1) Ерте Вавилон патшалығы (б.з.б 1894 – 1518);
2) Касситтер дәуірі (б.з.б 1518 – 1204);
3) Саяси құлдырау дәуірі (б.з.б 1204 – 626);
4) жаңа Вавилон патшалығы (б.з.б 626 – 538).
Месопотамияның оңтүстік бөлігінде біздің заманымыздан бұрынғы 2-мыңжылдықтың басында пайда болған бұл мемлекет өзінің басты қаласының атауымен аталды. Ол алғашында (б.з.б 24 – 22 ғасырлар) Аккад мемлекеті патшаларының, кейіннен Ур әулетінен шыққан патшалардың қол астына қарады. Біздің заманымыздан бұрынғы 1894 жылы аморит тайпасынан шыққан Сумуабум әулеті Вавилон патшалығының негізін қалады. Хаммурапи патша (б.з.б 1792 – 50) тұсында Вавилон нығайып, ірі мемлекетке айналды. Б.з.б 16 ғасырда елді касситтер жаулап алды. Касситтер дәуірінде сыртқы саясат айтарлықтай табысты болмады. Дегенмен, елдің шаруашылығы қайтадан өркендеп, жылқы өсіру жақсы дамыды. Касситтер әулеті құлағаннан кейін Навуходоносор І (б.з.б 1146 – 25) патша мен оның мұрагерлері тұсында Вавилон қайтадан күшейіп, Ассирия мен Эламды өзіне бағындырды. Бірақ кейіннен патшаның билігі әлсіреп, бөлініп шыққан Ассирия мен Эламның жасаған шабуылдары шаруашылықты мүлдем құлдыратып жіберді. Ассирия әскерлері қаланы екі рет қиратты, бірақ екі ретінде де Вавилон қалпына келтірілді. Б.з.б 626 жылы халдей тайпасынан шыққан Набопаласар Ассириядан бөлініп, өзін Вавилонның патшасымын деп жариялады. Ол мидиялықтармен одақтасып, Ассирия патшалығын талқандады да, территориясын бөліп алды. Сөйтіп, Жаңа Вавилон кезеңі басталды. Навуходоносор ІІ (б.з.б 604 – 562) патша тұсында көптеген аймақтар жаулап алынды. Осы кезде Вавилонның экономикасы да күшейіп, Алдыңғы Азиядағы негізгі сауда орталығына айналды.
|
Хамураппи тұсында Ел басқару ісі қатаң тәртіпте бір орталыққа бағынды және бүкіл жоғарғы билік заң шығарушы, орындаушы, сот және діни биліктің барлығы патшаның қолында жинақталды. Басқару ісінің әртүрлі тарауларына, атап айтқанда, қолдан суландыру ісін ұйымдастыруға патшаның өзі басшылық еткен. Атына жазылғаи әртүрлі даулы істер мен шағым арыздарды патшаның өзі қарады. Ел билеу ісінде патша күрделі және бір орталыққа бағынған төрешілдік аппаратқа сүйенді. Бір шенеуніктер орталық басқарманы, екінші біреулері патшаның наместниктері ретінде, мысалы, Сиппар сияқты қалаларды меңгерді.
Халық әртүрлі салықтар: егістіктен не мал төлеуінен, құрма бақтарынан, күнжүт егістігінен және балықшы қауымдардан алынатын салықтарды төлеуге міндетті болды. Осы салықтармен қатар күмістей алынатын ерекше алымдар және заттай алынатын арнаулы патша алымдары төленді. Сот билігі айрықша шенеуніктердің қолына жататын. Сот істері шакканумға, рабианумға, аймақтық судьяларға және қаланың ақсақал және дәулетті адамдарынан шыққан айрықша соттарға жүктелді.
Дін судьялары бірте-бірте өзінің маңызын жоғалтып, тек храмдағы құдайлардың бейнелері алдында ант берген сөздерін қабылдаумен гана қанағаттанатын болды.
|
Б.з.д. 18 ғасырда Қосөзен шаруашылық және саяси жағынан едәуір көтерілді. Үй жануарлары арасында жылқы пайда болып, жаңартылған соқа шықты,үлкен егісті жерді өсіру үшін қызмет ететін су қөтеру механизмі қеңінен тарады және ирригационды байланыс құрылысының техникасы жаңартылды. Қол өнер едәуір дамып қеледі, әсіресе қара металлургиясы: қола шалғылары қолданыла бастады, ал қолөнершілердің қола құралдары ағаштар мен тастарды өңдеуді жеңілдетті. Вавилонның өзінін ішінде, сондай-ақ Эламон, Сирия, Ассирия және басқа да көрші мемлекеттерде тауар өндірісі және сауда байланысы үлкеюде.
Тауар өндірісінің дамуы жерге деген жеке меншікті нығайтуға әкелді және құлдарды иеленудің дамуына септігін тигізді. Бірақ та жеке меншік әлде де шектулі болды.Ал құл иелену патриархалды мінезде болды.
Қос өзеннің ертедегі тарихи қезеңіне сай қелетін патшалардың, храмдардың және әулеттік кәсіптің ірі шаруашылықтары жоғалып қетті немесе едәуір көп бөлігі қысқартылды. Шаруашылықтың нысанына тән құлдардың азғана санын эксплуатациялауға негізделген ұсақ және орта шаруашылыққа айналуда.
|
Вавилондық абыздардың ілімдіріне сай, адамдар құдайларға қызмет жасау үшін жаратылған. Ваилон құдайларының саны өте көп болған. Олардың ішіндегі ең батырлары болып Күн құдай – шмаш, Ай құдайы – Син, ауа райы құдайы – Адад, махаббат құдайы – Иштар, өлім құдайы – Нергал, соғыс құдайы – Ирра, от құдайы – Вильги саналған. Вавилондықтар өз құдайларын адамдармен салыстырып, адамдардың мінез-құлқымен, іс-әрекетімен сәйкестендірген. Құдайлар адам тағдырын шешкен. Құдайлардың пиғылын тек абыздар ғана білген. Тек солар ғана құдайлармен тілдесіп, болашақты аспан денелерінің қозғалысы арқылы анықтап отырған. Сондықтан адамдар патшалар мен абыздарндардың айтқандарын мүлтіксіз орындауға тырысқан.
Қосөзеннің ежелгі тұрғындарының діни нанымдары олардың монументтік өнерінен көрініс тапты. Қалаларда құдайларға арналған ғибадатханалар салынды. Ғибадатхана жанынан бастары көкке өрлеген, кірпіштен өріліп, терассалармен қоршалған Зикурттар салынды. Зикурттар (мұнаралар) әр түрлі бояулармен боялған, терассалар гүлдермен, көкпен өрілген. Вавилон көркемөнерінің сәулеттік ескерткіштері біздің заманымызға аз жетті. Себебі, вавилондықар сарайлар мен ғибадатханаларды кірпіштен салатын болған, ал кірпіштің ұзақ уақытқа шыдамайтыны белгілі.
|
Шумер және Вавилонның әдебиетін әлемнің ең көне әдебиеті деп айтуға болады. Ғалымдардың зерттеуіне орай, ең алғашқы қолжазбалар іскери құжаттар болған. Дегенмен, одан өзге ежелгі поэзия мен көне аңыз-әңгімелер легі бізге дейін сақталған. Солардың ішіндегі толық нұсқасымен жеткені «Гильгамеш туралы аңыз» эпосы болып табылады.
РЕКЛАМА
Ең ежелгі шумерлік және вавилондық мәтіндер б.з.б. IV-III мыңжылдықтарды қамтиды. Бұл тіркеу тізімдері, әнұран жазбалары, мақалдар, жаңылтпаштар мен аңыз-әңгімелерден тұратын қарапайым нұсқалар. Б.з.б. III-II мыңжылдықтан «Ниппур ережелері» деп аталатын 87 әдеби мәтіннен тұратын аңыздар жинағы сақталып қалған. Тура сол кезеңде «Гильгамеш туралы аңыздың» көне вавилондық нұсқасы жазылды. Б.з.б. II мыңжылдыққа орай әдеби ескерткіштер аккад тілінде жазыла бастады. Сол кезеңде аккад тілі негізгі тілдердің біріне айналды. Ал б.з.б. I мыңжылдыққа келіп Гильгамештің негізгі бізге жеткен нұсқасы жазып қалдырылды. Түпнұсқа б.з.б. VII ғасырда Ассирия патшасы Ашурбанипалдың айтуымен салынған кітапханада сақталған (1849 жылы табылды).
|
Хаммурапи заңдарының Вавилон заңдарына әсері күшті, ол ертедегі Шумер заңдарының одан әрі жетіле дамуы және жинақталып, тәртіпке салынуы болып табылады.
Әрине, заңдар қоғам өмірінің барлық жақтарын бірдей реттей алмаған. Мысалы, мұнда мемлекеттік және діни қылмыстар туралы ештеңе айтылмайды. Бұл қылмыстар үшін жазаның тұрақты болып қалғаны сонша, Хаммурапи ол туралы өз кодексінде айтуды артық санаған да болуы мүмкін.
Хаммурапи заңдары өз кезеңінен бізге жеткен көптеген құжаттармен қатар, Вавилон қоғамының шаруашылыққа белсенді түрде араласқанын көрсетеді. Жер мен құрылысты сату, бақша мен егістік жерді жалға беру, дала жұмыстарына адам жалдау осының барлығы заңды түрде реттелген.
Заң жинағы 282 баптан тұрады. Қала алаңының қақ ортасындағы заңдар бағанасы, осында өтетін әділ сотқа қызмет етуді және заңды білмейміз деп ешкімнің сылтау айта алмайтынын ескертіп тұрғандай. Заң жинағының авторы баптарды олардың мағынасына қарай топтауға тырысқан. Мысалы, 1, 2 баптар іс жүргізу сипаттарының жағдайларын қамтыса, 6-126 баптар мүліктік қатынастарды реттеуге арналған, 127-195 баптар отбасы және мұрагерлік құқықтарына қатысты, 196-214 баптар жеке адамды қорғауды көздейді.
|
Хаммурапи қайтыс болғаннан кейін жүздеген жылдар өтті. "Вавилон" жері ұзақ уақыт Ассирияға бағынышты болып келді. Ал б.з.б. VII ғасырда "Вавилон" тəуелсіздігін алып, қайта гүлденді. Ол, əсіресе б.з.б. 604 - 562 жылдары билік еткен "Навуходоносор" патшаның кезінде көркею шегіне жетті. Оның билігі кезінде "Вавилон" ең əсем қала ретінде бүкіл əлемге əйгілі болды. Алыстан шағын ғана көгілдір жазық бұлдырап көрінеді. Бірітіндеп жақындай келе жолаушы оның жер мен көктің арасындағы əйгілі "Аспалы бақ" екенін көріп, таңдана да, тамсана да қарап қалатын. Одан көз ала бере жолаушы қаланың биік қамалының ар жағынан көкке таласа өрлеп тұрған зəулім мұнараны көреді. Бұл екі көріністен көңілі қамшы басқан оның алдынан үлкен канал кездеседі. Бұл - суы қамалды қоршай ағып, қаланы жаудан қорғап жатқан əрі терең, əру кең канал. Қала қамалын айнала жүрген адам, оның жүз қақпасы бар екенін көретін еді.
|