Ежелгі кезең Қазақстанның ерте темір дәуірі тайпалары жайлы жазба деректер тарихнама


ж. ашаршылық: себептері мен салдарын талдап көрсетіңіз



бет97/151
Дата22.08.2023
өлшемі4,62 Mb.
#105484
1   ...   93   94   95   96   97   98   99   100   ...   151
Байланысты:
Тарих дайындық материалдар

1921 ж. ашаршылық: себептері мен салдарын талдап көрсетіңіз.

ХХ ғасырдың 20-жж. басындағы республикадағы ашаршылық зардабы қазақ халқына оңай тиген жоқ. Қазақ Орталық статистикалық Басқармасы ҚКСР далалық өлкесіндегі ашаршылықтың болуының себебін 1918-1919 жылдардағы Азамат соғысынан кейінгі шаруашылықтың күйреуі, бандитшілдіктің шығуынан деп тужырымдады. Архив құжаттарына сүйенсек, 1921 жылы қардың аз болып, көктемде топырақтың ылғалы төмендеп, жаңбыр жаумай, мамыр айында астық пен шөп белгілі мөлшерде шықпаған. Сонымен қатар қыстан әзер аман шыққан арық малдардың қырылуы қаупі төнген. Құрғақшылықпен қатар егістік, шабындық жерлерге шегіртке мен саршұнақ және тағы басқа зиянды жәндіктердің қаптап кетуі бар астық пен шөптен айырды.
Ашаршылықтың неден басталғандығын, республика қанша мөлшерде шығынға батқандығы жайында есептер жоғарғы орынға үздіксіз түсіп, ашаршылықпен күресудің жолдары жөнінде ұсыныстар айтыла бастады. Мәселен, Н.И. Мардаровский Қазақстандағы 1921-1922 жылдағы ашаршылықтың шығуының басты себебі қуаңшылықта дей, Қазақстандағы 8 губернияның 6-ын (Семей мен Ақмоланы қоспағанда) ашаршылық жайлап отырғандығын келтіре отырып, бұл жерлерде 1921ж. желтоқсанына дейін 16 91423 адам ашыққандығын, 1922 ж. 1-маусымнан 1 қыркүйек аралығында ашыққандардың саны екі миллионға жетуі мүмкіндігін айтып, ашыққандарды тамақтандыру үшін көмек ретінде 9 млн. пұт астық керек деген болжам жасады.
Қазақстан Орталық Атқару комитетінің төрағасы С.Мендешев ҚКСР-ны жайлаған ашаршылықтың себебін «18-20 жылдары Қырғыз (Қазақ) республикасын шарпыған Азамат соғысы, 20-жылғы қуаңшылықтың нәтижесінде астық пен шөптің шықпай қалуы, 20-21 жж. «жұттың» нәтижесінен малдың қырылуынан» деп келтірді.
Ағылшын ғалымы Эдвард Каррдың пікірінше, 1921-1922 жылдардағы аштық 1891-1892 жылдағы аштықтан да асып түскен. Ғалым Т.О. Омарбеков Қазақстандағы бұл ашаршылықтың шығуына ауа-райының қолайсыздығы емес, Азамат соғысынан кейінгі шаруашылықтың күйзелуінен, яғни большевиктердің біржақты саясат жүргізуінен деп тұжырымдады.
1921 жылы болған ашаршылықтың қазақ шаруашылығын тұралатып тастағандығын И.Б. Аристов «Құрғақшылық пен жұтқа қарсы» деген кітабында: «1921 жылы Ресейдің түстік шығыс ауданында және біздің Қазақстанда болған қатты ашаршылықтың артына тастап кеткен ауыр салмақтарын қорытып барып, Кеңес үкіметі мынадай пікірге келген: одақ жерінің қай ауданында болса да, құрғақшылық ауыл халқының шаруашылығын түбінен қопарып жығып тастап, егін-шөбі шықпай қалған губернялардың күн көріп отырған кәсібін ойран қылып бұзып кетті. Және сонымен қабат құрғақшылық салдарынан елдердің ішіп-жеуіне азық-түлік, егуіне тұқым астық сияқты қажет нәрселерді алып беріп, ашаршылықтың салып кеткен жараларын емдеу үшін мемлекет қазынасынан да қаншама шығын шығады»,- деп келтірді. Қазақ жерінде ашаршылық нышаны біле басталған тұста ұлт зиялысы М. Әуезов аштықтың келе жатқандығын айқын айтып, бұл ауыр алапатқа жол бермеу үшін егін салуға қамданып, кірісу керектігін ескерткен еді.
Сол кездің өзінде ашаршылықтың шығуын А. Асылбеков «Қызыл Қазақстан» журналында былайша келтірді: «… биылғы жазғы құрғақшылық болып еді, егін, шөп шықпай қалмағанда да жұрттың көбі аштыққа ұшырамаған болар еді. Бұл шарушылықтың бұзылған қиындығының тұрмыстың ауырлығының үстіне биыл жаз жұрттың мал бағатын жайлауларында шөп шықпады. Қысқы жұттың зардабына құрғақшылық қосылып, халық зор аштықтың апатына ұшырады». Сөйтіп, ашаршылықтың шығу себебін, «біріншіден, халық шаруасының күйзелуң, екіншіден, егін-шөптің шықпай қалуынан» деп топшылады.
1921-1922 жж. аштық Қазақстаннын Орынбор, Ақтөбе, Орал, Қостанай, Бөкей губерниялары мен Адай уезінде шарпып, халықтың үштен бір бөлігі қырғынға ұшырап, ашыққандар тамақ іздеп шет жаққа қарай босты. Бұл турада С.Сейфуллин «…от арба адамға тола. Әр вагонның ішінде һәм есіктерінің алдарында, басқыштарында аяқ басар жер жоқ. Бұл адамдардың дені аштар. ...Мойындарында, арқаларында асынған шоқпыт-шоқпыт дорбалары бар. Бұлар аштықтан босып шұбағандар. Көбі қазақ, башқұрт, сақалды, ұлғайған адамдар,жігіттер, 12-13 жастағы балалар,қыздар, қатындар. Бәрі бұралған,аш. Бұлар жанталасып сенделеуде. Қазіргі халдерінің өң екенін түс екенін білмейді. Бұлар естерінен айырылған»,-деп жазды. Сонымен алғашқы жылдың өзінде республиканың 5 губерниясындағы 1 048 100 жер аштық құрсағында қалып, ондағы 2 653 340 адам ашықты. Осы өңірдегі егіншіліктен 36 127 477 пұт астық жинап алынған. Дегенмен бұл астық аштыұты ауыздықтауға мүлдем жетпеді. Бүкілодақтық Орталық Атқару комитетінің үндеуі жарияланып, аштықпен күресуге белсене кірісуге өзара көмек беруге шақырды. 1921 жылдаң 21 шілдесінде БОАК-тің шешімімен Бүкілресейлік ашыққандарға көмек комитетін құрып, оның төрағасы болып Мәскеу қалалық төрағасы Л.Б. Каменев бекітілген еді. Алайда В. Лениннің талап етуімен комитет таратылып, оның орнына Ашыққандарға көмек көрсететін Орталық комиссиясы құрылып, төрағалығы М.И. Калининге жүктетілді. Аштықтың азабынан Қазақстанмен шекаралас Қытайға қарай өткен қазақтар одан әрі ішкерілей Моңғолия, Түркия, Ауған елдеріне шұбырды. Еділ жағасындағы жерлерде, нақтылай айтқанда Екатеринбург, Пермь, Пенза губерниялары мен Дон облыстары және Украинаның бірнеше аудандарындағы халық зор аштық апатына ұшырады.
Қазақтар өзі аштық тырнағына ілігіп, губерния-губернияларды кезіп кеткен кезде ВОлга бойындағы ашыққан шарулар керісінше Орынбор мен Түркістанға қарай жосыда. Бұл жайт тапшылыққа ұшырап отырған Қазақ республикасының жағдайын одан сайын ауырлата түсті.
Түркістан Республикасы Орталық Атқару комитетінің органы болған «Известия» газетінің әр санында Түркістан АКСР-нде малға деген жем-шөптің жоқтығынан малдардық жаппай қырылып, аштықтың республиканы жайлап бара жатқандығы жайында ақпарлар жиі басыла бастады. Мәселен, 4 шілдедегі (№144) Түркістан уезінің Тұрсын болысында мал азығының болмауынан 15 000 бас жылқының өлгендігі, шілдедегі санында (№146) республикада 7 маусымнан 2 шілде аралығында 118 адам тырысқақпен ауырып, оның 32-і қайтыс болғандығы жөнінде мәлімет берілсе, ал 13 шілдедеші нөмірінде тез арада аштарға арналған тамақтандыру пункттерін, әсіресе аштықтан босып жүрген балаларға арналған қабылдау пункттерін Ташкентте ұйымдастыру қажеттігін көтерген хабарлама жарияланды.
Аштықтан жүре алмай қалғандар жол бойында сұлап жатты. Әлсіздердің арасына сүзек, оба, тырысқақ, қырқұлақ, безгек сияқты жұқпалы аурулар тез тарап, өлім көбейді. Ашыққандарға көмек бірден берілмеді.
1921 жылы аштыққа ұшыраған территориядаға 58 уезінде Адай уезін қоспағанда 1127 шаруашылықта 3 870 000 десятина егістік жері болды. 1920 жылғы санақ мәліметтеріне сүйенсек, ашыққан өлкеде 4 517 652 адам тұрған. Бұл санға 240 000 адамы бар Адай уезі енбей қалды.
Архив деректеріне сүйенсек, 1921-1922 жылдары аралығында Қазақ республикасында 2 127 435 адам аштық тырнағына іліккен. Орынбор губерниясында-498 051 адам, Ақтөбе губерниясында-284 580, Қостанай губерниясында0 Оның ішінде Торғай уезінде – 408 106, Оралда – 383 963, Бөкейде – 66 230 , Ақмола губерниясында – 472 000, Семей губерниясында – 14 505 адам ашыққан.
1921 жылғы аптап ыстық пен шегірткенің қаптауы егістік пен шөпті толықтай жойды. 1924 жылғы Қырғыз облыстық комитетінің қаңтар пленуымында атап көрсетілгендей, сол жылдардан кейін Қазақстандағы шаруалар қожалықтары 857 480-нен 600 683-ке қысқарған. Сөйтіп, егіс көлемі үш есеге, ал астық жинау бес есеге азайған.
Қазақ Республикасының басына келген аштықты тек астықпен құтқара алмайтындығы айдан анық еді. Өйткені қазақтардың тек мал өнімдерімен ғана өмір сүріп жатқан болатын. Дегенмен, 1917 жылы қос төңкерістен кейін жерлердің мемлекет меншігіне айналуы мал үшін қажетті өрісті азайтып, бар малынан айырылған кедей шаруаларды отырықшы өмірге көшуге мәжбүр етті.А. Асылбековтың көрсетуінше, 1921-1922 жж. республика халқының 484 000-ы егіншілікпен, 211 000-ы мал шаруашылығымен, 185 000-і екі шаруашылықпен де айналысқан.
Қазақстанның өзі ашаршылық зардабын тартып, халықты аман сақтап қалу жолын іздеумен аласұрып жатқанда, Мәскеудегі жоғарғы билік шикізат көзін елдің қажетіне жаратпай, Ресейге әкетіп жатты. Әмзе Нақымжан «Қызыл Қазақстан» журалына жариялаған мақаласында: «Бұл күнде қазақ халқының көбі аштықтан, жалаңаштықтан, не түрлі аурудан қырылып жатыр»,-деп қынжыла жаза келе, бұл кесапаттан құтылу үшін ешқандай шаралардың жүргізіліп жатпағандығын, қазақ жұртының өз байлығы аузынан қағылып, далаға кетіп жатқандығын айтып, қазақтар өзінде шығатын шикізаттарын пайдасына жұмсау керектігін көтереді. Өкініштісі сол, бұл дабылға ешкім де құлақ аспады.Архив құжаттарына сүйенсек, Орынбор, Қостанай, Орал, Ақтөбе губерниялары мен Бөкейдегі ашыққандардың саны түрліше беріледі. Төмендегі кестеден осы аталған губерниялардың ашыққандары жөнінде статистикалық басқарманың берген және жергілікті жерлерден келген мәліметтерді салыстырайық. Былай болуының себебі, уезд, болыстардағы жергілікті әкімшіліктің күнделікті болып жатқан жағдайларға анық мәлімет бере алмауы болды. Азық-түлік саясаты әскери революциялық әдістерді қолдану арқылы күштеп жүргізілді. Мысалы : Павлодар азық-түлік басқармасы упродком трибуналдың көмегімен шамамен 160-қа дейін тұнқындау мен 70-80 тәркілеуді іске асырған. Сол кездегі аөпарға қарағанда Бөкей губерниясы да азамат соғысы жылдарында қызыл әскер бөлімдері мен азық-түлік отрядтары тарапынан ойранға ұшыраған.
1921 жылы өлкедегі астықтың жалпы түсімі соғысқа дейінгі кезеңмен салыстырғанда 3 есеге төмендеді. Түркістан республикасына қарайтын оңтүстік аудандарда азық-түлік жағдайы мүлде қиындады. Түркістанға Сібірден, Солтүстік Кавказдан, Ресейден тасылатын астық соғыс жүйесіз жұмыс кесірінен мүлдем доғарылды. Өлкенің өз ішінде астық даярлау ісін тәртіпке келтіру мақсатында атқарылған шаралар нәтижесіз аяқталды.
Кеңес үкіметінің осындай солақай саясатының нәтижесінде Республиканы сұрапыл аштық жайылады. 1921 жылдың күзіне қарай Қазақ АКСР-ына қарайтын жеті губернияның ішіндегі Түркістан АКСР-ына қараған Сырдария және Жетісу губернияларын қоспағанда бесеуінің: Орынбор, Қостанай, Ақтөбе, Орал, Бөкей губерниялары мен ол кезде дербес басқарылатын Адай уезінің тұрғындары аштыққа ұшырады. Аштық 1.558.927 адам мекендеген 1.048.100 шаршы шақырым территорияны қамтыды. Күн көрудің барлық көзінен айырылған халық аштан қырыла бастады. Көшепенділер арасында өлім ересек тұрғындардың 30 пайызын қамтыса, соның ішінде Қостанай губерниясында кей күндері аштыққа ұшырағандар мен аурулардың 75 пайызға жуығы өлген. Осыған орай, Бөкей губерниясы Тарғын бөліміндегі Кеңестердің уездік Атқару комитетінің төрағасы болған Х.Д. Чурин өз естелігінде былай деп жазды : 1921-1922 жылдары қыста уезд орталығы болған поселкенің көшпелерінен кей күндері ертеңгі сағат 5 пен 6-ның кезінде аштықтан өліп қалған ондаған адамның денелерін жинап алып жүрдік.
1921 жылғы 1 желтоқсандағы мәлімет бойынша панасыз қалып, аштыққа ұшыраған балалар саны Қазақ АКСР-ы бойынша 128.000 болса, сол жылдың аяғында бұл көрсеткіш 158.000-ға, ал 1922 жылдың 1 наурызында 408,022 ге жеткен. Әулиеата уезінде халықтың қатты қырылғандығы соншалық, адам саны азайғандықтан бұрынғы бірнеше болыстарды біріктіріп, бір болыс ұйымдастыруға тура келген. «Әулиеатада шіри бастаған өліктерді жинап алуға мұрша жоқ»,- делінген Түркікатком атына жолданған жеделхаттардың бірінде. Ал енді ҚазАКСР-дың әлеуметтік қамсыздандыру халық комиссариятының берген мәліметінде 1921 жылы мамыр: Ақмола уезінің шаруашылығы толық күйреуде. Қазақ халқы тек ашығып қана жатқан жоқ, шетінен қырылып жатыр және кейінгі уақытта Қытай территориясына мүлде қоныс аударуда, енді олардың кері қайратулары екіталай»-делінген. 1920 жылы 20 сәуірде Ақмола упрокомыеың атына мынадай мазмұнда хат келген « Шу мен Ақтау болыстары қырғыздарының жағдайы өте нашар, қыста тақыршылық салдарынан мал қырылды. 300-500 малы болған шаруалардың қолында тек 100 басқа дейін ғана малы қалды. Қырғыз халқы көмекке мұқтаж. Халықтың бір бөлігі сүзек пен аштықтан қырылып қалды. Қазақтар саны 165 мыңнан 100 мыңға дейін кеміген.




  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   93   94   95   96   97   98   99   100   ...   151




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет