болған, яғни Қазақстан жеріндегі алғашқы адамдардың іздері осыдан 1 млн жыл бұрынғы уақытқа сәйкес. - Адамдар қарапайым еңбек құралдарын пайдалануды үйренген соң,
табиғатқа тәуелділігі азая бастады. Олар баспана жасауды, тамақ пісіруді
білмеді, олар
үңгірлерді паналады.
- Алғашқы адамдардың кәсібі: біріншісі
терімшілік – жер бетінде, ағаш,
бұта басындағы өсіп тұрған жеміс-жидектерді, жеуге жарамды тамырларды,
құс жұмыртқаларын қорек ету, екіншісі
аң аулау – олар негізінен
мамонттарды, бизондарды , маралдар мен жабайы жылқыларды, үңгір
аюларын аулады. Аңдарды үркітіп, жарға қарай қуатын, үріккен аңдар
қорқып, терең жарға құлады.
-Бірлесіп тамақ табу мен жабайы аңдардан қорғану үшін топтанып жүрді.
Ертедегі адамдардың мұндай ұжымы
адамдар тобыры деп аталды.
Алғашқы адамдар тобыры бір жерде тұрақтамаған, қорек іздеу үшін көшіп-
қонып жүрді. Тобырдың құрамы тұрақты болған жоқ, одан бөлінген адам
басқа тобырға қосылатын. Кейде жаңа тобырлар қалыптасатын. Бір тобырда
шамамен 20-30 адам топтасып жүрді.
- Ежелгі Палеолиттегі алғашқы адамдардың Қазақстан жеріндегі іздері:
-Жамбыл облысының Арыстанды өзені бойындағы, Қаратау маңындағы
Бөріқазған, Тәңірқазған, Шабақты тұрақтары. Бұл тұрақтарды 1950-1960
жылдары Хасан Алпысбаев ашқан.
Жалпы Жамбыл облысынан 5000-ға жуық тас құралы табылған. Олардың барлығы - қашау мен үшкір заттар. -А.Медоев Батыс Қазақстандағы, Шығыс және Орталық Қазақстандағы
тұрақтарды ашты.
-Сондай-ақ бұл кезеңге жататын тұрақтар:Маңғыстау түбегіндегі
Шақпақата, Қазақстанның Оңтүстігіндегі Қазаңғап т.б тұрақтар
-Бұл тұрақтардан табылған тас құралдар: жарғыш сынатас, бифас, пышақ,
қырғыштар, әртүрлі үшкіртастар.