Ежелгі Қосөзен елдері



бет14/16
Дата14.09.2023
өлшемі4,43 Mb.
#107929
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16
Байланысты:
ДЖТ 6 сыынп

Б.з. I ғасырдың соңы - II ғасырдың басында Христосқа сиынатын әртүрлі қауымдар мен ұйымдар пайда болды. Христиан дінін негіздеген еврейлер болды. Алайда бұл дінді басқа ұлттар – гректер, сириялықтар, египеттіктер, римдіктер, галлдар қабылдай бастады.

Елдің ішкі әлеуметтік дағдарысын христиан діні тоқтатады деп сеніп, осы дінге ашық қолдау көрсеткен Константин император болды. Ол 313 жылы христиандық храмдар салуға ресми түрде рұқсат етті.

Римдегі алғашқы заңдар б.з.д. V ғасырда он екі мыс тақтаға жазылды, сондықтан оны «ХII кесте заңдары» деп атады. Бұл заңдар өз тұрмысы мен ақсүйектердің үстемдігіне наразылық білдірген плебейлерді тыныштандыру үшін жазылды. Әуелі бай патрицийлердің мүддесін қорғайтын 10 кесте жасалды. Кейін плебейлердің қысымынан соң, оған 2 кесте қосылды. Кесте жұрттың көз алдында тұруы үшін Форумға қойылды. Қалада тұратын әр адам 12 кесте заңдарын білуге міндетті болды.

Константин Босфор мойнағы жағасында қала салды. Қала Константинополь (қазіргі Стамбұл) деп аталды. Император Константин б.з. 337 жылы қайтыс болып, елде билік үшін талас басталды.

Империяның күші әлсіреп тұрған кезде, оның шекарасына «варварлар» кіре бастады. Олармен бірге ғұндар мен готтардың шабуылы да күшейді. 378 жылы Рим әскері готтармен шайқасты. Готтар империяға үлкен қауіп төндіре бастады.

395 жылы император Федосий қайтыс болғаннан кейін Рим империясын оның екі баласы ыдыратты. Ағайынды екеуі империяға қарасты жерлерді бөліп алды. Нәтижесінде шығыс және батыс аталған екі империя құрылды. Шығыстың құрамына Балқан түбегі, Египет және Азиядағы Рим иеліктері кірді. Батыста Италия, Еуропа мен Африканың батыс бөлігі қалды. Батыс Римнің жағдайы барған сайын ушығып, елде көтерілістер көбейді.

Ежелгі Оңтүстік және Шығыс Азия

Азияның оңтүстігіндегі үлкен түбек Үндістан деп аталады. Үндістанның солтүстік бөлігі өмір сүруге қолайлы. Биік тауы Гималайдан басталған екі ұлы өзен: Ганга мен Үнді. Үнді өзенінің жоғары арнасына бес өзен келіп қосылады. Сондықтан бұл аймақты Пенджаб «Бес өзен елі» деп атайды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет