Əкем мен Анамның рухына, құрметіне бағыштадым!



Pdf көрінісі
бет23/31
Дата03.03.2017
өлшемі1,8 Mb.
#6661
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   31

ТАЗАРУ
«Уа,  иман  еткендер!  Дүние-мүліктерің  мен  бала-шағаларың 
Алланы еске алуларыңа кедергі болмасын. Осынау нығметтерге ал-
данып, Алланы ұмыт қалдырғандар үлкен зиян шегеді. Қайсыбірің-
нің ажалы жетіп: «Уа, Раббым! Ажалымды аз уақытқа болса да 
кешеуілдетсең, қайыр-садақа беріп, салиқалы құлдарыңнан болар 
едім!» – деп қапыда қалмай тұрғанда, өздеріңе берген ризығымыз-
дан (Алла жолында) жұмсаңдар. Алла тағала ажалы жеткен еш-
бір пенденің өлімін əсте кешіктірмейді. Алла тағала не істеп, не 
қойып жүргендеріңнен толық хабардар» 
(«Мунафиқун» сүресі, 9-11-аяттар). 
Жел соғып тал тазармас желпінбесе,
Қарт үлгі, жас жаңарып серпінбесе.
Тəн деген – жаукөбелек зиянкес-ті,
Көз сатып көрінгенге елпілдесе.
Жабысып жарқанаттай күнə жанға,
Білерсің жаһаннамға құлағанда.
Иманың жем болған соң жауторғайға
Айтамыз қандай жауап сұрағанға.
Кетпейді жын жайласа жалын іштен,
Мауығып мысық ниет мəлін іспен.
Кенедей нəпсі деген қара сүлік
Иманның жүзін торлап қанын ішкен.
Сүттіген, сүт жапырақ, сүттіқұлақ,
Өтерін сүт күнінің ұқты жылап.
Бізде бір балжапырақ, жан қақырап
Көп шылап көз жасымыз бітті бірақ.
Қамшыдай жылан бауыр иі келген,
Өтті өмір таспа тіліп жиі белден.
Тарбиған тамыздағы қарақұрттай
Нəпсің тұр өз уына күйіп өлген.

590
591
Қауырсын таңдап алып қарқарадан,
Жан едік шаршы шаңдап, алқалаған.
Барады атақ қуып, шатақ қуып
Дүние өз иманын балталаған.
Желкеге жын ұялап шығып алып,
Ақ туын адалдықтың жығып алып,
Əлем бір ақша іздеген ақбас сиыр,
Сүртеді сілекейін ыңыранып.
Бозторғай боз шағылды мекендейді,
Боз күнім бордан жұмсақ бекер дейді.
Жамылып қырғи құстың көлеңкесін,
Жанығып өмір сүрдім жетер дейді.
Ақ күнді, адал күнді сағым қылды,
Ит-нəпсі сүйек моншақ тағындырды.
Нəпсіге иман көрсе жығып беріп
Əділетсіз майданға бағындырды.
Бес құрлық бес тырнағы қарақұстың,
Қанымнан қан сүрлеуде жалап ұштың.
Қара жер қайда барып тоқтар екен
Илеуі залымдық пен қара күштің?!
Жан Ием, Жаратқаным не дейін көп,
Кең аспан қабағың бұлт, көмейің көк.
Гүлдейді тасбұйырған тауды жарып,
Бір көріп, бір көрініп өлейін деп.
Гүлдендік, қауыз жардық, тебірендік,
Тағындық қайқы жүзік, сері белдік.
Жастықтың жалынымен асаусынып,
Тұмсаның толғағындай кері келдік.
Аруға көңіл бердік, ерін бердік,
Шешпедік сұлу құшып тегін белдік.
Қол жасап мойын байғұс көтеріп жүр,
Бар дейсің сол күндерде не білгендік!?
Жүргенмен құбылаға жиі құлап,
Көңілдің əні шəрбат, күйі бұлақ.
Кең Құдай енді өзің кешірмесең
Жағдайы құлыңыздың қиынырақ.
Ол сұрақ қиын дейді жан алғаннан,
Артық деп кім айтады бағам жаннан.
Азырақ күнə жасап тəуба қылар,
Кешірім сұрау үшін жаралған жан.
Құдай ерге еркіндік берген дейді,
Терсін деп несібесін жерден дейді.
Жасаған біліп-білмей күнəмыздың
Құлағы төбе сайын ербеңдейді.
 
Кірлетпек кінəратсыз кім бесігін!?
Қарашы қарау ойдың із кесуін.
Біз байғұс сұрау үшін жаралғанбыз
Алла тұр беру үшін бір кешірім.
Құлыңды кешір Алла, ал сұрадым!
Алдыңда аққан жас боп тамшыладым.
Хор қызы қолын бұлғап шақырады
Жəннаттың есебінде бар шығармын!
ХАБАРДАР БОЛ
Тыныштықтың білмеген ел қадірін,
Өз қолымен сөндірер күн жарығын.
Сөнеді күн соғыс жайлап өлгесін,
Белгілі ғой, өлсең күнді көрмесің.

592
593
Піл сақтайды тыныштығын күшімен,
Арыстан жүр сақтап оны тісімен.
Гүл сақтайды сұлулығын өткізіп,
Бұл дүние сонысымен бек қызық.
Түлкі ұстап ақыл менен айласын,
Кім білмесе сол қорғансыз пайдасын.
Өзгереді қозғалыстың мекені,
Тыныштық тұр қан-қан болған етегі.
Бірге өзгер заманыңнан адаспа,
Қанағатсыз күштілермен жанаспа.
Əлсіз болу бейбіт күнді заялау,
Көп күштінің көлеңкесін саялау.
Ғылым-білім көптігіңмен, бірлігің,
Тыныштығын сақтар басқа кім бүгін?!
Бейбіт күн де нұрлы-ғайып киелі,
Қорғай білер ел мен жерді сүйеді.
Бейбітшілік тілекшісі ерліктің!
Əлсіз болу белгісі емес елдіктің.
Бейбіт күн де ару қыздай шыным ал,
Ер мінезді елге барып тығылар.
Қарулы ер, білікті жан ерікті,
Еріктіге Бейбіт күн де сеніпті.
Бейбіт күнді сүйгің келсе маңдайдан,
Соғыс жайлы хабардар бол бар жайдан!
ЖҰРТЫМДЫ САҚТАЙЫН ДЕП
Көрінбей қырық шілтен, қыдыр бабам,
Қырдан кеп самал болып сыбырлаған.
Ақ құйын орай шауып, борай шөгіп,
Боз төбе ісің мəлім, сырың маған.
Шаңдатып ақ бас құйын күркіреді,
Аспанды төбесімен бір тіреді.
Тарылып қырық шілтен қыдырды іздеп
Көкталды буындырып сілкіледі.
Ауылдан қыдыр кетіп қырсық қалды,
Көк құйын көзге зəрін бүркіп мəңгі.
Ығына жығылсайшы өлесің – деп,
Кəрі ағаш бүйірімнен түртіп қалды.
Салып ап Маңғыстауды жүрегіме,
Ер салдым болат тұяқ күдеріге.
Құйынға қарсы шаптық құтырынған,
Қарамай төрт аяқтың шідеріне.
Қайдасың қырық шілтен-қыдыр бабам!?
Ел едім елесіңді ырымдаған.
Төрт тарап түгел көріп отыр менің
Төбемнен аққан қанды шымырлаған.
Буынып қынай тартып белдемесін,
Жаңғыртып бара жатыр жер белесін.
Құлайды-ау осы құрғыр шідерімен
Құтырып құйын тыным бермегесін.
Біз бірақ не көрмедік бұрынғыдан,
Сондықтан қызым – қызғыш, ұлым – қыран!
Ит іркіт, жылан сүтке шомылып жүр,
Жұртымды сақта, Құдай!?.. Жырындыдан!

594
595
ЖҮРЕГІҢ СОҚҚАН ТҰСТАН ТАБЫЛАРМЫН
Көп жыладың, көріктім құрақ ұрдың,
Енді, Сен, есендігін сұра жырдың.
Қайғым менің қара бұлт көресің бе,
Елесім бе?!.. Өшпейтін мұра қылғын.
Алдамасын, аяр күн, алдамағай.
Күн иіліп қарайды талға қарай.
Екі бетін аспанның шымшылады.
Жасыл шəлі, сыңсыған балқарағай
 
Жағаласып жан берді айыр бұтақ,
Қарағай сап, тізілген қайың құшақ.
Батар күннің көмейі қызыл ірің
Судан шыққан қанды көз жайын құсап.
Саған ғана тығылдым тал-мұнарым,
Тал бесіктен құшақтап ал мұнарым.
Ай білезік, күн алқа, күміс түйме
Өрттен ыстық сезімді қалдырамын.
Сырттан дұшпан, іштен дос сынап бітті.
Əлсіз өлді, əрине, шыдап мықты.
Қаңыраған əлемнің қақпасынан
Аңыраған жетім жыр жылап шықты.
Көзін сүртіп қарашы қарағымның,
Тістелейді тірліктің балағын құм.
Жетім жырдың көзінде – ащы шындық,
Жан айқайын қасқаның жаңа білдім.
 
Мен сені күнім деп ем, гүлім деп ем,
Қалайша салып алды іңір көген!?
Қос бұрымы төгілген гүлім қайда,
Күнім қайда, білмедім күлімдеген?!
Кірпігіне ілдіріп алтын нұрды,
Таң себездеп жататын жалқын жырды.
Көрмей кеткен бақытың мен едім деп,
Көк жүзінде бір аққу қалқып жүрді.
Көлдей толқып, көп ойдан жатып қалдым,
Ғаламатын кім білер ғашық халдың.
Қауырсыны кетіпті айға айналып
Біз бағасын білмеген бақыттардың.
Жыры қалып, көңілде нұры қалып,
Айға қарап қол создым тұрып алып.
Көшкен самал, ескен жел мендік тағдыр
Өз жарасын жалайды ұлып алып.
Қаңбақ едім көп қашқан бастан қырға,
Қара басып тап болдым жатқан жырға.
Қушық шеке қара бұлт, қауға сақал,
Төбе шашы тік тұрды аспанның да.
Көкке шықты суырлып бір құладын,
Құладынмын, кеудеміз жыр-бұла, мұң.
Жанған отқа өзім кеп түсіп көрдім,
Жыр құладын мамығын жұлдырамын.
(Қара базар... қан күйде... шыңғырамын)
Обалым жоқ, қыраулы, қар алабым,
Қарлы шыңның басында таранамын.
Көлден ұшқан көкала үйрек сынды,
Қайда кетіп барасың дара бағым.
Адастық па?!.. Жүретін қалмай бағыт!
Жасын түскен барамын талдай жанып.
Сөніп бітті қайтейін жан жарығым,
Таңды күтіп таусылған шамдай жанып.
Өрт едім ғой, шалықтап, шарықтаған,
Өз күліме көміліп қалып барам.

596
597
Өгей бала секілді үй сыртында,
Өксіп жылап өз-өзін табыттаған.
Жаратқан тау біткеннің шыңын жырдан,
Шың асқақ болсыншы деп ырым қылған.
Таңмын – Мен!..
Ақ босаға, алтын шатыр,
Шыңмын – Мен!..
Таудың өзін жылындырған.
У– мын мен, не болмаса бал шығармын,
У– дан іш, балдан жала аршылар мұң.
Өлең жоқ жер таппадым, жыршыл ғалам
Мен, сірə, барлық жерде бар шығармын.
Пендемін сүрінермін, жаңылармын,
 Жығылсам тұтылар-ды шаңынан күн.
Жан қалқам мені іздесең өзіңді көр,
Жүрегің соққан тұстан табылармын.
ШЫРЫЛДАП БІР БОЗТОРҒАЙ 
Білмеймін өлең зарлы, неден мұңы.
Бүгінгі біздің қалам –
Біле-білсең:
Кешегі шалдарымның берен жыры.
Қан езу қарсақ күнің –
Алдап күліп.
Шырылдап бір бозторғай
Барады ұшып,
Шындығын дүниенің балдақ қылып.
* * *
Көкті қарға, тауды құзғын иелеп,
Қыран байғұс орын таппай жөнелді.
Қыран құсты жатушы еді кие деп,
Кие болды, содан енді не көрді!?
Тұмсығына киіз қаптап құсбегі,
Бақа-шаян беріп еді асады.
Əзер жүрген бір қоянға түс деді.
Амалы жоқ арзан қылық жасады.
Қоян өлді бұл неткенің қыран деп,
Қыран өлді ит пен құсқа мазақ боп.
Бір тасбақа бұл неғылған шыдам деп,
Ол да өлді арсыздықтан азат боп.
Соның бəрін көрдің, бірақ көрмедің,
Өз бейнеңе орын жоқ.
Көкке қарға, тауға құзғын төрледі,
Əу басында жаратылған сорым боп.
   
  
АРАНҒА КИІК ЖАҚСЫ АЙДАҒАНҒА
(Cамның самалы)
Қапсырма күміс ілгек көзтаналы,
Өз сəні, өз дəстүрі, өз базары.
Мен сендік,
Сен де мендік туған елім
Ақыннан аппақ уыз сөз қалады.
Серттессең семсерімді сайлап едім,
Шалқыған ақ шабытым қайда менің!?
Қамқа тон, қима шапан, қынама бел,
Көк жайлау, көсем шоқы, айнакөлім!
Ақ желкен айна көлде байрақ едім,
Күнінде күндей күліп жайнап едім.

598
599
Барамыз бардан жоққа көшті түзеп,
Мұң басып, мұнар басып қайран елім.
Тартынған қызыл шарқат орамалы,
Олда енді оңтайлы күн жоғалады.
Қанжылап қайдағыны еске салып,
Қара ешкі маңырайды қорадағы.
Сарнау жел, Самнан қашты үдемелі,
Құйынға құмнан басқа кім ереді.
Жандасқан құммен құйын тағдырым-ай
Көңіл шер, көз жасыңды кім еледі.
Шырылдап торғай төбе жолай белден,
Сонда да құммен құйын борай берген.
Аранға киік жақсы айдағанға,
Бізді де би мен төре қолай көрген.
Жылама Самның құмы сары белден,
Құлаққа қу заманның əні келген.
Талайдың беті ашылар, жүзі күйіп
Шалдардың шығып кетсе бəрі көрден.
Қыр жатыр аламойын, қара қарын,
Сүйретіп бұлт барады ала қабын.
Іркітке иттің басы күнде кірер,
Бөріні неге халқым қараладың!?
Сүйреткен ала қапта қара мұңым,
Қансырап жалалыдан адал ұлың.
Сағынтып атамекен, аламан жұрт,
Зарлаған Самның мен де самалымын!
ЖЫР ЖАЗҒАН ҚАЗАҚ ӨЛМЕЙДІ
(И.Ғ. ағаға!)
Ақынға барлық дұға ғып,
Ерлерді еске тұр алып.
Əр ақын – өзге бір əлем,
Тумайды қайта бұл анық!
Ақындар кетті ғапыл боп,
Ұмытпас оның атын көп.
Жыр жазған қазақ өлмейді
Жалғанда жаман ақын жоқ!
 
ЖАЛҒАН ДҮНИЕ
(Тамара Асар қарындасымның 
өтінішімен жазылған өлең)
Жырымды тыңда мұнарлы ғалам,
Мұнарлы ғалам – тұмарлы далам.
Əн салып анам, тамсанып бабам
Айтады заман бұл əнді маған.
Өлеңім өрттей өмірім жырлы,
Еліміз ерен, тегіміз нұрлы.
Көгіміз күннен, жеріміз гүлден,
Сағынсам сені көңілім мұңды.
Жалған!...Жалған!.. жалған Дүние!
Жаныммен сүйдім – арман дүние.
Қайырып əнге салған дүние!
Қаншама жаннан қалған дүние.
Көмейім күміс, сарайым балдан,
Əнімді тыңда əлəйім жалған.
Тұнжырап бағым, гүл-құрақтарым,
Жыр құрап жаным салайын таңнан.

600
601
Сырластым жалған бір өзің менен,
Жүрегім – құлын, тілегім – көген.
Жалғанның өзі жаным деп күлсін,
Жарығын сүйдім жүрегімменен.
Жалған!...Жалған!.. жалған Дүние!
Жаныммен сүйдім – арман дүние.
Қайырып əнге салған дүние!
Қаншама жаннан қалған дүние.
Ардағым елім, арманым менің,
Сəулелі ғұмыр таңдарым менің.
Дүние жалған əніммен тербеп,
Көгіңде сенің самғадым елім.
Шыңдарым менің, шынарым менің,
Шыңыңда қалар бір əнім менің.
Көгала қаздай көліңнен ұшқан,
Көзайым жалған – сыңарым менің.
Сырғалы сұлу бұл əнім менің.
Жалған!...Жалған!.. жалған Дүние!
Жаныммен сүйдім– арман дүние.
Қайырып əнге салған дүние!
Қаншама жаннан қалған дүние.
* * *
 
Махаббат жанның дастаны,
Мамырлап тағы бастады.
Болмашы жанға бодан боп
Қайтесің сүйіп басқаны!?
Сүймеген жақсы жан құрбым,
Сезімі таза жалғыздың.
Жарылған жаңғақ секілді
Жанымыз жара, ал, біздің.
Қаншама нала салдырдым.
Өртеніп, күйіп жанасың!
Білер ме соның бағасын.
Қайғысын жаттың құшақтап,
Қай жерде жаным қаласың!?
Кімге еріп қалқам барасың!?
Махаббат жанның дастаны,
Мамырлап тағы бастады.
Болмашы жанға бодан боп
Қайтесің сүйіп басқаны!?
Сүрініп көңіл асықты,
Сүйрелеп жүріп жасытты.
Серілік жолы бір басқа,
Сүймеген жандар бақытты.
Аяймын көрсем ғашықты.
Жалғыздар алар таңнан нəр,
Жар құшып көрмей қалғандар.
Сүймеген жанның көзінде
Алданбай кеткен арман бар.
...Ғашықтар – күл боп жанғандар!
Махаббат жанның дастаны,
Мамырлап тағы бастады.
Болмашы жанға бодан боп
Қайтесің сүйіп басқаны!?
ДЕ-МО... АҒАМ-САҢЫРАУ
(мен – соқырмын, демократия – саңырау!..)
 
Осы екеуі тілдесеме ал,қалай?
Түсінбедім, ақын едік балғадай.
Бас изейді саңырау,
Соқыр жан да қалбағай.
Соқыр жылап,

602
603
Ия, саңырау қарады.
Бітістірмек кімдер келіп араны.
Соқыр соқты ашумен,
Саңырау қашып барады.
Солай міне ,
 Менің өзім соқырмын,
Соқыр жанның жағар енді отын кім?
Де-мо.. ағам – саңырау,
 Қайдан тауып қосылдым?!
Осы екеуі тілдесеме ал, қалай!?
Түсінбедім!..
Ақын едік балғадай.
Бұрын бəрі: «баласы еді» – Лениннің,
Кетті өзгеріп... Сонау... Сонау... Сосын,
Со-о-ноо-оу Шал қалай!?..
АҚЫНДАРДЫҢ АУЫЛЫ
(Ұлт үшін ұран салып өткен берен-ұлдар мен ақиқаттың 
ақ жолында ғұмыр кешкен зар төбедегі ақындар ауылына 
арнаймын)
Бозторғай шырылдайсың боз көдеде,
Торғайға топтан қарға сөз береме.
Сайраған қызыл тілім-қызғыш құсым,
Құлақпен естігенді көз көреме!
Жан телім – жаның жалын от секілді,
Көмейің күннен ыстық шоқ секілді.
Барасың бауырыңды желмен тарап
Атылған нысанаға оқ секілді.
Қасқаның балапаны қарлығады,
Қайысып тарқағандай бар құмары.
Шешкен жоқ Тəуелсіздік ит көйлегін
Заманның кім біліпті зарпын əлі.
Өткеннің өксік толы хаты қалды.
Кек кетті, кездігінде таты қалды.
Бозторғай боз төбеден əрі аспады
Сұқты көз, сұр мергендер атып алды.
Əн қайда?... Əлай жалған сол қалады.
Көзден жас, көңілден жыр сорғалады.
Бозторғай өлгеннен соң бір қысым ет
Қуанып түлкі-қарсақ олжалады.
Көрген жоқ əлсіз байғұс азат болып,
Көмілді көнтепкіден мазақ болып.
Əн жұққан, қанда жұққан боз қауырсын
Барады желмен ұшып қазақ болып.
Зынданға салды қанша күштеп тұрып,
Шынжырмен шындығымды түптеп тұрып.
Халық ем қан– қауырсын, торғай-тағдыр
Күлемін бармағымды тістеп тұрып.
Бұл жолды бабам талай басып өткен,
Жауыпты жау біткеннің тасы көктен.
Таусылды он саусағым шайнай-шайнай
Ел қайда періштені ғашық еткен.
Желкелеп жерден алып жекіп ұрып,
Тойлайды тойған құзғын секірініп.
Зəулім үй алтын азу, күміс ерін,
Төбемнен түкіреді кекірініп.
Күледі күрек тісі алмастанып,
Жатады жалғандықтан таң басталып.
Ауылда құмға сіңіп жоғалады
Анау бір Ақ Ордадан заң басталып.
Некесіз туған ұлдай заң біткенің,
«Қалаулым» отырады қалғып керім.

604
605
Қан құсты боз төбенің бозторғайы
Айтатын шындығымды əн ғып менің.
Құстарым!..Құстарым-ай құлағаным.
Көлі де көн беттілеу бұл араның.
Құшақтап қауырсынын бозторғайдың
Есімнен кетпес менің жылағаным.
 Кетпеген халық болдық дау қасынан,
Өмірдің өзек талды саудасынан.
Қанаты қан-қан болған көп бозторғай
Қорлықтың сығалайды ауласынан.
Ауылы ақындардың зар төбеде,
Білмесе ақын байғұс зар төгеме.
Қашаннан қанды қолға жемтік болған
Қалыпты бір-бір торғай əр төбеде.
Қиылған қылша мойын жыр-қылышқа,
Бозторғай бозаңда өлер жыр ғып ұшса.
Сайраған көп торғаймен əнім бірге
Жатырмын менің өзім бір бұрышта.
Көзін аш жүрегіңнің бал жағамын,
Қанатын қасқа жырдың қандамағын.
Көңілім айдан сұлу, күннен көркем
Жыр төксем естисің бе жан қарағым!?
ҮШ БИДІҢ ШƏКІРТТЕРІНЕ АМАНАТ
Төле би жоқ,
Қазыбек би,
Əйтеке,
Мəжілісте қалаулыдан кімдер бар?!
Ойдан құнар, тілден нəр.
Ежелгі жау екі бүйір қабырғам,
Ит сарыған іргем бар.
Сылдыр-сылдыр, сылдырлаған сыңғырлақ,
ҚР жайлы берер екен кім жырлап?!
Ойбай анау шəкірттері
Үш Бидің,
Ақыл емес, алтын дейді бір-бір қап.
Қалаулысы əн салып тұр: «Көкем» – деп,
Жараулысы тас пен тауды көтермек.
Көше толған жарнаманың жыртығы:
«Қазақстан сені сүйіп өтем» – деп.
Төле би жоқ,
Қазыбек би,
Əйтеке,
Сайлаушыдан сұраңыз!?
Сосын тағы біліп қалар Құдаңыз!..
Шыдаңыз!..
Өңкей мықты,өңкей дүрлер атақты.
Көмейден жыр, көзімізден жас ақты.
Өтті өмір: Тураған ет-туған ай,
Атау-заман, кересінен асатты.
Қолда барды қошқар қылдық дұрыс па?!
Күңкілдеме, жат, өзіңе, ұрыс та!
«КАПИТАЛ»-дың жүрген жері осы» – деп,
Маркс пенен Ленин шал тұр бұрышта.
Ал содан соң
Қалғып кеттім тағыда,
Бір бітпейтін ұйқы бар ғой, ұлыста!
Неде болса,
Шəкірттері Үш Бидің:
Адал болсын ісіне!
Қалғығанда халық кірсін түсіне.
Хақтан сұрау болады
Аманаттың күшіне!
Аманаттан аттаған қарыз болмақ кісіге.
Халық кірсін түсіңе!?..

606
607
АЛТЫН КӨШ
«Халық – алтын!..  Алтынның  сынығы  да – алтын!  Біз  үшін 
қазақ халқы-сом алтын. Жат елдер мен аймақтарда жүрген қан-
дас-қазақтарымызда сол сом алтынның сынықтары. Алтынға ал -
тын  қосылса  кенге,  қазаққа  қазақ  қосылса  елге  айналмай  ма!?..
Сондықтан ОРАЛМАН – деген сөзді «АЛТЫН КӨШ» – деген атау-
мен  ауыстыру  керек.  Себебі, «АЛТЫН  КӨШ» – ұлттық  бауыр-
ластық пен тұтастықтың, тарихи тұрғыдан мəні мен маңызын, 
өзгермейтін  өміршеңдігін  бейнелеп  тұрар  еді.  Елдің  қайта  бас 
құ рап, дəуірлеп, сындарлы кезеңді бастан кешіп жатқанынан да 
хабар беріп, айтылуға да, көшіп келуші мен күтіп алушы қандас 
бауырладың  ортақ  мүддесі  мен  уыз-ниетіне  де,  тарихи  таны-
мына да бірегей атау мен айғақ болар еді. Бұл атау ұлтымызды 
тұтастыққа  бастаған  ТƏУЕЛСІЗ  ҚАЗАҚСТАННЫҢ  ДА  алтын 
дəуірі  болып,  ұлттың  да,  ұрпақтың  да  көңілін  шуақтандырып, 
өзгеше сипатқа ие боларына сенімдімін. Күллі Қазақтың руха ни 
жан дүниесі бір тұтас алтын тұғырға айналар еді. «Алтын орда», 
«Алтын ғасыр», т.с.с. кезеңдер мен киелі ұғымдар ел басындағы 
осындай тарихи сəттер мен себептердің, өнегелі өрістер мен же -
ңістердің уақыт сараптаған бағасы мен өлшемі жəне атаулары 
емес пе ?! «Алтын көш» дəуірі болып аталар еді»
Автор
«ҚАЗАҚСТАН-ZAMAN» газеті,
№13 (986) 3 сəуір 2014 жыл.
Жайылған жан саусағым көкте күнге,
Көп күнім өтті-кетті, өкпе кімге!?
Қарындас қанға тартып қарамай ма
Ар туыс, аламанның бөктерінде?!
Байланған қазығына қанды-құлын,
Қансырап тұлым күйіп, жанды бұрым.
Басында балқан таудың біздің мола
Бұлт көшіп, жел жоқтайды жалғыз ұлын.
Бұл елді ажал сүйіп, оқ таныған,
Дұға қыл мола көрсең тоқтап ұлан!
Кесілген кер маңдайда бақ тұрама
Заманның жарылған соң шоқпарынан.
Қаралы көш келеді, қара құрым,
Атажұрт айтар сөзі жаралының.
Қаңқылдап қаз бен бірге көктем шықты
Қан жібіп, қаралыға таралып үн.
Сол үнде сорым жатыр қара сандық,
Қан кештік, ғазиз жанға жара салдық.
Айдаған Ақ Патша мен Қызыл-Кеңес
Желкелеп жер түбіне қарасан
1
 ғып.
Күй едім құлағым зар, тиегім бал,
Бұл күнде боз жұртыма иемін бе, ал?!
Шашылған төрт құбылаға тағдыр едім
Түбінде əр жусанның сүйегім бар.
Бір бүтін екі жарты – жарлы халық!
Жан нəрін мұңдық тербеп, зарлық алып.
Өрт тиген орман едік қан жапырақ
Шығарды жоқтан Құдай бар ғып алып.
Көш келді қан жапырақ, нарқы қымбат,
Көз жасын көптен таса сарқып, ымдап.
Қосылса алтынға алтын кен болмай ма!?
Əркімнің ұлты-ұран, халқы қымбат.
Жаным де, жан туысты жарқыным де,
Жүгіңді бір көтерер нар түбінде.
Сандығын көңіліңнің ашып қойып –
«Келе ғой, кел бауырым, алтыным» – де!
 Айналып жүрме қазақ бақтан басың,
Жаттан төр, жаннан зият тақ қалғасын.
Қазаққа қазақ туыс, Тəңір қорған!
Шығады достан дұшпан, жаттан қасың!
1
 Қарасан – малда болатын ауру.

608
609
Көш келді, нар қомынан ұл қарап тұр,
Күміс тақ көңіліне сырғалап бір.
 «Көкеңді» жау танытар көп болмасаң
Елге қос бір қазақты, мың қазақ қыл!
Жау көріп: «Ызғары көп, салқын!..» – десін.
Дос көріп: «Сүйген ел ғой, халқын!..» – десін.
Күтіп ал күннен ыстық жүрегіңмен –
Қазақтың қайта келген – АЛТЫН КӨШІН!
* * *
Жолдас қылма ақыл-есі жарымды.
Жол-жөнекей жоқ қылады барыңды.
Мың наданға
Бір жауымды бермедім,
Себебі Ол: Жау да болса дарынды.
Надан өлсе: Жердің үсті жеңілдер.
Дарын өлсе: Кім қалады « Елім!» – дер?!
Ақылды жау
Надан достан көп артық,
Бұл сөзіме бұрмаламай сеніңдер?!
Осы надан: Жауға сатқан ұрпағын.
Осы надан: Қоймай жүрген бұлтағын.
Осы надан: Көзін ойған Алаштың,
Əлі қанша азаматты құртарын?!...
Жел боп соғып, сағым болып ағады,
Қайда барсаң ізіңізді бағады.
Бұлар өзі
Шегіртке боп көшеді,
От боп жанып, су боп сосын ағады.
...Табады!
* * *
Кеңеспейтін бір үкімет болған-ды,
Аты бірақ «Кеңес-ті»
Ол да енді елес-ті.
 Біздің ұрпақ солай балам,
Кезінде:
– Сол Советтің сарқытынан жеп өсті.
Өзі айтып, өзі соны ұрандап,
Ақырында құлатты.
Бұл əңгіме ұзақ-ты.
«Демо-крат»-деген мырза бар екен,
Əмеңгерге: Түгел Елді ұзатты.
Əмеңгерлер өз төсегін жайдырды,
Заман буаз есептемек ай-күнді.
Айтуға рұқсат,
Не десеңде өзің біл,
Бірақ ешкім естімейді қайғыңды.
Төсек жаңа, түгел жаңа, жаңаша,
Енді жан жоқ түсетұғын араша.
«Тастай батып, судай сің» деп бұйырды:
«Ия, Мырза!..» – деп жүгірді балаша!
...Мырзасынан
«Алтын Алқа» тақпақшы,
Тəн саулығы жараса.
Қоғам түрмек етегін, Мырза жігіт қараса.

610
611
* * *
Арман қудым, араладым сөз бағын,
Ойды оймен қозғадым.
Өз Отаның,
Өз ұлтыңмен,
Өз жерің, –
Өз бауырың, өз жүрегің, өз жаның.
Өз еліңе
Жүрегіңді бөліп бер,
Жан нұрың мен Жан-Отанға көрік бер.
Жүрек болмас
Атажұртын сүймейтін,
Жүрегіңе, тілегіңе ерік бер!..
Сүйсін жаның,
Қайран Отан, жұртыңды,
Отан десе көзіңе жас іркілді.
Отан деген –
Жүрегің ғой кеудеңде,
Ал, жүрексіз өткізіп көр, бір күнді.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   31




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет