Ежелгі кезең Қазақстанның ерте темір дәуірі тайпалары жайлы жазба деректер тарихнама


Қазақстанда азамат соғысының басталуы және оның себептері туралы баяндаңыз



бет94/151
Дата22.08.2023
өлшемі4,62 Mb.
#105484
1   ...   90   91   92   93   94   95   96   97   ...   151
Байланысты:
Тарих дайындық материалдар

Қазақстанда азамат соғысының басталуы және оның себептері туралы баяндаңыз.

ХХ ғacырдың aлғaшқы ширeгі әлeмдeгі бaрлық отaрлық eзгінің құрбaны болып отырғaн eлдeрдің тәуeлcіздіккe, aзaттыққa ұмтылғaн тaрихи кeзeңі eді. 1917 жылғы Қaзaн төңкeріcінeн кeйінгі Рeceй тeрриторияcындaғы caяcи aхуaл тым күрдeлeнe түcті. Ceбeбі Уaқытшa үкімeтті тaрaту aрқылы большeвиктeрдің билікті зaңcыз тaртып aлуы бeлгілі топтaрдың aшық нaрaзылығын тудырды. Жaлпы aлғaндa, оcы жaғдaяттaрдың өзі aзaмaт cоғыcының бacтaлу ceбeптeрінің бacтыcы Кeңec өкімeтінің жүргізгeн ішкі caяcaтындa eкeндігін aңғaртaды.
Азамат соғысы үкімет үшін күрестің жалғасы болды, сол себепті де революция мен азамат соғысы арасында ешбір дәл шекара болған емес.
Кеңес үкіметінің белсенді әрекеттеріне қарамастан, Қазақстанда азамат соғысының ошақтары өте тез пайда болды: 1917 ж. қарашаның аяғында Орынборда атаман Дутовтың басшылығымен ақ гвардия әскері Орынбордағы Кеңес күштерін шегіндіріп, билікті басып алды. Сол айда Жетісу казак әскері кеңесінің «әскери үкіметі» және революцияға қарсы ошақ Оралда да құрылды. Олар да кеңестер үкіметін басып алды. Бұл үш үкімет ақ гвардия офицерлеріне, ауыл-село ауқатты шаруаларына және Алашордалықтарға сүйенді.
1918 жылы азамат соғысы өршіп, кең етек алды. Шығыс майданы Қазақстанның солтүстік батыс территориясын «ақтардан» азат етуде күресті. Жергілікті Ақтөбе майданы Ақтөбе қаласы төңірегін «ақтардан» азат етті. Ал Қазақстанның оңтүстігінде Жетісу майданы құрылды. «Түркістан» майданы Қазақстанның солтүстік батысын «ақтардан» азат етуге бағытталды.
Қазақ мемлекеттілігін құруды көксеген Алаш зиялыларының Азамат соғысы жылдарындағы іс-әрекеті де сәтсіз аяқталды. Ақгвардиялықтарға алашордалықтар тарапынан көрсетілген көмек пен қолдауға қарамастан, алашордалықтардың өз билігін орнату мақсатындағы әрекетіне Сібір, Орынбор және Орал қалаларындағы «ақтар» үкіметтері қолдау көрсетпеді. Ақырында Қазревкомның 1920 ж. 5-наурызындағы қаулысына сәйкес Алашорда таратылды.
Азамат соғысының қиын да күрделі жағдайы Қазревкомның төтенше жағдайда жұмыс істеуін талап етті. Қазревком әрекет-қимылда жүрген армияны азық-түлікпен жабдықтау, астықты және басқа тамақ өнімдерін шешу мақсатында «соғыс коммунизм» саясатын жүргізілді. Бұл саясаттың мәні - өнеркәсіпті жаппай национализациялау, басшылықты орталықтандыру, тіршілік үшін маңызды тауарлардың бәрін бөлу, азық-түлік салғыртын, карточкалық жабдықтау жүйесін, жалпыға бірдей еңбек міндеткерлігін, еңбекке бір мөлшерде ақы төлеуді енгізу, тауар-ақша қатынастарын жою болды. Осының ішінде еңбекші халыққа, әсіресе, шаруаларға ауыр тигені азық-түлік салғырты болды. Кеңес үкіметі қала халқын және соғысып жатқан әскерді азық-түлікпен қамтамасыз ету үшін астық өнімдерін, мал-мүліктерін қаруланған азық-түлік отрядтарын жіберіп, халықтан күшпен тартып алып отырды. Бұл төтенше шаралар қазақ даласында аштықтың етек алуына әкелді. Сонымен қатар, «әскери коммунизм» саясаты өлкеде жергілікті бюджеттерді жоюдан, оларды біріңғай мемлекеттік бюджетке қосудан, біртұтас қазына құрудан, ұсақ және майда өнеркәсіпті мемлекет меншігіне алудан көрінді.
«Әскери коммунизм» саясаты Ресей империясының басқа да халықтары секілді Қазақстан тұрғындарын да әлеуметтік-саяси және рухани дағдарыспен бірге келетін шаруашылық апатына ұшыратты. 1918-1920 жж. ішінде Қазақстанда 75 пайыз шаруашылық қуаты жойылды. Бөкей губерниясында, Орал, Семей губернияларында, Ақтөбе, Орынбор қалаларында ашаршылық орын алды. 2 млн. 300 мыңнан аса адам ашаршылыққа душар болса, оның 1 млн-ға жуығы ашаршылықтан көз жұмды. Өскемен, Павлодар, Семей, Петропавл, Қостанай, Көкшетау, Ақмола, Атырау, Орал, Шымкент уездерінде кеңестер үкіметіне қарсы қарулы көтерілістер орын алды. Көтеріліске қатысқаны үшін мыңдаған адам тұтқындалса, 932-сі сотқа тартылды.




  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   90   91   92   93   94   95   96   97   ...   151




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет