Мысырдың ең алғашқы астанасы Мемфистің маңында, Нілдің батыс жағалауындағы күн бататын шөл далада Саккара атты алқап орналасқан. Бірінші династиядан бастап-ақ бұл жерде фараондар мен ақсүйек мысырлықтарға арналған алып некропольдар салына бастайды (территория – ұзындығы 6 км, ені 1,5 км).

Дәл осы жерде қасиетті жанарларға арналған зираттар да орналасқан еді. Фараондар мен оның жақындарын жер асты камераларында жерлейтін. Оның үстіне мастаба салынатын. Мұндай камералар сыртқы пішінінде ежелгі мысырлықтардың тұрғын жайларына ұқсайтын.