Мастаба
Фараон Шепсескафтың мастабасы
Мастаба (арабша) немесе пер-джет
(египет тілінде) (мәңгілік үй) –
Ерте және Ежелгі патшалық тұсындағы
Ежелгі Мырдағы қабір басы ескерткіші.
Жерасты жерлеу камералары мен
қабырғалары рельефтермен безендірілген
бірнеше ішкі бөлмелерден тұратын жайпақ
төбелі пирамидалар.
Ал, Джосер пирамидасының архитекторы өзінің фараоны үшін жерлеу құрылысының жаңа формасын ойлап табады. Ол жоғарылаған сайын кішірейе беретін алты баспалдақтан тұратын пирамда формасында шешім тапты. Іргетасында тіктөртбұрышты негізге қойылған бұл әдіс мастаба үстіне қойылған мастаба секілді көрініс тапты. Нәтижесінде биіктігі 60 м болатын алып пирамида құрылысы пайда болды. Бұл фараонның көкке көтерілетін баспалдағын символдық белгісіне айналған еді. Пирамида Джосер перғауынның жерлеу кешенінің орталық бөлігін құрайды. Кешенді биіктігі 10 м болатын алып қорған қоршап тұрды. Мысыр тарихындағы алғашқы пирамида саналатын Джосердің жерлеу кешенінде фараондардың өздерін мәңгіге сақтау және о дүние өмірін қамтамасыз ету, жер бетіндегі уақытша әрі сенімсіз тіршілікке қарағанда о дүниелік мәңгілік өмірге деген сенімді нығайту идеялары жүзеге асады. - Ал, Джосер пирамидасының архитекторы өзінің фараоны үшін жерлеу құрылысының жаңа формасын ойлап табады. Ол жоғарылаған сайын кішірейе беретін алты баспалдақтан тұратын пирамда формасында шешім тапты. Іргетасында тіктөртбұрышты негізге қойылған бұл әдіс мастаба үстіне қойылған мастаба секілді көрініс тапты. Нәтижесінде биіктігі 60 м болатын алып пирамида құрылысы пайда болды. Бұл фараонның көкке көтерілетін баспалдағын символдық белгісіне айналған еді. Пирамида Джосер перғауынның жерлеу кешенінің орталық бөлігін құрайды. Кешенді биіктігі 10 м болатын алып қорған қоршап тұрды. Мысыр тарихындағы алғашқы пирамида саналатын Джосердің жерлеу кешенінде фараондардың өздерін мәңгіге сақтау және о дүние өмірін қамтамасыз ету, жер бетіндегі уақытша әрі сенімсіз тіршілікке қарағанда о дүниелік мәңгілік өмірге деген сенімді нығайту идеялары жүзеге асады.
Достарыңызбен бөлісу: |