Мысыққа деген жағымды болсын, жағымсыз болсын ілтипат қазақ мәдениетінде аса байқалмайды. Ол қазақ халқының көшпелі тұрмыс-салтымен байланысты болса керек. Дегенмен, бірен-саран кездесіп отырады. Мысалы:
ит пен мысықтай – араз адамдар туралы; мысық боп тыңдады – қорқып, бұғып,үрейленіп тыңдады; мысық көмбесі жоқ – бүгері, бұқпантайы жоқ, ақ көңіл деген мағынада; мысық көмбе қылық – көңірсітіп, бықсытып жүрер, пыш-пыш әңгімесі бар, сасық қулығы бар адам туралы айтылады; мысық тілеу – арамдық, жамандық ойлау мағынасында
Қорытынды
Қорытынды
"Мәдениеттер сұхбаты" мәселесін тек қана мәдениеттану аясында ғана емес, сондай-ақ лингвомәдениеттану шеңберінде де қарастырудың маңыздылығын айқындауға ұмтылыс жасадық.
Мәдениеттер сұхбаты аясында “мысық”, “қой” концептілеріне салыстырмалы-салғастырмалы зерттеу жасау арқылы, бұл мәселені тереңірек ашуға тырыстық.
Нәтижесінде бір жануардың өзі бір-біріне жақын мәдениет өкілдері тарапынан түрліше бағаланатынын байқадық.
Дегенмен, халықтардың бір-бірімен мәдениетаралық сұхбатқа түсу нәтижесінде, біз осы елдердің наным-сенімдерімен санасып жататынымыз рас.
Сонымен, лингвомәдениеттану ұлттық тіл деректерінің бойынан мәдени нышанды тауып, қарастырып, оның ұлт мәдениетіндегі өзіндік ерекшелігін танытуға көбірек бағыт бұрады. Бұл бағытта тілді ұлт мәдениетінің, тілінің, мәдениетаралық коммуникация, тілдік және мәдени байланыс мәселесін көрсету тәсілі ретінде зерттеулер жүргізілуде.

Әлемдік білім, ғылымға бет алған егеменді Қазақстан жағдайында мұндай зерттеулерді жүргізу өзекті болып табылады!