Ежелгі замандағы рухани мәдениет (рулық қауым кезеңі)



бет3/4
Дата17.05.2022
өлшемі25,59 Kb.
#34726
1   2   3   4
Жаңа замандағы фольклор.

Бұл дәуір ХҮІІІ ғасырдан бергі уақытты қамтиды. Әлбетте, фольклор - өмірдің ағымы сияқты тез өзгере беретін құбылыс емес. Дегенмен, халық тұрмысымен, оның санасымен тікелей байланысты болған соң ол да әркезде өзгеріске ұшырап отырады. Қазақ фольклорының бізге жеткен нұсқалары, негізінен, осы жаңа заманда сұрыпталып, өтіп, осы күнгі қалпына жеткен. Ресейдің құрамына енгеннен кейін қазақ еліне сыртқы жаугершілік азайып, оның есесіне отарлыққа қарсы көтеріліс жиі болғаны белгілі. Осы жағдай фольклорға да әсер етті. Оның құрамында, бір жағынан, ескі мұраны жаңаша түрлендірген жанрлар, екінші жағынан, жаңа түрлер пайда болды, үшінші жағынан, шығыс фольклоры мен әдебиетінің ықпалынан туындаған соны жанрлар орнықты. ХІХ ғасырдан бері қарай орыс фольклоры да сіңісе бастады. Айтылмыш мезгілде лирикалық, лиро-эпикалық жанрлар етек алды, дастан мен айтыс кеңінен жайылды. Күллі мәдениет сияқты, қазақ фольклоры ХХ жүзжылдықтың зор қысымын басынан өткерді. Оны біртұтас мұра деп қарамай, таптық тұрғыдан келіп, екіге бөлген иделогияның пәрмені жаңа дәуірге бұрынғы фольклорды тұрпайы түрде пайдалануға, біржақты зерттеуге әкеліп соқты. Соның нәтижесінде фольклордың әдеп-ғұрыпқа, дінге байланысты салалары назардан тыс қалды. Кеңес фольклоры болуға тиіс деген иделогиялық ұран ежелгі мұраны бұрмалауға және жаңа жыр, дастан, тіпті ертегі мен әпсаналар шығарып, орындауға мәжбүр. Сөйтіп, халық ақындары жаңа фольклорлық шығармалар туғызды, таптық-әлеуметтік жырлармен дастан шығарды.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет