Əкем мен Анамның рухына, құрметіне бағыштадым!



Pdf көрінісі
бет24/31
Дата03.03.2017
өлшемі1,8 Mb.
#6661
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   31

АРУ КӨРСЕҢ..
Ару көрсең сүйген жақсы, сағынған,
Тоты құсқа кез келгендей бағыңнан.
Ер жігіттің бір аңсары сол сұлу,
Кірпігіне жұлдыздарды тағынған.
Ару көрсең жан шипасы деп білгін,
Аялай біл тек құрбым.
Сұлу деген – бұл ғаламның тірегі,
Бұл жырымды жер-жаһанға жеткізгін.
Ару көрсең көңіліңмен жөргекте,
Қамқор болған, ер көпке.
Ер жігіттің жан сусары, жан шөлі,
Тек сұлулық жайнап тұрсын, жер-көкте.
Ер жігітке содан артық жоқ қызық.
Ару көрсең алма тұстан өткізіп.
Айды таңға, Ал аруды үйіне,
Түн асырып сала көргін жеткізіп.
(Бола көрме тек бұзық?!)
 
АСАУ ТАҢ МЕН АСАУ КҮН!
Ассалаумағалейкум,
Асау таң мен асау күн!
Қайда асықтың жасаулым?!
Шідерімді
Шеше кетші менің де,
Мен де өзіңдей асаумын.
Ассалаумағалейкум,
Асау таң мен асық күн!
Неге сонша асықтың?!
Шеше кетші
Шідерімді менің де,
Бостандыққа ғашықпын!
Ассалаумағалейкум,
Асау таң мен отты күн!
Отсыз сенің жоқ күнің.
Босат Мені!?..
Бостандықтың отына,
Күйіп өлсем, жоқ мұңым.
Ассалаумағалейкум,
Асау таң мен елес күн!
Қара түн мен тел өстің.
Мойынымды
Созуменен өттім Мен,
Арғы жағын көре алмай,
Белестің.
Мен: Елес те емеспін!..

612
613
ШАРАНА ҮМІТ
І
Самайы таңның ағарған,
Ұсынды нұрдан маған дəм.
Көк аспанға күн шықты
Өзгерген түк жоқ, жаңарған.
Жəдігөй бұлттар жөңкілді,
Жəрмеңке іздеп ел тұрды.
Ілді де ажал жөнелді
Жетімді баққан кемпірді.
Бостандық алды бұла жан,
Дұға ғып кемпір сұраған.
Селдіреп қарттар жиналды
Сексеуіл сынды құлаған.
Кеудеден жылу от қашты,
Тең-құрбы жылап тоқтасты.
Ақ жаулық бұлт кеп бір шөкім
Көз жасын сығып қоштасты.
Тозған да мекен ұлы жыр,
Торсық та шеке ұлы жүр.
Қорлығы батпан ауылдың
Қорымы жақын құрығыр.
ІІ
Тарады хабар желменен.
Өлімнің сəні елменен.
Жетім қозы маңырады,
Қасқаны кемпір жемдеген.
Əңгірлеп қанын қақыртты,
Əжесін өлген шақыртты.
Ай мүйіз теке түнімен,
Жетімді сүзіп бақыртты.
 
Жыртылды түннің қолтығы,
Көңілім мұңнан толқыды.
Жетімге ара түсетін
Жан болмай қалды сол түні.
Би менен төре алдап жүр,
Шартарап елді шаңдап жүр.
Түн менен күннің арасын
Жетімдер жылап жалғап жүр.
Тағы бір күнді батырдық,
Тағы бір таңды атырдық.
Шарана үміт, кер бесік
Шайнаулы бармақ, ғапыл жұрт.
* * *
Күміс пен күптеп даланы,
Көрген жан естен танады.
Тамылжып тұрған тарихтың
Тастан да ойған шанағы.
Алтыннан перне тағынған,
Тиекке тілсіз бағынған.
Қорымды кезіп сыр айтып
Қорлансам барып шағынған,
Айырма мені шағылдан!?..

614
615
АЛМАТЫ САҒАН НЕ БОЛҒАН?!
Жолықтым қанша зарлық пен,
Өзгерген сауық, əн біткен.
Алматы саған не болған?!
Жаралы жүрек, жан біткен.
Сағаттың тілі жетектеп,
Еңкейген пенде, есеп көп.
Етегін түрген көшеде
Жарнама шамдар секектеп.
Көктөбе қайда көгілдір,
Көзден де ұшқан өмір бір.
Əркімнен сұрап мың жоғын
Көз жасын бұлттар төгіп жүр.
Аға да болдық күрсінген
Қыран құс едік сілкінген.
Еліктей қызға ен салған
Арыстан едік дүрсінген.
(Бақшасы солып
Бақ қурап
Біз жүрген жолдар сүртілген.)
Алматы мынау өзің бе!?
Аңқасы кепкен төзім бе!?
Азда бір болса қазақтың
От болған аршыл көзінде.
Қажыған жандар жауыр боп,
Бағынан соры ауыр боп.
Сауданың тілі сұрқылтай
Жауменен жатыр бауыр боп.
Байларың жатыр тасынып,
Байғұсың жатыр асылып.
Күлген де болдым амалсыз
Жарасын жанның жасырып.
Жайқалған бақша құрақ кіл,
Жан айтпас сырды сұрап тұр.
Көйлегің жылтыр, көркің гүл
Көңілің неге жылап тұр.
Басқаға айтпас бар мінің!
(Көзіңнен көрдім барлығын.)
Сұлу қыз сынды от басқан
Алматы сенің тағдырың!
Шулатып сауық құрасың,
Шудан соң үнсіз тұрасың.
Жоғалтып алған жандайсың
Байқаусыз барлық мұрасын.
Кеңсайға кеткен данасы,
Кеңпейіл қайда баласы?!
Қазақы бейнең қай жақта
Бұл өзі кімнің қаласы?!
Артыңнан ерді Алашың,
Салтыңнан неге танасың?!
Арыңның күміс түймесін
Ағытып қайда барасың!?
Ырдумен ырғап таң асып,
Талғамай жатпен жанасып.
Сен соқыр болсаң біз кімбіз
Көзге де біткен қарашық!?
Сертіңнен тайма, серпінгін!
(Ерлердің алар еркін кім?..)
Не болмаса қазақты –
Өз қолыңменен өлтіргін!..

616
617
* * *
Таулар мұнартады, мұң артады,
Жырымның бір арқауы.
Асқар тау,
Бөлек шыңым,
Білмеймін неге өксідім,
Мұнарға құмартады.
Таулардың жылағанын,
Көп көрдім білесің бе!?
Бəрі де жүр есімде.
Қазаққа біткен
Таудың,
Талайы күресінде.
...Білесің бе?!
АЛЫПТЫҢ СОҢҒЫ СӨЗІ
1
«...Ақиқат ...Менің сүйетінім көп ...солар секілді...»
Бұл – Лев Толстойдың соңғы сөзі екен
Жан кеудені тастарында бұлқынып,
Шығамын деп ең соңғы сөз тұр тұнып.
Өз бауыры Сережаны шақырып,
Толстой да көрді бір сəт ұмтылып.
Тау тұлғасы жерлік екен түсінді,
Алып дене алақанын ұсынды.
Бауырына жүрек тұсын көрсетті,
Ұшырғалы жатырмын деп құсымды.
Адамзаттың алыбы ғой қарашы,
Көңілінің көзінде тұр жарасы.
Тіршіліктің тамыршысы еді ол,
Ақиқатты... тапқан шығар шамасы.
1
 Соңғы сөз – «Жаз-ш» кіт-н (Қ.М.)
Сүйетін-ді... жүректердің бүлкілін,
Дүниенің жамап өтті жыртығын.
Сахабалар... ия,.. солар секілді,
Хақтан іздеп қалжырады сыр түбін.
ЖҰЛДЫЗДАР АҒЫП ТҮСКЕНДЕ
Сəулесі айдың нұрланған,
Сəлден соң үркер бүр жарған.
Барады ағып бір жұлдыз
Соншама сұлу гүлзардан.
Сапарын отқа ораған,
Қалмайды енді ол аман.
Талай бір жұлдыз сөнген-ді
Тағдырын уақыт тонаған.
Қара бір түнді қақ жарды,
Тауысты сорлы бар мəнді.
Тасқа бір кетті айналып
Тастаған жұлдыз жалғанды.
Ажалдың түсті торына,
Ақ жалын тастап соңына.
Көзден де таса, көңіл жат
Ұмытты сосын оны да.
Таң бозарып шықтанды
Оятып торғай құтпанды.
Елеген ешкім болмады
Жұлдызды ажал жұтқан-ды.
Ақынның бұл да жан мұңы,
Жалғыз-ақ сəуле бар құны.
Жайнаған көкте жұлдыздың
Қайғылы екен тағдыры.

618
619
Жан бар ма мұны аңғарған,
Жұлдыздай аз күн самғар жан.
Жұлдыздар ағып түскенде
Көңілің мұздар жалғаннан.
Мұздаған көңіл жылынбас,
Аққанда жұлдыз бұрылмас.
Көрдің бе əне қонақсың
Бірің де кəрі, бірің жас.
БЕТЕГЕНІ ЖАСТАНДЫМ
Топан судай селденмін,
Толастамас желденмін.
Ұртыма салдым өлең ғып,
Боз тікенін шеңгелдің.
Ай құшақ керген аспанмын,
Қайғы сап берген дастанмын.
Боз жусанды саялап,
Бетегені жастандым.
Біз де жоқ, өш, кек деген,
Сүрмедім өмір текке мен.
Өз ұлыңмын – Маңғыстау,
Өзекке тепсе кетпеген.
 
ҒАЛАМШАР КӨКЖИЕГІНДЕГІ ЕЛЕСТЕР
(Немесе Үш тал шыбық)
Ғаламшар тұңғиықтан қарамақ-ты,
Қамасып күн кірпігі жаңа жатты.
Ай аппақ, жер көгілдір ала дақ-ты.
Тəңірім мың жұлдызға мекен қылған,
Ай жатты, аспан жатты, дала жатты.
Тұп-тұнық, тылсым ғалам, шексіз ғалам,
Бір Алла өмір берген тек, Сіз, маған.
Жырыңды жеті қаттан жеткіз маған.
Төрт мұхит, алты құрлық , ырыс пен құт,
Құтыңа қол салып жүр епсіз надан.
...Ессіз заман.
Күн-Ата жер құлыны қара да тұр.
Көк аспан көзге сыйып, сана да тұр.
Жарықсыз жан тірлігің қара бақыр.
Айналып Күн-Атасын тоғыз бота
1
,
Толассыз ғұмыр кешіп бара жатыр.
Тағынып таулар жатыр бар атауды,
Мен тұрмын қалқан қылып Қаратауды.
2
Жанар тау жарылыстар сан атаулы.
Бір-бірін қос шалғайдан мəңгі іздеп,
Анд
3
 сүйіп қалған дейді Алатауды
4
.
Тау біткен бөлінбейді құрлықпенен,
Асқар шың ай аптаған, күн күптеген.
Адам ғой дау-дамайы бір бітпеген.
Өмір тұр соның бəрін жіпке тізіп,
Өлең тұр жүрегіне жыр жүктеген.
Боздадым бодандықта «Мазақпын!..» – деп,
Таусылдым , тамыр солып, аз-ақ пын» – деп.
Қолыма Ту ұстатты азат күн кеп.
Сыңсыған көп орманның арасынан,
Шақырды үш тал шыбық «Қазақпын!..» – деп.
Əлпеште, əлем мені аспан ана,
Жырымның көзіндегі жасқа қара.
1
 Тоғыз бота – Күн шеңберіндегі тоғыз жұлдыз.
2
 Қаратау – тау атауы.
3
 Анд  (Оңт.Америка) – тау атауы.
4
 Алатау – тау атауы.

620
621
Мен саған қалай берем басқа баға.
Жүрегі дүниенің бүлкілдеп тұр,
Сенбесең тауға қара, тасқа қара.
Тұран боп тұнжырайды мұнарымыз
Ел болдық мұнар-мұңнан құралып із.
Ақ қанат ақ сағымның сыңарымыз.
Айналған сексеуілге сертті күні,
Қызыл шоқ, қыңыр шалдың ұланымыз!
Қыранбыз қыр жайлаған арманы құз,
Ерлердің көп шайналған бармағымыз.
Біз деген кешкі жалын, таңдағы мұз.
Өртеніп, жанып-күйіп, шоқтай қоздап,
Кетіпті аспан жаққа шалдарымыз.
Көш кетіп бара жатыр көк жүзінде,
Көтеріп көкке байрақ сездіңіз бе!?
Көнбейді көкбөрілер езгіңізге.
Мағанда қол созады аспан жақтан,
Барармыз кеткендерге мезгілінде.
Па, шіркін!..Көш салтанат, ел бедерлі,
Болмайды бұлт тосқауыл, жел кедергі.
Қол жайып ақ батаңды бер дегем-ді.
Ақ сəуле əруақ біткен періштелі,
Көк аспан-алтын астау зер кемерлі.
(Серпіндім!..Жүрегімді шер жеген-ді)
Ой жетпес, сөзде жетпес Сыр мен Нұрға.
Өтеді бұл сағыныш жырдан-жырға.
Егіпті иман құлға, бір дəн қырға,
Жан салып қос ішектің сазыменен,
Бұл өмір жалғасыпты ұлдан-ұлға.
Аппақ нұр ақ жанымды сол баптады,
Өмір бір аз күн кепіл қол хат-тағы.
Не болмақ мəңгі ғұмыр ол жақтағы.
Əйелге оң қабырғам олжа болды,
Жүрек пен сүю үшін сол жақтағы.
Келеді содан бері өлең мен жыр,
Босамай көк желкесі көгеннен бір.
Ақынның сүйегіне кенелген қыр.
Қарасаң көкжиекке көз талдырып,
Кешегі кеткен Шалдар елеңдеп жүр.
Хақтан нұр, халал жүріс ұл-қыздан-ды,
Демеңіз қара жерде жүрміз мəңгі.
Талайға хан-салтанат құрғызған-ды.
Бəрі жоқ соның енді қарап тұрсаң,
Сахаба мекен етті жұлдыздарды.
Құлына Хақтан күзет, ақтан тілек,
Тəңіршіл тамыр бойлап жатқан жүрек.
Сыналап Нұр-дан шырақ жаққан біз ек.
Əулие – Əнбие мен Пірім Бекет
1
,
Жаздырды Халал жырды Хақтан тілеп!
Ай өтті, тағы жеттік жаңасына!
Қарайлап əркім шарға-шамасына.
Дұшпанның қалдырмасын табасына.
Қайырлы болғай дағы Атамекен,
Азғантай Алашымның баласына!
Қарайды көкжиектен баба шағым,
Шертеді баба шағым – балаша мұң.
Тамаша лəззатпенен таң асамын.
Тоныкөк, Күлтегін мен Қарлұқ Үлге
2
,
Иассауи, Қорқыт Ата, Баласағұн
3
.
1
 Пір Бекет.
2
 Тоныкөк, Күлтегін, Қарлұқ Үлге – Əлемге, Түркі жəне Қазақ халқына 
белгілі Əулие-Пір, ақын-жырау, сал-сері, қағидалы даналар, Ерлер, тарихи 
тұлғалар.
3
 Иассауи, Қорқыт Ата, Баласағұн – Əлемге, Түркі жəне Қазақ халқына бел-
гілі Əулие-Пір, ақын-жырау, сал-сері, қағидалы даналар, тарихи тұлғалар.

622
623
Тіл қатып сыршыл аспан, жаныма түн,
Жанарым елес кезіп жаңылатын.
Жұлдыздан жүзік салып тағынатын.
Кетбұға, Асан қайғы, Қазтуған
1
 мен,
Тербейтін бесігімді Абыл
2
 ақын.
Бақ берді, бағыт берді, жүргізгелі,
Ен байтақ, ерен ел мен бірміз деді.
Бұл өмір көк тайғанақ, кіл мұз деді.
Шалкиіз, Ақтамберді, Бұқар жырау
3
,
Доспамбет, Махамбет
4
 пен тұрмыз деді.
Қорқыт тұр қобыз болып зар иленіп,
Қайғырып бура шөкті, нар именіп.
Əн салды Əсет пенен Мəди
5
 келіп.
Селдетті Сегіз Сері, Жеті Қайқы
6
,
Солардан қалған мынау фəни делік.
Күннен-күн озып жатыр кермек болып,
Жатырмыз жан біткенді жерлеп болып.
Өлімнің өзі кетті ермек болып.
Абай
7
 тұр ғапыл көктің биігінде,
Батасын бар қазаққа бермек болып.
 
Қан талақ қара көзден сор тамызған.
Жау жастап, талай ішкен сорпамыздан.
1
 Кетбұға, Асан қайғы, Қазтуған – Түркі жəне Қазақ халқына белгілі 
Əулие-Пір,  ақын-жырау,  сал-сері,  қағидалы  даналар,  Ерлер,  тарихи 
тұлғалар.
2
 Абыл ақын.
3
  Шалкиіз,  Ақтамберді,  Бұқар  жырау – Түркі  жəне  Қазақ  халқына 
белгілі ақын-жырау, сал-сері, қағидалы даналар, тарихи тұлғалар.
4
  Доспамбет,  Махамбет – Түркі  жəне  Қазақ  халқына  белгілі  ақын-
жырау, сал-сері, қағидалы даналар, Ерлер, тарихи тұлғалар.
5
 Əсет, Мəди – Түркі жəне Қазақ халқына белгілі ақын-жырау, сал-сері, 
қағидалы даналар, тарихи тұлғалар.
6
  Сегіз  Сері,  Жеті  Қайқы – Түркі  жəне  Қазақ  халқына  белгілі  ақын-
жырау, сал-сері, қағидалы даналар, тарихи тұлғалар.
7
 Абай – Абай Құнанбаев.
Суырып кіл жақсыны қолқамыздан.
Əнеки Əлихан мен Мұхтар
1
 жатыр,
Əбіш
2
 те кетті ме деп ортаңыздан!?
Болған-ды күн келбетім, ай-тұғырым!
Айтамын көп жақсының қайсы бірін.
Кеткен-ді халфе, ишан, шайҺы, Пірім!
Ақ Құдай-адамзатқа қанағат бер,
Қолыңды шүкірлік қыл, жайшы күнім?!..
Жаралған кеш кеңестен, таң арманнан!
Жөн сұра жақсылық пен жаңарғаннан.
Еңбек ет –маңдайдан тер, табаннан қан.
Қазақтың қаракөзін сақта Құдай,
Тəңірсіз, тəлім қонбас надандардан!?..
Жыр жауһар, алтын күмбез, сарай ғалам,
Бұл күнде көңілім күй, əн айналам.
Дүние құбылады қалай бағаң?!
Тартайын Отпан тауға – Қарашаңырақ
3
,
Сонда жүр Қалнияз бен Адай бабам
4
!
ТІРШІЛІКТІҢ МƏНІ МЕН СƏНІ
Бəрі туыс адамзаттың қаны бір,
Бəрі ақын азаматтың жаны жыр.
Менің жаным,
Сенің жаның бір туыс,
Жан біткеннің зары бір.
Бір бесіктен өсіп өнген жандармыз,
Бір Аллаға қолды жайған арманбыз!
1
 Əлихан (Əлихан Бөкейханов), Мұхтар (Мұхтар Əуезов) – Түркі жəне 
Қазақ халқына белгілі тарихи тұлғалар.
2
 Əбіш – Əбіш (Əбіш Кекілбаев).
3
 Отпан тау Қарашаңырақ – (Маңғыстау өлкесіндегі Отпан тау баурай-
ында Қазақтың Қарашаңырағы орналасқан).
4
 Қалнияз Жырау, Адай (Адай-Ата) – Түркі жəне Қазақ халқына белгілі 
Əулие-Пір, ақын-жырау, сал-сері, қағидалы даналар, тарихи тұлғалар.

624
625
Иманды құл
Бəрімізде бір жан бар,
Бөліп-бөліп кеудемізге салғанбыз!.. 
Барлық адам –
Бір-ақ туыс , бір-ақ құл,
Құлдан Құдай сол бірлікті сұрап тұр.
Он сегіз мың ғалам туыс, бір тұтас,
Қайдан түскен ұрыс-керіс сызат кіл!?
Дүниені
 Қайта тату қылмақ боп,
Жер бесігім, аспан анам жылап тұр.
 
ОН СЕГІЗ МЫҢ ҒАЛАМ ЖƏНЕ 
КСЕНОФОБИЯ
1
 ДЕРТІ
( ... Шағын ақпарат көздеріне жарияланды. 
Оқырман пікір айтуда ...)
(САНА МЕН ЕЛЕС,ҮРЕЙ МЕН ҮМІТ... ЖҮРЕК ПЕН ЖЫР... 
ЖЕТІ ҚАТ ЖЕР, ЖЕТІ ҚАТ КӨК... ЖЕТІ САЗ... ЖƏНЕ 
ЖЕТІ БӨЛІМНЕН ТҰРАТЫН ӨМІРЗАЯ-ТОЛҒАУ. )
Теледидардан халықаралық хабар беріп жатты. Алып елдердің 
айға қала салмақшы болғаны да естір құлаққа екіұшты əсер қал-
дыр ды. Əлемнің Қалта-Мандары мен Қалталылары жəне саясат-
керлері  мен  өндіріс  иелері  Жұмыр  жер  мен  Көк  аспанды  əлдеде 
игере  түсу  керек  екендігін  айтып,  үлкен  құлшыныс  танытып 
жатыр деп хабарлады. Сəлден соң, əңгіме табиғат жайына ойы -
сып,қызық-қызық оқиғалар мен оқшау көріністерге ұласты. Жур -
на лис тердің жеке пікірімен де əрленіп жатты. Бір ғалым: қара-
құрт тар жайында ой толғады. Олардың уын алып, пайдалану ке-
рек деді. Енді бірі қарақұрттардың амал-əрекеттерін баян етті.
1
 Ксенофобия – бейтаныс, өзге заттарға, адамдарға қатысты қорқыныш 
немесе жек көрушілік, өзгені түсініксіз, қауіпті жəне жау ретінде қабылдау 
(Дип.терм. Авт. А.Б. / Р.Ж.)
ТЕЛЕДИДАРДАН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ХАБАР:
– Аса улы жəндіктің бірі – Қарақұрт. Ол ыстық құрлықтарда 
ежелден бар көрінеді. Бірақ, бүгінгі қарақұрттардан айырмашы-
лығы дандайсып, ұя-торларынан алыстап, өзгелерге ұрынып, ажал 
уын  шашып  өрескелдікке  бармайтынға  ұқсайды.  Себебі,  ежелгі 
дəуірде:  сол  қарақұрттарды  іздеп  жүріп,  тірілей  денесі не  жұ-
мырт қа салатын қызыл қоңыз болған көрінеді. Əлгі, жұмырт қа: 
қызыл қоңыздың баласына айналып, қарақұртты тірілей іші нен 
жеп, жетіліп, оның уына пысқырып та қарамайтын жау болып 
шығады  екен.  Қарақұрт  өліп  тынады.  Сол  қызыл  қоңызға  тап 
боламын  деп  қорқып,  қарақұрттар  ұя-торынан  аттап  шық -
пай,  бұйырған  несібесін  ін  түбінен  күтіп,  ешкіммен  жауласпау-
ды ойлайтын дəрежеге жеткен. Азға қанағат шүкір еткен. Біз-
дің  дəуірімізде  де  қарақұрттар  бар,  бірақ,  қызыл  қоңыз  жоқ. 
Соны  білетін  қарақұрттар  аяғын  алшаң  басып,  көрінгенді  ша-
ғып, білгенін жасап жүр... Халықтық қағидалар жойылып, ұлт-
тық  үрдістер  бұзылып,  заңсыздық  орнаған  жердің  көрінісі  бұл. 
Ұлттық  сананың  жазылмаса  да,  мүддесінен  жаңылмайтын  қа-
сиет тері,  тəлім-тəртіптері  қайда!?..  Қызыл  қоңыздар  жойыл-
ды.  Адамзаттың  қолымен  жасалған  лас-əрекеттердің  салдары-
нан жоқ болған. Тəңірім тепе-теңдік қалыптастырды. Біз, Адам-
дар, соның барлығын да бұзып-жарып «Өркениеттіміз!..» – деп 
бетпақтанып жүрміз. Міне, осылай, бір ғалым күйіп-жанып те-
ледидардан сөйлеп жатты. Бірақ, оны тыңдаған жас пен жаса-
мыстар тым аз еді.
ҚАРАҚҰРТ-САНА
Қарақұрттай қара сенің қылығың,
Бетін басып, белден қашты ұлы күн.
Сен шайқадың тіршіліктің тұнбасын,
Болмас енді қызға тыйым, ұлға сын.
Ниеттердің қарақұрты талтаңдап,
Бір-біріңе сақтап жүрсің балтаңды ап.

626
627
Сенен азды мынау əлем жылады,
Өз ұлынан жер араша сұрады.
Сенің торың қара ниет, қара бау,
Сендік мақсат: обалына қарамау.
Көзіңнен құрт, сөзіңнен құрт тарбаңдап,
Тек торлауды жүрсің, əне, армандап.
Сен адамсың, жан бойыңда қарақұрт,
Шыңғырады шырмауыңда баба жұрт.
Шырмап алған мендік сана байлаулы,
Сендік зəрден миым судай қайнаулы.
Аспан анау қарақұрт боп төнуде,
Адалдықты жер түбіне көмуде.
Сенің аяр қара құрсау шырғалың,
Торға түскен шыбын менен бір жаным.
Қорқыт Атам қыл қобызын сайлады,
Тығылды кеп туған жер мен айлағы.
Жұлдыздардың бар жарығын сөндірген,
Қарақұрттай – қара ниет көрдім мен.
Жұмыр жерді орап алған, менмендік,
Қашып бара жатыр, əне, елден құт.
Мақтаныш пен көрсеқызар, пиғылдар,
Қалай ғана сұлулықты қидыңдар.
Қарақұрт боп у мен зəрден жаралған,
Ғалам қорқып кетпек алыс адамнан.
Тоқта!..Тоқта!.. Ай мен күнім асылым,
Тау жылайды, тас жылайды жасырын.
Сұлулықтың көзін ойып қарақұрт,
Пайда болды жер бетінде жаңа жұт.
Жаңасының түрі мынау жын-ойнақ,
Бір жазасын тарттырады Құдай-Хақ!
Ей, дүние, ару едің аппақ нұр,
Мың қарақұрт саған торын сақтап тұр.
Менің мөлдір жаным қайда, қазағым,
Қылды оның ақ ниетін қаза кім?!
Қарақұрттың шырмауында ұлттығым,
Ұлттың жанын, ұлттың қанын жұтты кім?!
Жыр шырмауда, саз шырмауда, ел егес,
Таң атпай ма!?..Неге түн мен неге кеш!?
Түн-қарақұрт, күн-қарақұрт, көп шалыс,
Құтылам ба кетсем сонау көкке алыс!?..
Кірпігінен жас сорғалап ай тұрды,
Сосын оның жаназасы айтылды.
Он сегіз мың ғалам жатыр торыңда,
Бір қарақұрт ұлт санасын соруда.
Сендік байлық – сендік емес құрттікі,
Дүниені тəркі қылған ұрттікі.
Қарақұрттың араны бар, қанды көл,
Өз қолыңмен апардағы жанды бер.
Өз ниетің қарайды да тор болды,
Өз пиғылың өз басыңа сор болды.
Өзін-өзі кеміреді адамзат,
Қарақұртсың!..Қайыр-сауап саған жат.

628
629
Ындындар тұр ала қоржын, пайдашыл,
Аңға айналған мынау сонда қай ғасыр!?
Біздің құрттар, біздің «бектер» бүлікшіл,
«Қой» – дейтұғын қожасы жоқ, дұрыс жүр»
Білгендерін жасап жатыр жеріне,
Əй дейтұғын Əжесіздің керіме!?
Жауды көрсе жампаңдаған жарбақы,
Кімге қандай бар бəсі.
Қарттарымның қағидасы жаңылған,
Заман болды қағынған.
Опырылды ойсыз бастан кəрі құз,
Асау болдық ер салдырмас бəріміз.
Өз халқына қыр көрсетіп зілденген,
Бұл далада кімдеріңе кімдер жем.
Аңдысамыз бір кеменің үстінде,
Ал бұрқыра, өз деміңе пістің бе!
Төгіп көрші, төске салып қаҺарды,
Төңкер нар мен атанды.
Сенің халқың кімге керек өзің біл,
Ойсын мейлі, етін күң мен көзін құл.
Арашалап не жыны бар басқаның,
Жер сенікі, ел сенікі, аспаның.
Шағып өлтір, балтырынан жабыс та,
Жүрген ерді қорған болып намысқа.
Тек өзің қал, текті біткен жоғалсын,
Адал өлсін, айтсын бəрі соған сын.
Шөп басында шіреніп тұр бір-бір құрт,
Үндемейді құрғыр жұрт.
Табан етін шөңге жеген, шөп жеген,
Көзін алмай емпеңдейді өзгеден.
Етегіне оратылып, жығылмақ,
Біліп алған сырын жат.
Мүнəйім боп, мүлгігенді жөн көрмек,
Құрт пенен сырт дəм татып жүр төрден кеп.
Біздің құрттар қалай-қалай талтаңдар,
Жүгір Сен де қосылып ал, қалқам бар!?
ТЕЛЕДИДАРДАН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ХАБАР:
–  Оңтүстік  Америкадағы  елді  мекенге  жақын  орналасқан  алып 
жыландардың өмір сүру айлағына адамдар қоныстанып, ша руа-
шылық  көздерін  ұйымдастырған.  Көп  ұзамай  аталық  жылан-
дар  жыныстық  қатынастан  соң,  жұмыртқалауға  сапар  шек-
кен  аналықтарын  тауып  алып  өздері  өлтіре  бастаған.  Дағды -
 лы  мекенін,  тиесілі  жерін  адамзаттың  баласы  асқан  қанағат-
сыздықпен  жаулап,  тартып  алғаннан  соң,  əлгі,  киелі-кербездер 
(жыландар)  дүниеге  ұрпақ  əкелудің  мəн-мағынасын  жоғалтқан. 
Солай,  табиғаттағы  жанды-жансыздың  барлығы  адамның  зұ-
лым дығынан жеңіліп, өз өмірлеріне қол сала бастағанының дəлелі 
шығар, осы шарасыздық?!.. Қоғамдық қарым-қатынастағы əді-
летсіз  майдан – ұлтты  осы  шарасыздыққа  əкеліп  жүрмесін!?.. 
Жыландар өзін-өзі жұтуда. Жалпы күллі Əлем дағдарысқа ұшы-
рауда.  Тепе-теңдік  бұзылды  деп,  əлгі,  ғалым  жігіт  тағы  да  ой-
пікірлерін айтып жатты. Бірақ, оған селт еткен «Өркениет» бол -
ған жоқ.

630
631
ЖЫЛАНДАР ПАТШАЛЫҒЫНЫҢ ЫДЫРАУЫ
Кестеленген, өрнектелген, өр кілең,
Бір патшалық жайлап жатқан төрді кең.
Сұлусынған қара моншақ көздері,
Өңкей асқақ, өңкей асыл өздері.
 Мынау мекен тек соларға тəн еді,
Қоғалы көл, сары самал əн еді.
Ордасымен көшіп қонған, ел бүтін,
Адам келді, зауал келді, шерлісің.
Шығып алып бір-бір қоға басына,
Жер тұншықты көзден аққан жасына.
Сұлу еді, биші еді бұралған,
Енді оны ажал күтіп тұр алдан.
Сол ажалдың жендеттері адам-ды,
Ту дүние тыр жалаңаш таланды.
Қара орманның тамырынан қан алды,
Қара жердің жүрегінен жан алды.
Жан біткеннен жан алатын адам-ды,
Қасарысқан қайтпайтұғын надан-ды.
Бірін-бірі адам жұтып өлтірген,
Жасап алған күннен кебін, көр түннен.
Енді, міне, патшалығы жыланның,
Қайырмасын айтып көрмек бұл əннің.
Адам айтты өзін-өзі ұтуды,
Жыландарға бірін-бірі жұтуды.
Қу дүние кіл өңешке айналды,
Кімдер кімді, жұта салмақ, қай маңды.
Ойбай, əне, өңеш қаптап келеді,
Ол тойымсыз, жұтудың қас шебері.
Бастары жоқ, өңкей өңеш күлісті,
Жұта салды ұлтың менен ұлысты.
Жер дірілдеп табанымнан үн қатты,
Көк дірілдеп бізден қашып, зыр қақты.
Соғыс тілеп, сойқан тілеп, тапсынған,
Келе жатыр қара ниет асқынған.
Адамдарды адам жұтты, талмады,
Жыландарды жылан жұтты жалмады.
Тау мен тасты бəрін жұтты езгілеп,
Сұлу əлем қызыл қан боп безді кеп.
Жұтқан жылан жұтылғанын толғады,
Адамнан да аяушылық болмады.
Патшалықтың суса болды сүйегі,
Сұлу еді, əлем əн мен күй еді.
Бірін-бірі бəрі шайнап тастады,
Тері төсеп, сүйектерін жастады.
Ту байлады жеңген болды, жеңілді,
Өңкей өңеш өз туысын кемірді.
Өңештердің іші айқай, зар-мұңды,
Дəл сол мұңнан өңеш шөлін қандырды.
Адам жатты адам болып қас жауы,
Жылан жатты жылан болып қас жауы.

632
633
Өзін-өзі жек көретін кіл өңеш,
Өңештерге жұта салу түк емес.
Орман өлді, гүл тақырға айналды,
Жүзі сұп-сұр көрсеңізде қай жанды.
Кештіңіз бе əділетсіз майданды,
Қатер содан, қауіп болса қайдан-ды.
Бұл дүние – ішек-қарын, ірің-жын,
Ібіліс боп келіп сен де сіміргін.
Адам болсаң сұлулыққа ара түс,
Ақ жоғалып, басты жерді қара түс.
Көкірегі қара сонау пенденің,
Қалды аппақ, халал сөйлер ер де кім!?
Жылан алдап жұбын жеді бассалды,
Адам алдап жер мен жемек аспанды.
Адам – жылан, жылан – адам боп кетті,
Қос өңешке бір қанағат жоқ депті.
Сұлулықтың қанды көзі көгеріп,
Басын шаппақ қойды ортаға шөгеріп.
Сұлу əлем өлтір деді шыдамай,
Өлді ару, өлді аққу, құралай.
Көл жылады көздеріне құм құйды,
Ел жылады жанарына у құйды.
Тау жылады, ормандарым сыңсыды,
Көздерінен қан сигектеп ыршыды.
Сұлу əлем аяқ асты тапталды,
Ал өңештер тағы қайда аттанды!?
Суық жылан сұлу қыз боп көрінген,
Ақ сүт құйып шығарып ем төрімнен.
Киесі боп кең даланың үскірдің,
Күшті көрсең қаһарландың, ысқырдың.
Айбатыңмен аламанға сұстандың,
Иесі едің, киесі едің ...Станның.
Сен де енді азайдың ба, жеңіліп,
Өзіңді-өзің кеміріп.
Біздің пиғыл қорқытты ма даланы,
Адамзаттың ашылып тұр, араны.
Жел мен сарнап ордабасы жыланым,
Жер түбінен сəлем айтып жыладың.
Саған қолды соза білмес елденмін,
Мен жерімді баяғыда бергенмін.
Хан салтанат қара жылан, ақ жылан,
Не көрдіңіз ал бұдан.
Өрнектеген кер жыланым, керімім,
Ордаңыздан қуып шықты сені кім!?
Бүйіріңе күміс тағып күн құшып,
Жауларыңды жапырғансың бір қысып.
Ата жылан қалқан қабық, жебе тіл,
Өз ұрпағын жалмап алып неге тұр!?
Алты құлаш қарағайдай дің еді,
Орда тікті... Оны да жұрт біледі.
Не болғаны, кім болғаны түк те емес,
Осы менен ту құлады, бітті егес.

634
635
Жылан жылап, адам күліп ақсиды,
Ата жылан жанарынан жас сиді.
Өзін-өзі тістеледі, шайнады,
Ғалам жылап, бітті ердің сайраны.
Киік өлді анау жылы киелі,
Жылан өлді мынау жылы ұялы.
Киесі жоқ қу медиен жұмыр жер,
Қайғысына қамсау болар бір ұл бер!?
Сұлу жылан, ханшайыммен, ханзада,
Ордалы ел ғұмыр кешті аз ғана.
Жер астынан шықты жылан анасы,
Аталықпен арыздаспақ шамасы.
– Қош мекенім, жарық күнім, Ордалым,
Берен қару, бел шешпеген қамалым.
Біз жүргенде бақа-шаян күлмеген,
Атабасы ер мен егіз жүрген ем.
Хан шатырым анау тастың жақпары,
Қанша жаудан сардарларым сақтады.
Есіл ерлер алтын орда, ақ орда,
Баяғыда болған бізге бақ орда.
 Атабасы Ерім еді сыңарым,
Құдай салды, қоштасалық шырағым.
Деп сыңсыды ана жылан ару-ды,
Ордасына ит пенен құс сарулы.
Алтын балдақ хан тұғыры қаралы,
Ханзада мен Ханшайым да жаралы.
Сабау қамшы секілденіп өрілген,
Тірі адастым деп жылады төлімнен.
Жылап тұрды жыландардың ордасы,
Орда еді, енді, міне, қор басы.
 Қорлық деген шарасыздық, жеңілу,
 Көз жасыңды жең мен сүртіп егілу.
 
Хан төрінің қағанаты бүлінді,
Адам боп кеп ажал пері үңілді.
Жайрап жатты құм астында Патшалық,
Құрт-құмырсқа мəре-сəре бассалып.
Екі жылан еңкілдеді бауырлап,
Енді қайтсін кешегіден дəуір жат.
Жыландарым ен даланы жылатты,
Қырсық құшып қарап тұрды қыратты.
Аналықтың ақ тамағы құрғады,
Атабасы бойын толғап ырғады.
Түспей тұрып өлейін деп қармаққа,
Екі жылан кетті айналып Əруаққа.
Ей, Адамзат жыланды да жылаттың,
Əрең тұрған болар көкте шыдап күн.
 Орман өлді, дала өлді қаңырап,
Атпай қойды ертесіне таң ұзақ.
Содан соң ба?!.. Жыландарды көрмедім,
Өлгенің ғой, көнгенің.
Жылан білді адамды да, заманын,
Іздеп жатты кек алудың амалын.

636
637

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   31




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет