Ежелгі Қосөзен елдері



бет12/16
Дата14.09.2023
өлшемі4,43 Mb.
#107929
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16
Байланысты:
ДЖТ 6 сыынп

Римдіктер арасынан ірі жерлері бар, шаруашылығында көптеген құлдарды ұстайтын ақсүйектер шықты. Халықтың ең жоғарғы тобын – аристократтар құрады. Олар өзінің шығу тегі жағынан бұрыннан ауқаттылардың қатарына жататын ежелгі ұрпақ, ата-бабасының даңқы шыққан адамдары болды. Қоғам олар туралы үнемі жоғары пікірде болып, мемлекеттің маңызды істерін сеніп тапсырды.

им тарихын үш кезеңге бөлеміз: патшалық кезең, Республикалық және империялық кезеңдер. Римнің алғашқы патшасы Ромул болды. Римдегі патшалық кезең б.з.д. 753-509 жылдарды қамтиды.

Римнің соңғы патшасы Тарквиний өте қатал, адамгершілігі төмен болды. Ашынған Римдіктер патшалық билікті жойып, патшаның өзін отбасымен елден қуады. Римді республика деп жариялады, ол - «жалпыхалықтық іс» деген сөз. Б.з.д. 509-27 жылдары Рим республикасы өмір сүрді. Бұл Рим тарихының екінші және ең ұзақ дәуірі болды.

Рим республикасында патрицийлердің ақсақалдары құрған кеңес-сенат Рим өмірінде ерекше орын алды. Оның мүшелерін сенаторлар деп атады. Олар осы қызметті өмір бойы атқарды. Сенат құрамы 300 адамнан құралды. Жоғарғы мемлекеттік деңгейге жетті. Сенаттың билігі үлкен болды. Сенатта қаражат, соғыс бітім, келісім мәселелері кеңінен қаралды.

Рим республикасында халық жиналысының 3 түрі болды: Курия- ру бірлестіктерінің жиыны, центуриат – патрицилер мен плебейлердің жиналысы, трибалар – халық жиналысының соңғысы. Атқарушы өкімет билігін жүргізушілерді магистраттар деп атады.

Сенатта қолдау тауып, Октавиан «Август» (қасиетті) деген атақ алып, Рим мемлекетін және оның бүкіл иеліктерін дара билей бастады. Ол Римде дара басқарушы император болды. Оның императорлық билігі б.з.д. 27 жылдың 13 қаңтарынан басталды. Осы күн Римде империалық дәуірдің басы болып есептелді.

Октавианның кезінде елді басқаруды приципат деп атады. Принципат басқару жүйесі б.з.д. II ғасырға дейін сақталды. Билік бір адамның қолында шоғырланды. Билік мұрагерлік жолмен берілді. Халық жиналыстары шақырылмады.

Б.з. 98-117 жылдары өмір сүрген Рим империясының императоры – Траянды римдіктер «ең жақсы император» деп атаған. Оның кезінде жалған шағым мен дарға асуға тыйым салынды. Рим бойынша тыңшыларды тұтқындап, біреудің ізіне түсуге тыйым салды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет