Ежелгі Мысыр өнері



бет8/21
Дата04.03.2022
өлшемі6,08 Mb.
#27041
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   21
Байланысты:
2- дәріс. презентация

Мысырдың діни ғұрыптары

  • Мысырлықтардың ең басты құрыптары ежелгі замандардан тамыр тартқан жерлеу культімен байланысты болып, ол үнемі даму үстінде сұраныста болды. Мысырлықтар үшін о дүние соншалықты қорқынышты әрі үрейлі болған жоқ. Өздерінің о дүниелік өмірін олар жер бетіндегідей ұйымдастырып, алдын ала дайындауға қауқарлымыз деп есептеді. Ал қабірхананы олар жаңа үй ретінде қабылдап, оның ішіне тамақ, киім, қару-жарақ пен асыл заттарын жинауға тырысты. Осындай қабірханалардан табылған заттар мен қабырға суреттері кейінгі ғалымдарға мысырлықтардың наным-сенімі мен өмір сүру тәртібінен, әлеуметтік жағдайы мен қоғамдағы рөлінен көп хабар берді. О дүниелік өмірдің бар екеніне және оның міндетті түрде жалғасатынына деген сенім мысырлықтарды мүрдені мумификациялау ғұрыпына алып келді. Өйткені о дүниелік сапарға мүрде бұзылмаған, шірімеген күйі жету үшін оның ұзақ уақытқа сақталуын мумиялау арқылы қамтамасыз етіп отырды. Осы сақтықты арттыру үшін қабірханалардың едендері ең мықты материал гранит тасынан жасалатын.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   21




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет