Хаммурапи заңдарында қылмыс ұғымына нақты түсінік берілмеген. Олар мемлекеттік және діни деп жіктелмеген. Қылмыстық әрекеттерді жіктегенде олардың жеке адамға, мүлікке, отбасына қарсы бағытталған негізі үш түрі көрсетілген. Бұл заңда жеке адамға қарсы қылмыстар ішінде абайсызда істелген қылмыстар жөнінде айтылып қасақана кісі өлтіру туралы ештеңе айтылмаған. Мысалы, жалданып үй салған құрылысшының кінәсінен үйдің төбесі құлап, қожайынның баласы қаза тапса, құрылысшының баласы өлім жазасына тартылатын. Жазалау барысында талион принципі, яғни “қанға-қан",”жанға-жан" немесе келтірген зақымына сай сондай жаза қолданатын. Мәселен,заңның 200-бабында: “Біреудің тісін сындырған адамның да тісін бұзу керек" делінген. Заңда көрсетілген мүліктік қылмыстарға мал, құлдарды ұрлау жатты. Мұндай қылмыстар үшін қатаң жазалар мен үлкен мөлшерде айыппұл салынды. Ұрлықтан басқа тонау және құлдарды жасыру сияқты түрлері ерекшленді. Отбасы негізіне қарсы қылмыстар арасында әйелдің жеңіл жүрісіке салынуы, әке билігіне қарсы тұру жатты. Хаммурапи заңдарындағы көрсетілген негізгі жазаның мақсаты қылмыскерлерден как алу болып саналды. Негізі жазалар ретінде:1. Әртүрлі нұсқалардағы өлім жазасы – тірідей өртеу, суға тұншықтыру, қазыққа отырғызу; 2. Тән жазалары – қолды ,саусақтарды, тілді кесу;3. Айыппұл салу; 4. Қауымнан қуып жіберу.