Ежелгі замандағы рухани мәдениет (рулық қауым кезеңі)


Феодализм дәуіріндегі фольклор



бет2/4
Дата17.05.2022
өлшемі25,59 Kb.
#34726
1   2   3   4
Феодализм дәуіріндегі фольклор.

Классикалық көркем фольклордың тууы мен қалыптасуы, негізінен феодализм дәуіріне тұспа-тұс келеді. Қазақ жерінде феодализм ұзақ уақыт бойы дамып, әр мезгілде әртүрлі сипат алып отырды. Шамамен алғанда, біздің дәуіріміздің ІІ ғасырында орныға бастаған феодалдық қатынастар бұрынғы әлеуметтік, қоғамдық, рухани дүниені, бір жағынан жоққа шығарып, оны өмірден аластаса, екінші жағынан өзінің қажетіне жаратты, оны өзінше өзгертті, өз талабына бейімдеді, сөйтіп жаңа қосынды жасады. Соның арқасында феодализ дәуіріндегі руханият – ескі мен жаңаның кіріккен, біртұтас мәдениеті болып, фольклорды көпқырлы, көпсатылы, көпсипатты көпфункциялы.

Исламның қазақ жеріне енуі /ҮІІІ ғ./ түркі қағанаты қалыптастырған мәдениетке өзгерістер әкелді, фольклорға мұсылмандық белгілер дарытты және ескі дүниелерді де мұсылмандандырып, басқа арнаға түсірді. Әсіресе, орта ғасырлардағы /ІХ-ХІҮ ғғ./ мемлекеттер мәдениеті, соның ішінде фольклорды барынша жандандырды. Сөйтіп, бұл тұста классикалық көркем фольклор өмірге келді, бұрынғы фольклор алуан түрлі өңдеулерге түсті, тұтастану процесін бастан кешірді. Соның нәтижесінде ежелгі сюжеттер толығып, кеңейіп, үлкен эпикалық жырларға айналды.

Бұл үрдіс өте-мөте Қазақ хандығы кезінде үлкен қарқын алды. Фольклор – халықтың ең негізгі руханиятына айналды, оның жанрлық құрамы байыды, сюжеттік һәм тақырыптың аясы кеңейді. Фольклор жанрлары көп функциялықтан арыла бастады. Өмір талайына сәйкес батырлар жыры басты роль атқарды. Сонымен қатар қазақ-қалмақ қақтығыстары жаңа жанр, яғни тарихи жырды дүниеге әкелді. Ежелгі мифтер мен ертегілер, аңшылық әңгімелер мен аңыздар феодалдық қоғам түсінігіне сәйкес жаңғыртылды. Дәл осы қазақ хандығы уақытында ғашықтық жыр да өріс ала бастайды, мұнда көне сюжеттер мен мотивтер жаңаша пайымдалып, үлкен эпостық туындылардың негізін қалады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет