Ежемесячный научно-педагогический журнал министерства образования и науки рк


 Жырдағы сипаттаудың бір шебері – Жібектің жүрісінен сол  қаҺарманның сыртқы кескіні ғана емес, ішкі дүниесі бірдей көрінуінде. 2



Pdf көрінісі
бет5/12
Дата24.03.2017
өлшемі1,89 Mb.
#10157
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12

1. Жырдағы сипаттаудың бір шебері – Жібектің жүрісінен сол 

қаҺарманның сыртқы кескіні ғана емес, ішкі дүниесі бірдей көрінуінде.



2. Ақын жырда сөйлету әдісін де қолдана білген. 

3. Сөйлетудің бір қысқа түрі – айтыс. 

4.  Жырда ырым-жырым, түс көру сияқты сезімдерге де мән берілген.

5. Жырда табиғат суреттері де белгілі бір сезімге, іске айғақ етіп 

пайдаланылған. 



6. Маған «Қыз Жібек» шығармасының әсері...

Айтылым жұмысында монолог, диалог, полилог түрлерін қолдандым. 

Бұл сабақта монологтік айтылымды  көп қолдану оқушының мәтінді жат-

тап алуына әкеп соғады. Сондықтан мен осы тақырыпта диалогтық айты-

лымды қолдандым. Диалогтық сөйлеуде сұрақтарға жауап беру, жауап алу, 

пікірталасқа қатысулар бірге жүреді. 

«Қыз Жібек» жырының сюжеттік-композициялық құрылысы (үй 

жұмысын тексеру)



1.  Сюжеттің (оқиғаның)  басталуы. 

2.  Шығарма ішіндегі оқиғалардың байланысы.

3.  Оқиғаның шарықтау шегі.

4.  Оқиғаның аяқталуы. 

Семантикалық карта (2 минут).

Шығарма құрылысы

  Төлеген

   Жібек

Қаршыға


 Шеге 

1. Оқиғаның басталуы

2. Оқиға байланысы

3. Оқиғаның 

    шарықтау шегі

4. Оқиғаның аяқталуы

Мағынаны тану.  Шығармаға аннотациялық талдау (10 минут).

Мына бос графаны топ болып бірлесіп толтырады. Әр топ өз жұмысын 

қорғайды.

Кейіпкерлер Шығарманың негізгі 

оқиғасы

Кейіпкерлер 



тағдыры

Халқының салт-көрінісі

Төлеген

Жібек


Қаршыға

Шеге


27

www.kazektep.kz

ғасыр – ақпараттың дамыған заманы. Қазіргі заманда үйінде 

компьютері жоқ отбасы  кемде-кем, бірақ  көк жәшіктің  пайдасы 



КОМПЬЮТЕРЛІК ОЙЫНДАРДЫҢ 

БАЛА ПСИХОЛОГИЯСЫНА ӘСЕРІ

Арайлым  ИНСЕБАЕВА, 

№35 мектеп-гимназиясының 

информатика пәні мұғалімі  

мен зиянын ойлай бермейміз. Ата-анасы жұмысқа кетеді, күндіз- түні ты-

нымсыз бала-шағасының қамын ойлап жүгіреді. Ал үйде отырған  баланы  

осы компьютер тәрбиелеп жатқандай. Алайда уақыт өте келе компьютер 

алдында көп отырудың көз жанарына, адамның қан айналымына кері әсер 

ететінін былай қойғанда, ол ойын құралына, онда да адам жүйкесін бұзатын 

құмар ойын құралына айналды. Ендігі әңгімені осы тұрғыда өрбітейік.

Осы уақытқа дейін казино, карта, ұтыс лотереялары, ат бәйгесі, 

спорттық жанкүйерлік ставкалар еріккенде уақыт өлтіру үшін ермек 

ететін іс сияқты көрінгенімен, көптеген адамдар сол құмарға тәуелді бо-

лып, тапқан-таянғанын сол ойынға салып, құмарлықтың құлына ай-

налып кеткенін көріп жүрміз. Былай айтқанда, есірткі қабылдайтын 

наркоманның тәні ауру әрі ол есірткіге тәуелді болса, «ойынқұмарлық»– 

ХХІ

    Айтылым дағдыларын қалыптастыруда миға шабуыл сұрақ қою ісі арқылы 

жүзеге асты.

Қойылған сұрақтар.

– Лиро-эпостық жырлардың батырлар жырынан айырмашылығы 

қандай?


– «Қыз Жібек» жыры қай ғасыр шығармасы деп есептеледі?

– Жырдың тақырыбы мен идеясы туралы не айтасыңдар?

Зерттеу кезеңінде «Қыз Жібек» көркем фильмі оқиғасының жырдың  

түпкі нұсқасынан басқаша шешілуінің себептерін сұраймын.

Дәлелдеу кезеңінде Жібектің Сансызбайға қосылуына қалай қарай-

тындарын және оның түпкі тамыры неде екенін сұрап, жауаптар алынды.

Сөйлеу әрекетінің жазба түрі негізінде  қысқа ақпарат, хабарлама, 

шығарма, эссе жазу дағдылары меңгерілуі тиіс. 

Қорытынды сабақта «Аты Жібек, сұрасаң...» тақырыбында оқушылар 

шығарма жазады.                           



3-ұстаным. Тұлға белсенділігін арттыру. Оқушының  жан дүниесіне 

«мен»  деген ұғымды енгізу – тұлға белсенділігін арттырудың негізгі мақсаты 

болуы керек. Бұл орайда осы сыныптың келесі тақырыбы «Шешендік  

сөздер»  бойынша шығармашылық жұмыс жүргізілді. Оның  мақсаты:  а) 

шешендік өнерге байланысты ұғым-танымдарды  тереңдете игеру; ә) 

ізденімпаздыққа, ойлылыққа тәрбиелеу; б) қалыптан тыс ойлау қабілетін 

дамыту, шығармашылық әрекет жағдайына енгізу.

Қойылған  сұрақтар:



1.   Сөз зергерлерін нешеге бөлеміз? 

2.  Шешен дегеніміз кім?

«Билер шықты сайысқа»  тақырыбы бойынша  өткен сабақтарды негізге 

ала отырып, шығармашылық жұмысты сахналық көрініспен таныстыру 

тапсырылады.

Бұл оқушылардың өзіне тән жеке қасиеттері мен ерекшеліктерін 

көрсетуге және оқушы жан дүниесіне «мен» ұғымын енгізуге мүмкіндік 

туғызады.



Алматы облысы 

Іле ауданы

Өтеген батыр кенті.

28

www.kazektep.kz

ойнамаса тұра алмайтын психологиялық ауру. Осы аурулар қатарына 

соңғы ширек ғасырда «компьютерлік ойынға тәуелділік» деп аталатын 

жаңа дерт қосылды. Бұл кесел бүкіл әлемге тез тарады. Көршіміз Ресейдің 

Денсаулық сақтау министрлігі компьютерлік ойындарға тәуелділікпен 

бір Мәскеу қаласының өзінде 300 мың адамның ауыратынын мәлімдеген. 

Компьютерлік ойындардың негізгі түрі —  атыс-шабыс, төбелес. Бұл  алды-

мен баланың мінез-құлқына әсер етеді. Өйткені, ойынның бас кейіпкері 

болған бала үнемі ұта бермейтіні анық. Кейде жеңеді, кейде жеңіледі. 

Ал ұтылған сайын оның ойынға деген құмарлығы арта түседі. Өзі сол 

әлемнің батыры болуға ұмтылады. Сырттағы дүниені ұмытып, қым-қиғаш 

соғыс алаңында немесе сатырлаған төбелестің ортасында, әйтеуір, жарыс 

алаңында жүреді. Мұндай кезде баланың жүйке жүйесі бұзылып, ашу-

ызаға жол береді. Ұтылып қалса, көңіл күйі болмайды. Тіпті осындай кез-

де айналасындағы адамдардың сөзін тыңдамай, ренжісіп қалуы мүмкін. 

Екіншіден, компьютерлік ойындардардың көпшілігі атыс-шабысқа не-

гізделгендіктен, ондай ойынға әуес балалардың бойында мейірімділік, 

ізгілік қасиеттері азаяды.

Осы компьютер ойынына тәуелді адамдарды төмендегідей жолмен ем-

деген тиімді.

Ең алдымен, балаңыз компьютерге тым әуес болса, оның бұл әдетін 

жаман әдет қатарына жатқызбаудан аулақ болыңыз. Өйткені, көптеген ата-

ана «балам ішімдік ішпейді, шылым шекпейді, есірткіге жоламайды, ал ком-



пьютерге құмарлығы кейін есейгенде қалады» деп ойлайды. 

Балаңыздың компьютерден өзге досы жоқ болса, оның неге осылай 

оқшауланып бара жатқанын зерттеуге тырысыңыз. 

Бозбала бір жағынан тәуелсіздікке ұмтылатынын, екінші жағынан ата-

анасының қолдауына мұқтаж екенін, осы сәтте олардың ата-ана қоятын 

шектеуден шығып кеткісі келіп тұратынын, алайда онсыз өмір сүре де алмай-

тынын түсініп, «бірде жіберіп, бірде тартып» дегендей тәрбиелеп отырыңыз. 

Балаңызбен әңгімелесу әдебіңізді өзгертіңіз. Зекімеңіз. Жан дүниесін 

түсініп, отбасында бала мен ата-ана арасындағы татулық, сенім орнатыңыз. 

Көңіл бөлу деген сөз оның күндіз не істеп, не ішіп, не жегенін сұрау ғана 

емес, баланы асықпай тыңдап, оның реніші мен қуанышын да бөлісе білу. 

Гигиеналық талаптарға сәйкес 7–10 жастағы бала компьютердің ал-

дында күніне 45 минуттан, 11–13 жастағы бала күніне 45 минуттан екі рет, 

ал одан ересек бала күніне үш реттен артық отырмауы тиіс. 

Халықаралық  денсаулық  сақтау  ұйымының дәлелдеуінше, бүкіл-

әлемдік ғаламтор желісі жеткіншектерге физикалық, психологиялық 

жағынан айрықша зиянды. Ең алдымен, баланың көру қабілеті төмендейді, 

себебі, бұлшық еттері қатаймаған жасөспірімнің көздері шаршайды. 

Сондай-ақ, компьютер алдында көп отыру жас балдырғанның омыртқа 

сүйегін зақымдайды. Қозғалыссыз отыру, қолмен ғана бірыңғай жұмыс 

істеу, содан ағзаға салмақ түсуі баланың жүйке қызметін бұзып, мойнына 

тұз бен суықтың жиналуына (остеохондроз) әсер етеді. Және де жамбас 

сүйектің үнемі қозғалыссыз қалуы қабыну (простатит) мен тоқ ішектегі 

тамырдың кеңеюі (геморрой) ауруына ұшыратады.

Британдық биологтар арнайы зерттеу жүргізе келіп, мынандай қоры-

тынды жасап отыр: «Әлеуметтік желілерде үнемі отыру ми қызметіне де кері 



әсер етеді, гормональдық тепе-теңдікті бұзады, иммунитетті нашарлатады, 

мұның бәрі адамның жүйкесі мен ой-санасына белгілі бір мөлшерде ауыртпалық 

түсіреді». Ал жүйкеге салмақ  түсіру  ойлау қабілетінің төмендеуіне, көңіл 

бөлу мен есте сақтаудың кемуіне, бас ауруы мен ұйқысыздық және көңіл 

күйдің құлазуына әкеп соғатыны белгілі жайт. Ендеше балаңызды ком-

пьютерде ұзақ отырмауға, ғаламтордан қажетті ақпараттарды ғана алуға 

үйретіңіз. Әр заттың зияны мен пайдасы да болары анық. Заман тала-

бына сай баланың компьютерді меңгеруі қажет, бірақ  балаларымызды 

компьютерлік ойынның құлы болудан сақтайық. 

Алматы облысы

Талғар ауданы.


29

www.kazektep.kz

азақстан Республикасында жалпы білім беретін мектеп педагогтерінің 

біліктілігін арттыру курстарының бағдарламасы еркін, өзіндік ой-



СЫНИ ТҰРҒЫДАН ОЙЛАУ 

ӘДІС-ТӘСІЛІНІҢ ТИІМДІЛІГІ

Қибат  БАҚТИЯРОВА,

«Өрлеу» БАҰО АҚ қарасты Маңғыстау облыстық 

педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттыру 

институтының деңгейлік бағдарламалар орталығы тренері

Аннотация.  Мақала авторы мұғалімдер біліктілігін арттыруда деңгейлік 

бағдарламалар курстарының үйретері көп екендігін сөз етеді.

Түйінді сөздер. Сындарлы оқыту теориясы, сыни тұрғыдан ойлау, дамыту.

Педагогика ғылымы: зерттеулер

пікірлерін жеткізе білетін, ынталы, сенімді, сыни пікір, көзқарастары 

жүйелі дамыған оқушылардың қалыптасуына ықпал етеді.

Бағдарламаның басым бөлігі сындарлы оқыту теориясы негіздерін 

қамтиды. Бұл теория оқушылардың ойлауын дамыту, олардың бұрынғы 

алған білімдері мен жаңа немесе сыныптағы түрлі дерек көздерінен, 

мұғалімнен, оқулықтан және достарынан алған білімдерімен өзара әрекет-

тесуі жағдайында жүзеге асады деген тұжырымға негізделеді.

Сыни тұрғыдан ойлау бағдарламаның өн бойында екі мағынада 

қарастырылады: оқушылардың және мұғалімдердің сыни тұрғыдан ойла-

уын дамыту. Сыни тұрғыдан ойлау – бақылаудың, тәжірибенің, ойлау мен 

талқылаудың нәтижесінде алынған ақпаратты ойлауға, бағалауға, талдауға 

және синтездеуге бағытталған пәндік шешім. Ол болашақта әрекет жасауға 

негіз бола алады. Сыни тұрғыдан ойлау, көбінесе, қарсы пікір айтуға, ба-

ламалы шешімдерді қабылдауға, ойлау және іс-әрекетімізге жаңа немесе 

түрлендірілген тәсілдерді енгізуге дайын болуға, ұйымдастырылған қоғамдық 

әрекеттерге және басқаларды сыни тұрғыдан ойлауға баулуды білдіреді. 

Негізгі деңгейде сыни тұрғыдан ойлау үрдісі төмендегі мәселелерді 

қамтиды:

– релеванттық ақпараттар жинауды;

– дәлелдерді сыни тұрғыдан талдау мен бағалауды;

– кепілдендірілген шешімдер мен жинақталған қорытындылар;

– ауқымды тәжірибе негізінде болжамдар мен ұсыныстарды қайта 

қарауды.

Сыни тұрғысынан ойлау – бұл кез келген мазмұнды сынау емес, 

оны зерттеу, бақылау, талдау, әртүрлі стратегиялар арқылы өзінің ойлау 

негіздерін сыни тұрғыдан дамыту. Сыни тұрғыдан ойлау — бұл саналы 

мағынаны іздеу, өзінің көзқарасымен ғана шектелмей, басқалардың да 

пікірін  ескеріп, қандай да обьективті ойлау және қисыны бар өзіндік қате 

сенімінен  бас тарта білу. Сыни тұрғыдан ойлаудың жаңа идеяларды ұсынуға 

және жаңа мүмкіндіктерді көруге қабілетті. Сондықтан оның мәселелерді 

шешу кезінде маңызы зор.

Сыни тұрғыдан ойлаудың дағдылары төмендегідей сипатталады:



– бақылау, талдау, қорытынды, интерпретация;

– суреттер,  естелік жазбалары сияқты дәлелдерді жинақтау және топ-

тастыру;

– негізгі дерек көздерді бағалау және соларға сәйкес сұрақтар қою;

– негізгі дерек көздерді жағдаяттық қорытындылар мен уақытша 

жинақтаулар,  салыстыру және талқылау;

Қ

30

www.kazektep.kz



– анағұрлым кең тәжірибе негізінде болжамдар мен ұсыныстарды қайта 

қарауды қамту.

Сыни тұрғысынан ойлауды дамыту  бағдарламасы – әлемнің түкпір- 

түкпірінен  жиылған  білім берушілердің бірлескен еңбегі. Тәжірибені 

жүйеге  келтірген  Ч.Темпл,  Джинни  Л.Стил,  Куртис  С.Мередит.  Жобаның 

негізі  Ж.Пиаже,  Л.С. Выготский теорияларын  басшылыққа  алады. 

Мақсаты – барлық жастағы оқушыларға кез келген мазмұнға сыни 

тұрғыдан қарап, екі ұйғарым бір пікірдің біреуін таңдауға, саналы шешім 

қабылдауға сабақтарда үйрету.

Сыни тұрғыдан ойлау «ойлау туралы ойлану» деп сипатталған. Ол 

маңызды мәселелерді талқылау және тәжірибені ой елегінен өткізуді 

қамтиды. Бұл модуль оқушылардың да, мұғалімдердің да сыни тұрғыдан 

ойлауды дамытуды саналы және оймен қабылдауын көздейді (Мұғалімге 

арналған нұсқаулық,  49-бет).  

 

Бірінші кезең – қызығушылықты ояту кезеңі.Бұл кезеңде оқушының 

тақырып  туралы  не  білетіндігі  анықталады,  белсенділігі  артады,  оқушыларды 

сабаққа психологиялық тұрғыдан дайындай отырып, қызығушылықтарын 

ояту  стратегияларының   бірін  қолданып, оқушыларды  жаңа  сабаққа  тарту.

Екінші  кезең  –  мағынаны  ашу.   Оқушы жаңа ақпаратты бұрынғы 

білімімен  ұштастыра  түседі. Бұл  кезеңді  іске  асыру  үшін  бірнеше  тәсілдер 

бар. Олар – болжау кестесі, ойлан, жұптас, ортаға сал, сұрақ қоя білу, өзара 

оқыту, т.б. Осы тәсілдерді қолдану кезеңінде ең тамаша кезеңге, яғни 

оқушының өздігінен білім алу,  өзін-өзі өзектендіру, танымдық қабілеттерінің 

даму, шығармашылық  іс-әрекетінің ояну, бір сөзбен айтқанда, өзіндік  еңбек 

ету кезеңіне айналдырады.

Үшінші кезең  – «рефлексия» – ой толғаныс білім алудың қорытынды 

кезеңі, оқушылар сабақ бойы алған білімдерін, түсініктерін өз сөздерімен 

баяндап бере алатын, жаңа білімдерін көрсете алатын кезең.  

Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету модулін таңдау кезінде мұғалімнің 

білімділігімен қатар оқушыларға деген сенімділік күшті болу керек деп 

ойлаймын. Өйткені, оқыту үрдісінде қалыптасқан көзқарастар мұғалімнің 

сыныптағы барлық іс-әрекетіне әсер етеді. Л.С. Выготскийдің пікірі бо-

йынша, нақты мақсаттарды көздеген, көбірек білетін қайраткер жандармен 

әлеуметтік қарым-қатынас нәтижесінде оқушылардың ойлау және сөйлеу 

дағдылары дамитынына тоқталған.

Мұғалімге арналған нұсқаулықта қарастырылған жеті модульдің 

ішіндегі сыни тұрғыдан ойлауға үйрету оқушының еркін сөйлеуіне, пікір 

таластыруына, достарының ойын тыңдауға, проблеманы шешу жолда-

рын іздей отырып қиындықты шешуге бағытталған. Оқушы бұрын тек 

тыңдаушы болса, енді ізденуші, ойланушы, өз ойын дәлелдеуші, ал мұға-

лім – осы әрекетке бағыттаушы, ұйымдастырушы. 

Жас ұрпақтың  саналы да сапалы білім алуының  бірден-бір шарты 

мұғалімнің  ізденімпаз  болуы. Себебі, еліміздің  болашағы  бүгінгі жас 

ұрпақтың   білім  деңгейімен  өлшенеді. Сондықтан  сабақты  жаңаша  құрып, 

инновациялық  түрлі  тәсілдерді, педагогикалық  білімдерді  жетілдіре 

отырып, оны  дер  кезінде қабылдап, өңдеп, нәтижелі пайдалана білу  – 

әрбір   ұстаздың  міндеті болуы  керек.  «Сыни  тұрғысынан  ойлауға  үйрету»  

модулі  негізінде  өткен  сабақтар  оқушылардың танымдық  белсенділігін 

арттыруға,  өз бетінше білім алуға,  жұптық  және  ұжымдық   бірлесіп жұмыс 

жасауға, шығармашылығын  қалыптастыруға  ықпал  етеді. Ең  бастысы,  

оқушы    білімінің    тереңдігі    мен    тиянақтылығын    арттырады.                                                                       

Сыни тұрғысынан ойлауға үйрету арқылы оқытудың тиімділігі сол, әр 

кезеңнің өзіндік ерекшелігі бар. Бірақ, бұлар бір-бірімен өзара өте тығыз 

байланысты болып келеді.Сыни тұрғысынан ойлауды үйрету үшін мына 

төмендегі шаралар орындалуы шарт:



1. Сыни  тұрғысынан ойлауды тудыру үшін уақыт керек.

2. Оқушыларға ойланып толғануға, ойын ашық айтуға рұқсат беру.

31

www.kazektep.kz



3. Әртүрлі идеялар мен пікірлерді қабылдау.

4. Үйрену барысындағы оқушылардың белсенді іс-әрекетін қолдану.

5. Кейбір оқушылар түсіп қалған қолайсыз жағдайларды әжуаға айнал-

дырмау.


6. Оқушылардың бір-бірінің жауабына жасаған сынының дәлелді, 

дәйекті болуын талап ету.

Сыни тұрғысынан ойлау бағдарламасының тиімді жақтары мыналар:      

1. Оқушылардың өздігінен жан - жақты  білім алуға жағдай жасалады.

2. Сабақ кезінде уақытты ұтымды пайдалану мүмкіншілігі молаяды.

3. Оқушылардың өзара пікір алмасуына мүмкіндік туғызылады.

4. Мұғалім мен оқушылар арасында ізгілікті қарым-қатынастар орнай-

ды.


Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету  модулінде  мұғалімге, ең бастысы, оқу 

үрдісін басқару. Оқушы міндеті де алмасады: ақпарат қабылдаушыдан 

серіктеске айналады, оқу – субъект – объектіге, яғни, белсенді ізденушіге 

айналады. Бұл модуль істің ебін ойлай білетін, қарым-қатынас жасай 

білетін, басқаларды ести және тыңдай білетін жаңа ұрпақ азаматтарын 

даярлауға көмектеседі. 

Сабақты дұрыс жоспарлау дегеніміз, менің ойымша сыни тұрғыдан 

ойлау әдістері бойынша баланың сұранысын ескеріп, болжам жасатып, 

шешімін іздетіп, шығармашылық қабілетін дамыту. Оқушылардың әртүрлі 

тақырыптарда зерттеу жұмыстарын жүргізе отырып, шығармашылық 

белсенділігі мен сыни ойлауын дамыту үшін төмендегі жұмыстар үнемі 

жүргізілуі керек:



– оқушы белсенділігі ;

– оқытудың оқушы ойымен, өмірмен байланысы;

– құбылысты әртүрлі позициядан қарастыра алуы;

– мұғалім оқушыға ұқсастықтар мен қайшылықтарды өз беттерімен 

салыстыруға, қорытуға, түйіндеуге жағдай туғызуы.

Мектептегі  тәжірибе  кезеңінде  мұғалімдер  өткізген  сабақтарында               

«Сыни  тұрғыдан  ойлауға   үйрету» модулін көбірек пайдаланып жүр. Курс-

тан өткен барлық пән мұғалімдері осы мақсатта өз сабақтарында «Сыни 

ойлауды дамыту» педагогикалық тәсілінің стратегияларын сабақтың 

үш кезеңінде ұтымды пайдалану қажеттілігін түсінді. Осы мақсаттарын 

мектептегі тәжірибе кезеңінде пәндік бағыттар және оқушылардың 

жас ерешеліктеріне сәйкес сәтті орындап шықты. Сабақтың үш кезеңді 

құрылымы  сыни  ойлауды  дамытуға мүмкіндік  туғызды. Топтағы  мұға-

лімдер сыни тұрғыдан ойлауға үйрету әдістерін тиімді қолдана отырып 

оқушыны өз пікірін білдіруге жетелеу, ойлау, талдау, іздену қабілеттерін 

арттыру,  рухани  дүниесін   байыту,  эмоциялық  мәдениетін тәрбиелеу 

барысында жүргізген іс-тәжірибелерін әріптестерімен бөлісті.

«Әрбір  бала – данышпан»  деген қағидаға мән берсек, оқушылардың 

жарқырап көрінуі үшін, олардың бойындағы қабілеттерін ашу және 

оларға бағыт-бағдар беруде мұғалімге артылар жүк аз емес. Ол міндет– 

оқушылардың шығармашылық қабілетін, ой-өрістерін, танымдық белсен-

ділігін  дамытуда  аянбай еңбек ету, оқушының жекелеген  қабілеттерін да-

мыту.  Сыни тұрғыдан ойлауға  үйрету  модулі  арқылы  сабақ құрылымын 

жоспарлауға шығармашылықпен қарау, әдістемелік зерттеуді жинақтау 

секілді  мүмкіндіктерге  қол  жеткізуге  болады. Ой  жоқ жерде  жүйелі 

сөйлеу де жоқ.  Олай болса, балалардың ойлау  қабілеттерін дамыта отырып 

сөйлеу тілін дамытуға жол ашуға  болады. 

Сондай-ақ пән  бойынша  жүйелі,  жан-жақты, терең білім берілсе, 

сыни ойлауға үйрету арқылы оқушылардың шығармашылық қабілеттері 

ашылып, өздігінен білім алып, оның нәтижесінде бәсекеге қабілетті және 

құзыретті тұлға болып қалыптасады. Еліміздің болашағын жасайтын жас-

тар білімімен  қатар  шығармашылық қасиеті  жоғары, өзіндік  көзқарасы  

бар, елге тұлға болатын  азаматтар  болуы керек. Ал  ол  азаматтарды  



32

www.kazektep.kz

оқытып  тәрбиелеп шығаратын негізгі орта – мектеп. Сондықтан қазіргі 

мектеп ішінара қайта құруларға жол беріп, көп істерде оң өзгерістерге қол 

жеткізуде. Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың 2030  жылға  дейінгі  бағдарламасын 

іске асыруға белсене қатысатындар,  кең  байтақ  Қазақстанның  байлы-

ғына ие болатындар, сол байлықты өз  иелігіне  жұмсайтындар,  сөз  жоқ, 

қазіргі мектеп қабырғасында жүрген  біздің оқушыларымыз  екеніне  ешкім  

күмән келтіре алмайды. Менің де тренер ретінде алдыма қойған мақса-

тым – тыңдаушыларға  ұлттық  педагогикалық  тәрбие  және білім берумен 

қатар олардың шығармашылық қабілеттерін арттыру. Сол себепті сабақты 

идеялық жағынан ғылыми негізде, өмірмен байланысты ұйымдастыру, 

білім құмарлығын таныту, әр сабақта оқушыларды ойлануға, өздігінен 

ізденіс жасауға баулып, ойын ауызша, жазбаша жинақтап баяндай білуге, 

мәдениетті  сөйлеуге үйрету арқылы ұлттық әдет-ғұрыпты бойына сіңіруге 

дағдыландыру – әрбір ұстаздың абыройлы борышы деп санаймын. «Мек-



теп жұмысы мен оқушы жетістіктерін өрістетудегі негізгі тұлға – мұғалім» 

деп Стронг айтқандай, ұстаздық білімділікпен қоса ізденімпаздықты, 

дарындылық, ұйымдастырушылық, тағы да көптеген құндылықтарды та-

лап ететін маман иесі. Шығармашылық қабілет баланың табиғатында 

болуы мүмкін. Біздің міндетіміз – оқушының бойында жасырынып 

жатқан мүмкіндіктерді ашып көрсету. «Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету» 

модулі арқылы оқушыларды тек жан-жақты дамытып қана қоймай, 

шығармашылық қабілеттері, түсіну сезімдерін арттыруға, оқушының са-

уатты жазу, мәнерлеп оқу, мағыналы сөйлеу, өлең шығару, эссе жазу, тағы 

да басқа көптеген қасиеттерін дамытып қалыптастыруға болады.



Әдебиет

1. Мұғалімге арналған нұсқаулық. – Астана, 2012. – ІІІ деңгей. – 3 басылым.

2. Мирсеитова С. Оқыту ізденіс ретінде және ізденіс оқыту ретінде. – Қарағанды, 2011.

3.  Оқыту – тәрбиелеу технологиясы журналы. –  2011. – №5.

4. Мирсеитова С.  Оқушылардың   сыни   тұрғыдан  ойлауын  дамыту  нысандары  мен  

 

әдістері. – 2011.



5. Әлімов А.  Интербелсенді әдістемені ЖОО-да қолдану мәселелері.  – Алматы, 2013.

үгінгі білім жүйесіндегі Қазақстанның экономикасы, техникасы 

мен технологиясындағы, мәдениеті мен әлеуметтік саласындағы 

КӘСІБИ КОММУНИКАТИВТІК ҚҰЗЫРЕТТІЛІК

С.МҰХАМБЕТОВА, 

педагогика ғылымының кандидаты, доцент,



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет