Қазақ жеріндегі қола дәуірі мәдениеттерінің басталуы мен дамуын Ә.Марғұлан негізгі үш кезеңге бөледі.
Алғашқы кезеңі – ортаңғы
Соңғы кезеңі – Беғазы-Дәндібай мәдениеті
Өркендеп дамыған кезеңі – Нұра және Атасу сатылары
Шаруашылығы Андроновтықтарда, негізінен, отырықшы шаруашылық басым болған. Бұл әрине, егін шаруашылығының дамығанын көрсетеді. Жер тесемен өнделгендіктен, сол кездегі, егіншілік Андронов тайпаларында «теселі егіншілік» деп аталған. Көбінесе бидай, тары өсіріген: бақшалық шаруашылықта дамыған.
Қола дәуірінде Қазақстанды мекендеген тайпалар қыш ыдыстар жасаған. Бұл көбінесе әйелдер ісі болған. Мұндай ыдыстарды жасағанда негізгі шикізат ретінде балшықты пайдаланған.
Андроновтықтар жылқы, сиыр, қой, ешкі, кейіннен түйе өсірген: жануарлардың терісі мен жүнін киім ретінде, еті мен сүтін тамақ ретінде және қосымша жануарларды көлік, күш ретінде пайдаланған.
Қоғамдық қатынастар
Шаруашылықтың дамуындағы өзгерістер андроновтықтарда қоғамдық үйымдағы өзгерістерге жеткізді. Әлеуметтік жіне әскери саяси құрылымдарда рулық – тайпалық бөлімшілер пайда болды.
Еркек-көсем, еркек–жауынгер, қоғамда, материалдық игіліктерді өндіруге үстем дәреже алды; ол рулық қауымнның басшысы болды, туыстық әке жағынан есептеле бастады. Әр рудың өз аты болды. Мал, үй мүліктері, еңбек құралдары рудың байлығы болып есептелді. Жеке меншік пайда болды. Осыдан мүлік теңсіздігі күшейіп, бай мен кедей ұғымы дүниеге келді.
Дін және өнер
Андроновтықтар арасында өлгендерге табыну да күшті болған, сондықтан жерлеу ғұрпына ерекше мән берілген:
1. Адамдарды жерлегенде басын батысқа немесе оңтүстік-батысқа қаратқан.
Андроновтықтар үй салғанда құрбандық шалған. Отбасы үшін өте қасиетті саналған ошақты андроновтықтар қатты құрметтеген. Тасқа салынған сүреттер Таңбалы, Ешкі-өлмес, Маймақ, Бөкентау, Жасбай, Хантау, Бұланты, Айтпан т.с.с жерлерден табылған.