (Мемаралықкеңес);
- Интеграциялық комитет;
- Парламентаралық Қауымдастық (ПАҚ);
- Қоғамдастық Соты жұмыс iстейтiн болады.
18. Қазақстанның Ислам ынтымақтастығы ұйымына (ИЫҰ) қатысуындағы мақсаты мен мүдделерін айқындаңыз және оны ашып көрсетуде осы ұйымға төрағалықтың материалдарын пайдаланыңыз.
1969 жылы 25 қыркүйекте мұсылман мемлекеттерінің бастамасымен құрылған. Бүгінгі таңда 57 ел мүше, жалпыхалық саны 1,2 миллиардқа жетіп отыр. Ұйымға Ресей, Босния және Герцеговина, Тайланд бақылаушы ретінде қатысады. Ұйымның штаб пәтері Сауд Арабиясының Джидда қаласында орналасқан. Ислам Ынтымақтастық Ұйымы (ИЫҰ)(2011 жылдың 28 маусымына дейін - Ислам конференциясы ұйымы (ИКҰ) деп аталған
. Мақсаты — ұйымға мүше мұсылман елдерінің бірлігін күшейту, бірін-бірі қолдауын қамтамасыз ету, бейбітшілік пен қауіпсіздікті нығайту, мәдени, өнер-білім салаларында ынтымақтастықты дамыту, т.б.
1995 жылдан бастап Қазақстанда Ислам даму банкісі жұмыс істеп келеді. Банк 2000-2003 ж. Астана қ-нда өз офисін ашу, Қарағанды — Астана автожолы бөлігін, Астана — Бурабай автомобиль жолын қайта салу, Астанада ұлттық кітапхана үйін салу, пошта байланысын жетілдіру, т.б. жобаларды қаржылан-дырып отыр (Қазақстан. Ұлттық энциклопедия. 4-том. Алматы, 2002. 324-б.).
Қазақстанның Ислам Конференциясы Ұйымына (ИКҰ) қатысуының негізінде экономикалық мүдде жатыр. Тәуелсіздік алған кезден бастап түрлі деңгейлерде ИКҰ-мен байланыстарға жол ашылды. Джиддадағы (Сауд Арабиясы) ИКҰ бас хатшылығымен тұрақты түрде хат-хабар алмасу жүзеге асырылды. Қазақстанның өкілдері Ұйымның және оның құрылымдық бөлімшелерінің сессияларына, атап айтқанда Ислам Даму банкінің экономикалық және сауда ынтымақтастығы жөніндегі тұрақты комиссиясының отырысына қонақтар ретінде қатысады.
Ислам Даму Банкімен ынтымақтастықтың перспективалық бағыттарының бірі ретінде оның Қазақстан мен осы банкке мүше елдердің арасында экспорттық және импорттық операцияларды қаржыландыруға қатысуы аталды.
Діндер мен мәдениеттерді жақындастыру жөніндегі Қазақстан Президентінің бастамалары ИКҰ тарапынан толық қолдау тауып отыр. Бұл туралы Қазақстанның 2010 жылы ЕҚЫҰ-ға және 2011 жылы ИКҰ-ға төрағалық етуін жоғары бағалаған осы ұйымның Бас хатшысы Э. Ихсаноғлы мәлімдеді.
Достарыңызбен бөлісу: |