Ежелгі Вавилонда сот ісін дін иелері жүргізген. Ал Хаммурапи билігі кезінде діни судьялар ақсүйектермен алмастырылды. Сонымен бірге храмдық соттар мен судьялар сақталды. Вавилонда сот қызметі әкімшіліктен бөлінбеді. Шакканум – облыс басшысы әрі тәртіпті сақтаушы судья қызметін атқарды. Рабианумға қауымдың басшысы болумен қатар сот қызметі қоса жүктелді. Сот процесі қылмыстық және азаматтық процесс деп жіктелмеген. Сот процесі айыпты дәлелдеу үшін ант беру, куәгерлердің айғақтары, жазбаша актілер айыпталушыны азаптау және оны сумен сынау әдістері қолданылды.