Джосер пирамидасы. Б.з.д. 2800 ж. Сәулетшісі Имхотеп. Саккара.
62 м
28 м Фараон
30 м Фараон отбасы
Төртінші династия фараондарының тұсында пирамидалар өздерінің ең жоғарғы шыңына жетеді. Нақты осы алып, монументалды құрылыстар Мысырдың кейінгі тарихында оның ең танымды бейнесі мен символына айналады. Оларды “әлемнің жеті кереметінің бірі” санайды. Гиза некрополінде бой көтерген Хеопс, Хефрен және Микерен пирамидаларыМысырдың ең басты құдайы Рa-ға теіестірілген перғауындар мен мемлекеттің шексіз билігінің символына айналғандай. Енді құдай культі мен фараон культі бір ғана тұлғаның бойында көрініс табады. Бұл пирамидалардың астында Мсырылық патшалардың үш буыны – әкесі, баласы және немересі жерленген болатын. Солардың ішіндегі ең қуатты әрі үлкені –Хеопсқа арналған пирамида.
Төртінші династия фараондарының тұсында пирамидалар өздерінің ең жоғарғы шыңына жетеді. Нақты осы алып, монументалды құрылыстар Мысырдың кейінгі тарихында оның ең танымды бейнесі мен символына айналады. Оларды “әлемнің жеті кереметінің бірі” санайды. Гиза некрополінде бой көтерген Хеопс, Хефрен және Микерен пирамидалары Мысырдың ең басты құдайы Рa-ға теіестірілген перғауындар мен мемлекеттің шексіз билігінің символына айналғандай. Енді құдай культі мен фараон культі бір ғана тұлғаның бойында көрініс табады. Бұл пирамидалардың астында Мсырылық патшалардың үш буыны – әкесі, баласы және немересі жерленген болатын. Солардың ішіндегі ең қуатты әрі үлкені –Хеопсқа арналған пирамида.
Танымал египтолог А.Бонджоанни Хеопс туралы екі пікірді ұсынады. Олардың бірі ежелгі Грек деректемелерінен алынып, оларда перғауынды жауыз әрі қатыгез басшы ретінде көрсетеді. Ал екінші деректерде патша билігі нығайтып, әкімшілік билікті қалыпқа келтірген, абыздар мен ғибадатханалардың үстемдігін шектеп, елдің көршілермен қарым-қатынасын бейбіт жағдайға жеткізген реформатор фараон ретінде баяндалады.