Фараон Нармер тақтасы. Шифер. I династия. Б.з.д. 4 мыңжылдық. Каир мұражайы. 1897-1898 жылдары британ археологтары Джеймс Кьюбел мен Фредерик Грин династиялыққа дейінгі ежелгі Мысыр астанасы Иераконпольден (Зиранаконполис, Хиранаконполис) басқа артефакттермен бірге тапқан.
Алдыңғы беті.
Артқы беті.
63 см
42 см
2,5 см
Жоғарғы жағы бірдей
безендірілген
“Нармер” есімі жазылған иероглиф
Аспан құдайы- Хатхор
Бұғауланған серпопардтар (ұзын мойынды арыстандар) Жоғарғы және Төменгі Мысырды күшпен біріктіру
Төменгі Мысырдың “қызыл тәжін” киген фараон басы алынған жауларына алты нөкерімен билігін ұлықтап шеру құрып барады.
Жау қабырғасын бұзып жатқан бұқа жеңімпаз фараонның символы
Жоғарғы Мысырдың “ақ тәжін” киіп бейнеленген фараон биліктің, жеңістің символы ретінде үлкен етіп сомдалған.
Тұтқынның басы жер иероглифтік белгісінен шығып түр. Құс папирус бұтағының үстінде тұр. Ол мыңдық деген ұғымды білдіреді.
Қыран құс – 6000 тұтқынды жаулап алған жеңімпаз патшаның белгісі
Қашып бара жатқан тұтқындар өлген тұтқындарды білдіреді
Достарыңызбен бөлісу: |