Ежемесячный научно-педагогический журнал министерства образования и науки рк



Pdf көрінісі
бет3/12
Дата24.03.2017
өлшемі1,89 Mb.
#10157
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12

14

www.kazektep.kz

ерте оянуы деп білсек, болашақта оның шығармашыл тұлға болып 

қалыптасуы сөзсіз. Ал мұндай тұлғалар қоғамның сұранысына ие болады 

және оның дамуының басты жетістігі. Сондықтан өзінің табиғи қабілетінің 

өзгешелігі жоғары екенін сезінген баламен жұмыс істеу  мұғалімнен үлкен 

жауапкершілікті талап етеді деп білемін. Өйткені, дарынды оқушының 

шығармашыл қабілетін дамытуда ұстаз басты рөл атқарады.

Нәтижеге бағыттай оқытуда неге қол жеткізуге болады? Бұл үшін мен, 

мұғалім ретінде оқушыны жетістікке жетуге бағыттаймын, қабілетіне 

сәйкес тапсырмалармен қамтамасыз етемін және қисынды ойлауды қажет 

ететін таным үрдістерін іске қосатын тапсырмалардың түрін ұсынамын. 

Бұл тәжірибемнен байқағаным:  оқушылардың өз әрекетінде жаңа асулар-

ды алуға талпынысы  оянады, ақиқат  іздеуге ұмтылысы,  өзіне деген сенімі 

күшейеді. Соның нәтижесінде оқушыда өзін-өзі өзектендіруге деген ішкі 

қажеттілік, жетістікке жетуде өз бетінше ізденіс пайда болады. Ең бастысы, 

пәндік олимпиадаға қатысу мен ғылыми жобалар жазу мүмкіндіктеріне ие 

бола алады.



Атырау қаласы.

лбасымыз Н.Ә. Назарбаев «Мен білім беру жүйесіндегі іс жағдайын 



түбегейлі өзгертуді стратегиялық міндет деп санаймын»; «Ұлттың 

МҰҒАЛІМ ЖАҢАШЫЛ ҮРДІСТЕРГЕ

БЕЙІМ БОЛУҒА ТИІС 

Айгүл РҮСТЕМОВА,

Ш.Уәлиханов атындағы №49 жалпы орта мектеп

директорының инновация жөніндегі орынбасары

бәсекелестікке қабілеттілігі  бірінші кезекте  оның білімділік деңгейімен 

анықталады»; «Білім беру реформасы – Қазақстанның бәсекеге нақтылы 

қабілеттілігін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін аса маңызды құралдардың 

бірі. Бізге экономикалық және қоғамдық жаңару қажеттіліктеріне сай 

келетін осы заманғы білім беру жүйесі қажет» деп атап көрсетті Қазақстан 

халқына жолдауында.

Әлемде болып жатқан өзгерістердің кез келгенін алып қарайтын болсақ, 

өте аз уақыт аралығында үлкен жетістіктерге қол жетіп отырғанын байқауға 

болады. Атап айтқанда, ғылымның ғарыштық жылдамдықпен дамуы, ХХ  

ғасырдың бірінші жартысында адам ойының өнімі ретінде қаралатын 

соңғы жаңалықтар, т.с.с. Дәл осы қарқынмен дамып жатқан  әлемдік білім 

саласының маңызды екі  мәселесі: «ХХІ ғасырда нені оқыту керек?»  және 

«Мұғалімдер оқушыларды ХХІ ғасырға қалай дайындайды?». 

«Білім игеру үрдісінің басты тұлғасы – үйренуші» деген ұстаным бүгінгі 

күннің ең маңызды мағынасы іспеттес. Бұл идея Болонья процесінің негізгі 

қағидаларына сәйкес келеді. Бүгінгі әлем дамуының жаңа бағыты күн 

сайынғы өзгеріске ұшырап жатқан  экономикалық, әлеуметтік және мәдени 

өзгерістерге  мейлінше бейімделуді талап етеді. Білім беру  дәрежесі туралы 

әлемдік салыстырулар халықаралық салыстырмалы зерттеулер нәтижелері 

бойынша құрастырылады, ең маңыздылары PISA,  TIMSS,  PIRLS болып 

табылады. 

Оқушылардың білімі мен білігін бағалаудың PISA халықаралық 

бағдарламасын Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы (ЭЫДҰ) 

жүзеге асырады. Бұлардың зерттеулерінде оқу сауаттылығы, математикалық 

сауаттылық және ғылыми-жаратылыстану сауаттылығы бағаланады.  Зерт-

теу  оқушылардың    мектеп  бағдарламасын  меңгеруін  емес,  оның  мек-         



Е

15

www.kazektep.kz

тепте  алған  білімі мен  білігін  өмірлік  жағдаяттарда қолдана  алу қабілетін 

бағалауға негізделген. Қазіргі  заманғы білім  берудегі жетістіктерді баға-

лаудағы үрдіс осыған саяды.

Мектеп оқушыларының математикалық және ғылыми-жаратылыс-

танулық білім беру сапасын бағалау бойынша TIMSS халықаралық 

зерттеулерін оқу жетістіктерін бағалау жөніндегі халықаралық қауым-

дастық жүргізеді. Зерттеудің негізгі мақсаты – бастауыш (4 сынып) және 

негізгі (8 сынып) буын оқушыларына математикалық және ғылыми-

жаратылыстанулық  білім беру сапасын  әр 4 жыл сайын бақылауға мүм-

кіндік беретіндей етіп жоспарланған. 

PIRLS «Мәтінді оқу және түсіну сапасын зерттеу»  халықаралық жоба-

сы негізінде білім беру сапасын мониторингтік зерттеу болып табылады. 

Олардың алдына қойған мақсаты – оқу сапасы мен деңгейін салыстыру. 

Оқушылардың оқу сабақтарында  және мектептен тыс уақытта жиі пайда-

ланатын оқудың екі түрі бағаланады:

– оқырманның әдеби тәжірибесін жинау мақсатында оқуы;

– ақпараттарды білу және пайдалану мақсатында оқу.

2003 жылы PISA зерттеуіне 34 ел, 2006 жылы 57 ел, ал 2009 жылы 65 ел 

қатысты.  Бұл зерттеудің қорытындысы бойынша 9 ел: Финляндия, Гон-

конг, Оңтүстік Корея, Канада, Жаңа Зеландия, Аустралия, Нидерланд, 

Лихтенштейн, Жапония «орташадан жоғары» нәтижесін  көрсетті.  2009 

жылғы  PISA зерттеуінің бағалауы бойынша барлық үш сынақта «орташа-

дан жоғары» барлығы 14 ел болды. 

2001 және 2006 жылдары жүргізілген PIRLS «Мәтінді оқу және түсіну 

сапасын зерттеу» зерттеулеріне әлемнің 35 елі қатысса, едәуір тұрғыда 

жоғары көрсеткіштерге ие болған елдер мыналар: Швеция, Нидерланд, 

Англия, Болгария, Латвия, Канада, Литва, Венгрия, АҚШ, Италия, Герма-

ния. Бұл зерттеуде  жақсы нәтижелер көрсетіп келген  Финляндия, Шан-

хай (Қытай) Канада, Лихтенштейн, Швейцария сияқты елдер TIMSS және 

PIRLS зерттеулеріне қатыспаған. 

Жоғарыдағы зерттеулерді есепке алсақ, әлемдік білім беруден жоғары 

нәтижелер көрсеткен елдер Финляндия, Гонконг, Сингапур, Оңтүстік 

Корея, Жапония, Тайван, Канада, Жаңа Зеландия және Шанхай (Қытай) 

елдері болып табылады. Білім сапасы деңгейі жоғары елдердің ішінен 

жартысынан астамы Азиядан екендігін есепке ала отырып мынадай 

 

 



қорытындыға келуге болады.

1.  Жалпы орта білім беруде оқушылардың сапалық көрсеткіштерін 

жақсарту мақсатында соңғы әлемдік педагогикалық әдіс-тәсілдерді 

мектептің жоспарына енгізуі.

2.  Оқушының тақырыпты меңгеруіне ізденісін арттырудың тиімді 

тәсілдерін қалыптастыруы.

Қазіргі  заман  тәсілінің негізгі  ерекшелігі,  оқушылардың  алған  білім-

дерін игеріп  ғана қоймай, оларды  орынды  жерінде  дұрыс  қолдана  білуіне 

басты назар аударылып отыр.  ХХІ ғасыр талабының көздеген дағдысының 

мәні осында. ЭЫДҰ-ның алдына қойған кең ауқымды дағдылардың 

моделі болып табылатын бұл жоба терең тұжырымдамалық түсінікпен 

астасқан түйінді құзыреттер жүйесін сипаттайды. Пән мұғалімдері өздеріне 

тапсырылған міндеттемелерге жауапкершілікпен қарап, оқушының білім 

сапасы мен дағдысын дамытуға ғана көңіл аударып қоюмен шектел-

мей, білімін барынша жетілдіріп, баланың бойында қалай оқу керектігін 

үйренуді қалыптастыру арқылы оны жеке тұлға ретінде дамытуға икемділік 

танытулары тиіс. 

ЭЫДҰ-ның жүргізген инновациялық ортаның салыстырмалы талдауы 

мынадай қорытынды жасауға мүмкіндік берді:

– мұғалімдерге көптеген оқыту стратегияларды қалай және қай 

жағдайда қолдану  қажеттігі туралы білім қажет;

– мұғалімдер  пайдаланатын   стратегиялар  жалпы  алғанда   зерттеу-


16

www.kazektep.kz



лердің бағыттарына,  топтық,   өзіндік жұмыстарға  және  жеке жүргізілетін 

зерттеулерге қатысты болады;

– мұғалімдерде  оқушы  туралы  барлық  мәлімет  болуы  тиіс;

– мұғалімдер өз әріптестерімен пән бойынша тәжірибе алмасу  аясында 

ынтымақтастық орнатуы қажет;

– мұғалімдер ақпараттық-коммуникативтік технология саласын-

да сауаттылығын арттырып, оқытудың тиімді құралы ретінде оларды 

қалай пайдалану әдістемесін меңгеруі тиіс, сондай-ақ оқу үрдісін бақылауда 

ақпараттық-басқару жүйелерін тиімді қолдана білулері керек;

– мұғалімдер әріптестерімен ынтымақтастықта оқу ортасын құрып, 

басқару және жоспарлауға өз үлестерін қосу үшін өз мүмкіндіктерін үнемі 

жетілдіріп отырулары қажет;

– мұғалімдер өз тәжірибесі арқылы  рефлексия жасауға, ой толғауға 

міндетті.

Бұл тәсілдің тиімділігі сол, педагог кадрлардың бірігуі арқылы сы-

ныпта қалыптасқан ахуалды (атмосфераны) зерттеу, оның нәтижесінде 

жіберілген кемшіліктерге талдау жасау, бір-бірімен пікірлесу арқылы оң 

нәтиже бағытында ізденуге талпыныстар жасалады. Жапонияның білім 

беру саласынан алатынымыз, мұғалімдердің өзара тәжірибе алмасуының 

әдіс-тәсілдері.  Сондықтан  мынадай  әңгіме қалған: «АҚШ  мұғалімі  өз 

білгенін  өзімен  бірге  алып  кетеді, ал жапон мұғалімі бар білгенін мектепке 

тастап кетеді». Міне, осы сөздің маңызына үңілетін болсақ, мұғалімдер 

арасында іс-тәжірибе алмасудың ең бір дамыған тиімді тәсілі  Lesson Studi 

әдісі екендігіне көз жеткізуге болады. Бұл әдіс сабақ беретін пән мұғалімінің 

ізденуіне жан-жақты жағдай туғызады, сабақ сапасы және мұғалімнің 

өз жұмысына деген жауапкершілігі артады, ең негізгісі, оқушылардың 

сабақ барысындағы ақпаратты меңгеру деңгейлері зерттеледі. Сонымен 

бір қатарда ең соңғы үлгідегі әдіс-тәсілдер мектеп өміріне дендеп енеді. 

Кембридж оқыту әдіс-тәсілдерінің алдына қойған мақсаты – Қазақстан 

мектептерінде  жан-жақты зерттелген, өзіндік  нәтижелерге ие  болған  

әдіс-тәсілдердің таратылуы.     

Ауыл мектебінің әлемдік педагогикалық әдіс-тәсілдердің жаңалық-

тарымен танысуына ең алғашқы қадамы Кембридж оқыту әдіс-тәсілдері, 

атап айтқанда, жеті модульдің мазмұнымен танысуында деп айтуға бола-

ды. Мектеп өмірінде болатын өзгерістерге келетін болсақ, осы уақытқа 

дейінгі кезеңде «сын тұрғысынан ойлау» технологиясынан басқа бірде-бір 

тәсіл қолданылмайтын, ал коучинг пен тәлімгерліктің жәрдемімен жеті 

модулдің сабақтарда қолданылуы жетістік болып отыр. Мұғалімдердің жаңа 

педагогикалық әдістерді өз сабақтарында қолдануы барысында тәрбиеге 

көңіл аударылмайтындай көрінеді, дегенмен, тәрбиенің шын мәнінде 

оқушының  бір-бірімен  тығыз  қарым-қатынаста  болуы,  яғни жұптық  

жұмыс,  топтық жұмыстарда  өз  көзқарасын  білдіре  алуы  әлемде  кеңінен  

насихатталуда.  Заман  талабына  сай  білімді,  жан-жақты  дамыған  жеке тұлға 

оқытуда қолданылатын Кембридж әдіс-тәсілдерінің мүмкіндіктері ауыл 

мектебінің дамуына жағдай жасайды. Мектеп мұғалімдері «не оқытуды» 

негізгі міндет ретінде емес қалай «оқу керектігі» туралы ізденулеріне 

тура келеді. Бұл жағдай мұғалім қызметінің көп ізденістен кейін ғана іске 

асатындығы түсінікті. 

Кембридж әдіс-тәсілдерінің мектеп өміріне көптеп өзгерістер алып 

келетіндігі, оқушылардың білім сапасы деңгейінің артатындығы, ең бас-

тысы, өмірге бейімделген, жан-жақты дамыған, өзіндік көзқарасқа ие 

жеке тұлға тәрбиеленіп шығатындығы анық.

Әдебиет

1.  ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Жолдауларынан.

2.  Құсайынов А. Әлемдегі және Қазақстандағы білім беру сапасы. – 2014.

Оңтүстік Қазақстан облысы

Сайрам ауданы

Әсіл ауылы.


17

www.kazektep.kz

азақстан  Республикасында білім беруді дамытудың 2011–2020 жыл-

дарға арналған мемлекеттік бағдарламасында «білім беру стандарт-



ӘОЖ (УДК): 371.261

ОҚЫТУ ҮШІН БАҒАЛАУ ЖӘНЕ 

ОҚУДЫ БАҒАЛАУ

Ажар ИСКАКОВА,

№37 гимназия мұғалімі

«Егер балалар бірдеңені түсінбейтін болса, 

онда оқытушы оларды кінәлауға тиіс емес,

оларға түсіндіре алмаған өзін кінәлауға тиіс. 

Ол балалармен сөйлескенде, шыдамдылық 

етуі керек...».

Ы. Алтынсарин

тарының ауысуы білім берудің жаңа мазмұнын әзірлеумен байланысты. 

 

Жаңа білім беру мазмұнының базалық ұстанымы – әрбір мектепте тұлғаның 

адамгершілік-рухани қасиеттерін дамытуды ынталандыратын ізгі білім беру 

ортасын құру керек» деп атап көрсетілген. Қазақстан оқушыларының білім 

беру сапасының халықаралық зерттеулеріне қатысуын қамтамасыз ету 

қажет. Олар мына төмендегілер:

– PISA – 15-16 жастағы оқушылардың математика сауаттылығы мен 

оқу және жаратылыстану бойынша сауаттылығын бағалау;

– TIMSS – 4 және 8-сынып оқушыларының математика және жараты-

лыстану бойынша білімінің сапасын бағалау;

– PIRLS – оқу деңгейі мен сапасын салыстыру, әлем елдеріндегі бастауыш 

мектеп оқушыларының мәтінді түсінуін бағалау;

– TIMSS ADVANSED – 11-сынып оқушыларының математика және 

жаратылыстану (физика) пәндерін тереңдетіп оқытатын сыныптарда сол 

пәндер бойынша сауаттылығын бағалау;

– ICILS – 8-сынып оқушыларының компьютерлік және ақпараттық 

сауаттылығын бағалау.

Оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту жөніндегі 2012–

2016 жылдарға арналған ұлттық жоспарында мектеп оқушыларының оқыту 

нәтижелерін бағалау жүйесін дамыту басты назарда ұсталған.

Мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту 

үрдісі оқу  қызметінің барлық түрлерінің нәтижелілігін, оқу материалын 

меңгерудің процессуалды жағын және жеке тұлғалық қасиеттердің пайда 

болуын есепке алатын бағалаудың жаңа жүйесін енгізуді айқындайды.

Сырттай бағалау әрбір деңгейді аяқтау бойынша ҰБТ, ОЖСБ сәйкес-

тігімен жүзеге асырылса, ал іштей бағалау нақты тұлғалық жетістіктерді 

белгілеу үшін оқу пәні бойынша оқыту сапасын диагностикалау арқылы 

және МЖБС өлшемдеріне сәйкестігі арқылы жүзеге асырылады.

2012–2016 жылдарға арналған ұлттық жоспарында өлшемді бағалау 

жүйесі енгізілетін болады деп айтылған. 

Өлшемді бағалау – бұл үрдіс, берілген  жүйе бойынша оқушының оқу 

жетістігін алдын-ала барлық қатысушыларға белгілі (оқушыларға, мек-

теп әкімшілігіне, ата-анасына және заң өкілдеріне) нақты анықталған, 

ұжымдасып  жасалған  өлшемдермен  салыстыруға  негізделген.  Бұл бағалау 

жүйесі ең алғаш оқушыларды жақсы оқуға жетелеп, оның өсу қарқыны мен 

біліміндегі ақауларды анықтауға бағытталған.

Өлшемді –  талапқа сәйкес бір нәрсені бағалауда қабылданатын ере-

3. “Қазақстан мектебі”№1, 2015.



Қ

18

www.kazektep.kz

желер немесе белгі, негіздеме. Ол оқу тапсырмасының дұрыс орындалу 

жолдарының айқын, нақты көрсетілген көрсеткіштерінен тұрады, ал осы 

көрсеткіш бойынша бағалау оқушының белгіленген мақсатқа қаншалықты 

жеткені дәрежесін анықтау болып келеді.

Өлшемді бағалау жүйесі оқыту үшін бағалау (қалыптастырушы – 

формативтік) және оқуды (жиынтық) бағалау болып екіге бөлінеді

Оқыту үшін бағалау әртүрлі формада іске асады және оқуды бағалауға 

дейін мұғалімге де, оқушыға да оқу барысында кеткен кемшіліктерін 

түзетуге, қайта қарауға мүмкіндік береді.

Сыныптағы оқушылардың білім алғандығын анықтау үшін қолданы-

латын оқыту үшін бағалау түрлері мына төмендегілер:

– бақылау (бақылау парақтары, түртіп алу парағы);

– сұрау (диалогтік тәсіл);

– талдау;

– кіру-шығу қағаздары (кері байланыс қағазы);

– графикалық ұйымдастырушы (миға шабуыл, Т – таблицасы, оқиға 

тізбегі, мәселе шешу, фрайер үлгісі, кейіпкер картасы);

– өзін-өзі және құрдастарының бағалауы (екі жұлдыз, бір тілек, белгілер);

– жауап журналы;

– таныстырылым;

– ойлан. Жұптас. Бөліс.

– портфолио.

Осындай оқыту үшін бағалаудың әдіс-тәсілінен кейін оқушылар 

сабаққа белсенді қатысады.

Оқыту үшін бағалауда оқушы не білетінін көрсетеді, өзін-өзі баға-

лайды және жетілдіреді. Оқыту үшін бағалаудың дәстүрлі бағалаудан 

айырмашылығы: а) бағдарламаны меңгеру кезінде оқушы білімін дамы-

ту  үшін  қойылады;  ә)  оқу  жоспарының  сыныпта  орындалуын  көрсетеді;                 

б) әрбір жеке тұлғаның әлсіз немесе күшті жақтары туралы хабарлама 

береді;  в) оқушының үлгерімі туралы бірнеше көрсеткіш көрсетеді; г) ең 

бастысы әрқашан кері байланыс болады.



«Мұғалім  балаға  сенімді  көзбен  қарап, оның бойындағы жақсы  қасиет-

терді көріп, соны үнемі арқау етіп, «сенен жақсы оқушы шығады, сен оны 

түсіндің,  ертең  жаттап  келіп,  жақсы  баға  аласың» деген  жылы сөздер ай-

тып отырса, сонда жауапкершілігі артады» деген ағартушы, ғалым, тұңғыш 

педагог Ы.Алтынсаринның сөзі жиырма бірінші ғасырдағы қолданысқа 

еніп келе жатқан оқыту үшін бағалау  емес пе?

Оқуды (жиынтық) бағалау оқушылардың  белгілі бір есепті  мерзімді 

(тоқсан, жарты жылдық, жылдық) аяқтаған кездегі меңгерген  білімдерінің 

кіріктірілген деңгейі мен қалыптасқан дағдыларын бағалауға арналған.  

Бағалауға білім алушылардың пәндік білім, білік, дағдыларын және 

адамгершілік нормалары бағдарлы, жалпы адами және ұлттық құндылықтар 

тұрғысындағы  іс-әрекет тәсілдерін  меңгеру  бойынша  олардың  жетістік-

терін  көрсететін  нақты  нәтижелері   алынады.

Оқуды тиімді бағалау мұғалімнің күнделікті тақырыпты түсіндірудегі 

барлық жаңа әдіс-тәсілдермен және оқушының өсуімен байланысты. 

Оқуды бағалауға барлық курс, бағдарлама, жинақталған ресурс-

тар және оқушының өзі де қатысты болады. Оқуды бағалау кезінде 

оқушының жетістігінің белгіленген нормаларға қол жеткізген деңгейімен 

қорытынды жасалады. Ал оқыту үшін бағалау тікелей оқушыға және оқушы 

жетістіктеріне қатысты келеді.

«Қандай мәселе болса да, шәкірттің пікірін, ойын біліп барып, оны 

оған түсіндіріп, содан соң қорытынды айту керек», –  деп Ы.Алтынсарин 

айтқандай, әр сабақта оқушылардың білімін қолпаштап отыруымыз керек.

Оқушыларға бағалау парақтарын таныстыра отырып, бақылау парағы, 

рубикатор, өзін-өзі және құрдастарын бағалау, топтық бағалау парақтары 



19

www.kazektep.kz

арқылы оқуды бағалауға болады. Олар – қадағалау (бақылау) парағы және 

рубикатор.

Қадағалау парағы оқушының алға жылжуын, қол жеткізген жетістігін 

анықтау үшін қолданылады. Қадағалау парағы қарапайым тәсілмен жол 

көрсетсе, ал рубикатор белгіленген өлшем бойынша сапаны өлшейтін 

құрал. Бұл – жоғары бағанды өлшем. 

Рубикатор (бағалау бойынша нұсқаулық) – әрбір өлшем бойынша 

оқушының жетістігі жазылған нақты сипаттама және соған сәйкес ұпай 

саны.

Дескриптор – оқушының ең жақсы нәтижеге жетудегі әрбір қадамын 



сипаттайтын нақты бір ұпай бойынша  жетістік деңгейі.

Рубикатордың төрт түрі бар. 



1. Holistic rubrics – жалаң рубикатор.

2. Аnalytic rubrics – талдау, жіктеу рубикаторы.

3. primary – trait rubrics – бастапқы рубикатор. 

4.   multi – trait rubrics – көп ерекшелікті рубикатор.

Егер оқушы бағалаудың түрлерімен күнделікті сабақта танысып 

дағдыланса, бірте-бірте олар өз білімдерін ғана емес, сонымен қатар 

құрдастарының да білімін бағалап, қорытынды жасай алады.

Алайда бағалау сынақтан жоғары дәрежеге ие.  Ал оқыту үшін бағалау 

тікелей оқушыға және оқушы жетістіктеріне қатысты. Сынақ (тест) – 

оқушы жетістігін бағалайтын өлшеуші құрал.

Сынақ әртүрлі мақсатта, деңгейде оқушы үшін хабарлама жинау үшін 

қолданылады. Оқушы қабілетінің күшті және әлсіз жақтарын анықтау 

үшін әдетте  әртүрлі сынақтар қолданылады. Мысалы, сынақ алу кезінде 

оқушы  қабілеті  жақсы  болуы,  бірақ  сөйлеу,  оқу  қабілеті  төмен  болуы  

мүмкін. Аздап жиналған  дерек арқылы оқушының бағдарламаны қалай 

меңгергенін біле аламыз. Белгілі бір курс аяғында оқушының жетістігін 

анықтайтын сынақ немесе бақылау жұмысы жиынтық бағалау болса, ал 

белгілі бір тақырып аясында алынатын сынақ оқыту үшін бағалауға жатады. 

1. Бастапқы сынақ (Placement Test) – оқушының алғашқы білім 

деңгейін тексереді.



2. Қабілеттілікті тексеру сынағы (Aptitude Test) – оқушының жалпы 

пәнге деген қабілетін тексеру.



3. Диагностикалық сынақ (Diagnostic Test) – оқушының оқуында ары 

қарай көмектің қажеттілігін тексеріп, кемшілік және сәтсіздікті жою үшін 

қолданылады. 

4. Жетілдіру сынағы (Progress Test) – оқушының белгілі бір курс және 

бағдарлама негізінде әртүрлі этапта қолданылады.



5.   Қорытынды сынақ (Achievement Test) – сынақ жетілдіру сынағына 

ұқсас. Белгілі бір курсты қорытындылағанда қолданылады, яғни жарты 

жылдық, жылдық қорытынды. Ол ауқымды, бір сынып бағдарламасы не-

месе семестрге арналады.



6.  Іскерлік (шеберлік) сынағы (Proficiency Test) – оқушының белгілі 

бір курс шеңберінде емес, оқушының барлық деңгейдегі білімін, қабілетін 

тексереді.

Оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту жөніндегі 2012– 

2016 жылдарға арналған ұлттық жоспардың міндеттерінің бірі – мектеп 

оқушыларының білім сапасын бағалау және мониторинг жүргізу жүйесін 

дамыту. Функционалдық сауаттылықты қалыптастыру үшін оқушылардың 

өзін-өзі бағалауы өзін-өзі ұйымдастыру және өзін-өзі жетілдіру үшін жеке 

жетістіктерін бағалау арқылы жүзеге асырылады. Олар:

– функционалдық сауаттылық;

– оқу және жазудағы сауаттылық;

– жаратылыстану ғылымдарындағы сауаттылық;

– математикалық сауаттылық;


20

www.kazektep.kz



– компьютерлік сауаттылық;

– отбасылық өмірі мәселеріндегі сауаттылық;

– денсаулық мәселесіндегі сауаттылық;

– заң сауаттылығы.

Кез келген деңгейдегі сынақ жоғары сапада, теория мен тәжірибеге 

сай жасалуы керек. Осындай сынақ болу үшін басты қағиданы, яғни 

пайдалылық, заңдылық, сенімділік, тәжірибелік, әсерлілік, шынайылық, 

анықтық және қауіпсіздікті дамытып қорытындылаған жөн.

Сынақ тапсырмаларының түрі:



– жабық тапсырма; 

– сәйкестендіру сынағы;

– ашық тапсырма; 

– дұрыс тізбектелген сынақ.

Сынақтағы тапсырмалардың жүйелігі:



–   тақырыптық  тапсырма  (белгілі бір өткен тақырып бойынша);

– мәтіндік тапсырмалар  (ашық түрде);

– бір-бірімен байланысты тапсырмалар (алғашқы дұрыс жауап кейінгі 

тапсырмаға сөзсіз тәуелді болады);

 – жағдаяттық тапсырмалар (тәжірибелік жұмыс, эксперимент жұ-

мыстары немесе белгілі бір уақиға туралы білімді тексеру үшін әзірленеді).

 «Шәкірттің ойлау қабілетіне еркіндік беріп, шектемей, жетелеп, 

адастырмай бақылап, керек кезінде жолын көрсетіп отыру дұрыс» де-

ген Ы.Алтынсаринның сөзі бағалаудың мәніне сай келмей ме? Яғни, біз 

ұстаздар қауымы бағалауды өткізу үшін оқушылардың нені білетіндігін 

және не істей алатындығын, сонымен қатар олар қандай қиындықтармен 

кездесуі мүмкін екендігін анықтауымыз қажет.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет