Ежелгі Үнді философиясы орындаған тфп010 группа



бет8/8
Дата18.05.2023
өлшемі0,63 Mb.
#94472
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
Үнді философиясы тфп010

Негізін қалаушы. Үнділік мамандар Чарвака ілімінің негізін қалаушы ретінде әйгілі дана Брихаспатиді атайды. Чарвака Үнді философиясында жалғыз материалисттік мектеп.
  • Философиялық көзқарастары. Танымның сенімді көзі- тікелей,сезімдік қабылдау. Танымның тікелей емес жолдарының барлығы сенімсіз және адастырушылыққа тірейді. Біздің сезімді қабылдауға негізделген тәжірибеміз бір ғана дүниенің материалды және тәндік дүниенің бар екенін дәлелдейді. Құдайды, құдайларды сезім мүшелері арқылы қабылдау мүмкін емес, сондықтан оның бар екендігін айту негізсіз.
  • Онтологиясы. Барлық объектілер төрт элементтен: от, ауа, су, жерден тұрады. Адам санасы материяның жемісі. Материяның элементтері санаға ие емес және олар құрайтын көптеген объектілерде де сана жоқ, сана тәнсіз немесе тәннен тыс тіршілік ете алмайды, сондықтан тән өлімінен кейін сана жойылып, қуанышты не қайғыны сезінетін ештене қалмайды.
  • Этикасы. Ақылды адам осы дүниелік өмірде барынша рахаттанып, азап-қайғыдан арылуға ұмтылуға тиіс. Демек рахат күйге апаратын әрекеттің барлығы жақсы. Қайғы әкелетін нәрселер – жаман. Ал рахат күйге жеткізетін басты құрал –байлық,сондықтан оған ұмтылу қажет. Чарвака мектебінің кейбір өкілдері басты рахат күйлер тізіміне тамақты, ішімдікті, жыныстық ләззатты, молшылықты атаса, кейбірі рахат күйдің ізгі, нәзік түрлерін (өнерді) жатқызды.
  • Тыңдағандарыңызға көп рахмет!


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет