төленген соманы толық өтейдi.
жоспарлауға мүмкiндiк бередi.
тексеру артық болмайды.
көмектеседi.
Д.Ғ.Жумаканов,
басқармасының басшысы.
жауапкершілігіміз арта түспек.
өшпек емес.
жұмысымызды бастап кеттік.
болып табылады.
жұмыстары жүргізіліп жатыр.
бөлісеміз деген үміттеміз.
«Аманат» тобының мүшесі.
3
№ 9 (10409) сенбі 31 қаңтар 2015 жыл.
2015 жыл – қазақ хандығының құрылғанына 550 жыл
Қажығұлов Қайыртай,
ұлы дала, киелі мекен
Атыраудан Алтайға созылған
Қасиетті
мекен
Ұлытауда
Елбасының берген тағылымды
сұхбаты
көпшіліктің
көңілінен
шығып, жүрегіне жол тапты.
Қазіргі
кезде
баршамызды
ойландырған сан сауалға нақты
жауап берген Нұрсұлтан Әбішұлы
қазақ елінің бүгінін бүтіндеп,
келешегін кемелдендірудің бағыт-
бағдарларын белгілеп тағы да бір
қадап айтты. «Тарихын білмеген
ұлттың болашағы бұлыңғыр» деген
Елбасы тарихи сананы жаңғыртуды
баса айтты. Терең мәселелерді
қозғаған салиқалы сұхбат Аягөз
жұртының зейнеткер қарттары бізге
де үлкен ой салды. Бұрмаланған
тарихымызды қайтадан қарап
зерделеп, кейінгі ұрпаққа жазып
білдіру—рухын ояту, Отанын сүюге
жігерлендіру. Біздер, Ресейдің
боданында болған, солардың
советтік тарихын оқып, өз төл
тарихымызды білмей мәңгүрттік
жағдайда өскен ұрпақпыз. Бір
шындығы жоқ «Советтік тарих»
деп аталатын ғылымның жалған
«қағида-ережесі» керемет. Сыртқы
түрі шын тарихқа ұқсайтын, аты
шыққан авторитеттерге сілтемелері
бар, ұлан-ғайыр жалған хикая.
Басқаша болуы да мүмкін емес
еді. Себебі тарих-идеологияның
басты құралы ғой. Адамдардың
бәрі бірдей ойлайтын, бірдей
түсініп-сезінетін
коммунистік
қоғам құру үшін адам санасында
азғантай да алалық болмау керек.
Сол үшін халықтарды өзінің табиғи
менталитетінен, ұлттық санасынан
айырды. Сол үшін ұлт мүддесін
ойлайтын ақылды, білімді, жөн
білетін адамдарды Алаштың 101.0
мың ардагерін қуғынға салып, ең
ішіндегі аса қауіптілерін, көкірегі
ояулардың 25 мыңын атты, 5 млн.
қазақ репрессия мен аштықтың
құрбаны болды, 2,0 млн. қазақ шет
елге қашты, 4 млн. қазақ дүние
жүзінің 32 мемлекетін паналап,
дінінен, тілінен айырылуда. (Ел
тұтқа, Астана, 2001ж. 10 бет.)
Әрине, тарихи деректе күмән
жоқ, егер ол адал тарихшы
келтірген шынайы дерек болса.
Тарихи жәдігерде шүбә жоқ,
егер ол идеология талаптарына
орай бұрмалауға түсіп, әлдебір
әміршінің, әлдебір билеушінің қас-
қабағына қарап жазылған емес, тек
қана шындықты жазған болса.
Бірақ, өмірде тарих билеушінің
қас-қабағына қарап бұрмаланып
жазылатыны
шындық.
Оны
бәріміз де мойындайтын кез келді.
Кезінде
ағылшынның
атақты
премьері Унистон Черчилльден:
«Сіз тарихты қалай түсінесіз?»
деп сұрағанда ол «Тарих --
жалған, өйткені оны тарихшылар
жазады, ал нағыз тарих әріп
арасында қалып қояды» деп
жауап берген екен. Сол Черчилль
айтқандай, шын тарихымыз әріп
арасында қалып қоймай, ешкімге
жалтақтамай, біреудің көңіліне
қарамай,
саясаттандырмай,
шынайы жазылса келешек
ұрпақтың ренішіне қалмас едік.
Елбасы қазақ мемлекетінің
тарихи
тамырын
тереңнен
тартатынын және тақыр жерге
шөп шықпайтынын да Ұлытаудағы
сұхбатында баса айтып жалпақ
жұрттың назарын аударды. Бұл
-- санасы бар жанға сіңіріле
айтылған сөз. Иә, Атыраудан
Алтайға дейін созылып жатқан ұлы
дала бабалардан бізге қалған киелі
де қасиетті мұра.
Таққа отырған ежелгі Рим
императорлары –«Тарих менен
басталады» деп айтқанды ұнатады
екен.
Осындайда
француз
жазушысы
Александр
Дюма
(әке Дюма) «Құдай болашақты
ғана өзгертіп жаңғырта алады,
ол өткеннің ештеңесін өзгерте
алмайды» деген аталы сөзі ойға
оралады.
Тарихқа жүгінсек Сақ дәуіріндегі
бабаларымыз алтыннан соғылған
сауыт киіп, соның өлшемдерін
байқап көрсе, қазіргі ірі зауыттардан
шыққан алтын бұйымдардан сәл
ғана қалыс қалады екен. Мұның
бәрі тамырымыздың текті екенін
білдіреді. Сайын даланың апшысын
қуырып, сәйгүліктері қырандай
жүйткіген қаһарман бабаларымыз
да ешкімнен қалыспаған. Айбынды
ұлы державасын (империясын)
құрған құзіретті Мөде Тәңірқұттың:
«Жер
дегеніміз
мемлекеттің
негізі, оны қалай береміз?» деген
айбынды сөздері айналасындағы
көршілерінің аяғын тартқызған.
Қарақұрым Қытайды талай мәрте
аяғынан тік тұрғызған, тіпті оларды
алым-салық төлеуге мәжбүр еткен.
Үйсіндер—180 мың, қаңлылар 120
мың жауынгерді атқа қонғызған.
Әлемде
теңдесетін
бірде-бір
мемлекет болмаған екен.
Елбасы атап көрсеткендей,
келесі кезең—Алтын Орда дәуірі.
Бұл мемлекеттің негізін түрік
қыпшақтары құраған. Тілі қыпшақ
тілі болған. Алтын ордадан көріп
үйренген орыстар өзіне керектісін
алып Мәскеудегі Қызыл алаңды
салдырды, оның жоба-үлгісін Бату
сарайынан алыпты. (Тәттіғұлов Ә.
«Өмірдің өзіндей мәңгілік», Ақиқат
№3 2000, 43 бет).
Бірақ, орыстар Алтын Орда
тарихын
империя
мүддесіне
орай бұрмалап жазды. Куликово
шайқасындағы
орыстардың
жеңісі
Маркстік-Лениндік
тарихнамасында асыра дәріптеліп,
сол кезеңде білім алған ұрпақ
біздер, бұл соғыста өзінің ата-
бабасы жеңіске жеткендей сезіндік.
Бұл, сөз жоқ, кеңестік иеологияның
мықтылығы еді. Осы шайқастан
кейін
іле-шала
Тоқтамыстың
Мәскеуді өртеуі кеңестік тарих
оқулықтарында
солғын
ғана
баяндалды.
Елбасы сұхбатында: «Мына
тұрған қайыңдар, мынау жер сонау
Жошы ханның да, Едіге батырдың
да бәрінің көзін көрген шығар»
дегенді айтты. Мәскеу жорығының
шынайы
тарихын
қазіргі
зерттеушілер «Тоқтамыс 1381
жылы Алтын Орданың ханы болып
сайланудан бастайды. Тоқтамыс
пен Едігенің біріккен кезінде Алтын
орда бәрін біріктірген көршілер
үшін айбынды мемлекет болды.
1382 жылы Мәскеу князі
Дмитрий Донскойды тәубесіне
келтіру үшін өзі бастап жорыққа
аттанады. 1382 жылы тамыздың
23-де Кремльге ат басын тіреп:
«Дмитрий осында ма?» деп айғай
салады. Қаланы жусатып сап,
қайтып кетеді. Дмитрий Донской
қаланы өліктен тазарту үшін әрбір
сексен өлікке 1 сом күміс ақша
беріп көмдіреді». Осыны көрнекті
орыс тарихшылары Соловьев
пен Карамзин өз жазбаларында
қазынадан төленетін барлық күміс
ақша 20 мыңдай ғана болды деп
азайтып, ұялмай тәптіштеп тұрып
көрсетеді. (Боранбай Ж. «Тарих
таразыланбай, таным түзелмейді»,
Ақиқат №3, 2014ж., 61-62 бет).
Ендігі жерде тарихи шындықты
жазуда
қателік
жібермесек
екен. Қытайдың ұлы философы
Конфуций
«Қателік»
деп
түзелмейтін қателікті айтады»
деген екен. Түзелмейтін қателікті
жіберіп келер ұрпақты біздер
сияқты мәңгүрттендірмесек екен.
Осыған орай таяуда көп жылдар
қазақпен
көршілес
елдердің
қолжазбаларындағы тарихтарды
зерттеп,
архивтерді
ақтарып,
салыстырып, «Қазақтың тұтас
тарихы» деген төрт кітап жазған
Қытайдың ғалымы Су Бей Хай-
дың кітаптарын оқып, танысып
және
өзімнің
Қызылордалық
курстасым Ойшы Ысқақұлының
кітабына енген жазғандарынан
ой түйіп, көптеген мәлімет алдым.
Ол қазақ тарихын Сақ заманынан
бастап зерттеген нағыз тарихшы
ғалым демеске амалың жоқ.
Сақтар конференциясына кіретін
тиарахауда, яғни «шошақ бөрікті
сақтар» атты бір тармақ осы
қазіргі қазақтардың ата-бабалары
екендігін, біз сол сақтардың
негізінде
дамығандығымызды
көптеген
дерек
көздермен
дәлелдейді.
Сол сақ дәурінде шекарасы
белгіленген
қазақтың
арғы
аталарының мемлекеті болғанын
ғылыми түрде дәлелдеген.
Ғалым Су Бей Хай қазақ тілін
таза білетіндігі көрініп тұр. Ғалым
Қытай тілінің маманы Тұрсынхан
Законұлы Қайыркеннің айтуы
бойынша, ол ғалымның (Су Бей
Хай) пайдаланған дерек көздерінің
біразын атаған. Олар: «Хан Шу»,
(хан ордасының тарихы), «Ши
Цзи» (тарихнама) , «Хоу Хан Шу»
(кейінгі хан кітабы), Санго Го Чже
(Үш ел шежіресі), «Изю Таң Шу»
(Таң хандығының көне тарихы),
«Синь Таң Шу» (Таң хандығының
жаңа тарихы) т.б. осы секілді әрбір
Қытай билеушілерінің заманынан
жазылған ғылыми айналыстағы
негізгі 25 дерек көздеріне сүйенеді
деп жазады.
Осы
күнгі
кейбір
біздің
ғалымдарымыз
Сақтардың
түрлеріне қарап, оларды қазақтың
ата-бабасы
деуге
келіспейді.
Дегенмен, өзіміздің тиарихымызды
елімізден шыққан тарихшылар
жаза бастады. Құптарлық іс. Ал
Су Бей Хайдың мына еңбегінде
деп жазады Тұрсынхан Законұлы
«Оңтүстік Сақтар парсы-иран
тілінде сөйлесе де, Жетісу, Алтай,
Каспийдің шығысындағы Сақтар
түркі тілдес болған. Соның
ішінде «шолақ бөріктілері» қазіргі
қазақтардың да бабалары, Түркі
тілдес болған деп дәлелдейді».
Ойшы Ысқақұлының ел тарихы
деген кітабының бір тарауында
туристік сапармен шет елдерде,
бұрынғы Кеңестер Одағының көп
жерін аралағанда өз көзімен көрген
қазаққа байланысты жер аттары,
тасқа жазылған қазақ деген сөздер
кімге де болса ой салады.
Егер
тарих
бұрмалаусыз
жазылған болса, төмендегі қазіргі
атауларды қалай түсінуге болады?
Біздің жыл санауымызға дейін
Жерорта теңізіндегі Кипр аралы
неліктен «Алаш» деп аталған?
Неге Кавказдағы үш өзен мен
үлкен аймақ «қазақ» аталады.
Тува өлке тану мұражайындағы
сыныптаста
«қазақ
қызы»
деген руна жазудың құпиясы
ашылмайды. Неліктен қазақ халқы
қалыптаспаған кездердегі әлемге
мәшһүр Иранның ұлы ақыны
Әбілқасым Фирдоуси туынды
жазбасында (XI ғ.), Шыңғыс
ханның «Құпия шежіресінде», орыс
жылнамасында (962ж) «қазақ»,
«казахия», «қазақы арба» деген
сөздер кездеседі. Байкал көлі
маңындағы Монғолия жеріндегі
«Беріш»,
«Алшын»,
«Кете»,
«Арғын» деген өзен, көл атаулары
қайдан шыққан?
Қазақтың
әйгілі
«Мұңлық-
Зарлық»
қиссасын
Байкал
халықтары айтпаса да, сондағы екі
шыңның «Мұңлық» және «Зарлық»
аталуы қалай? (Ойшы Ысқақұлы
кітабының 154-155 беттерінен).
Осындай
басы
ашылмаған
көптеген
сұрақтарға
орыстың
жазушысы,
әрі
тарихшысы
Николай Михайлович Карамзин
12 томдық «Ресей мемлекетінің
тарихы» атты кітабында тарихты
өз ыңғайларына қарай бұрмалап,
өздерінен төрт мың шақырымдағы
«қырғыздарды»
білгенде,
мыңдаған жылдардан бері көршісі
Еділ өзенінің оң жағын орыстар,
сол жағын қазақтар мекендеген,
төскейде малы, төсекте басы
қосылған
қазақтарды
білмеуі
мүмкін емес.
Ол өзінің зерттеуінде тұрақты
жері жоқ, көшіп-қонып жүрген
қаңғыбас
тобыр,
қарақшы
орыстарды бүгінгі қазақтардан
айыру үшін қазақтарды қырғыз деп
атаған.
1923 жылы қазақтарды өз
атауымен атағанда да, қазақтың
атына қиянат жасап, бүгінге дейін
қазах деп келді. Сол жылы қазақ
өлкесін
басқаратын
төңкеріс
комитеті құрылып, оның құрамында
Ә.Жанкелдин,
М.Тунғашин,
А.Байтурсынов,
Б.Қаратаев,
С.Меңдекин т.б. кісілер болды.
Дала
өлкесінің
әкімшілік
орталығы
Орынбор
қаласы
болып бекітілді. Төңкеріс комитеті
құрылысымен «күллі қазақ» жерін
бір автономияға біріктіру—кезек
күттірмейтін тарихи міндет деп
жариялады.
Шындығында бұл орындалуы
екі талай өте күрделі міндет еді.
Үш ғасырға жуық уақыт Ресейдің
жүйелі түрде жүргізілген отарлау
саясатының салдарынан ұлан-
байтақ жеріміз тұс-тұстан бөлікке
түсіп, қазақ атының қасақана
бұрмаланып қырғыз аталып бір
тұтас ел болудан үміті үзілген кез
болатын.
Батыста «Астрахань қазақ-
тары», «Орынбор қазақтары»,
«Сарытау» (Саратов) қазақтары,
«Царицын» (қазіргі Волгоград)
қазақтары,
түстікте—Түркістан
қазақтары,
ал
шығыс
пен
теріскейдегі Көшімхан басқаратын
қалың ел «Сібір қазақтары» деген
жасанды атауға ие болып, бөліп ал
да билей бер» саясатына жегілгені
тарихи шындық еді. Қазіргі күні бұл
жерлерден еріксіз айырылдық.
Дешті Қыпшақ деп аталатын
ұлан-ғайыр жер сонау Днепрден
Ертіске дейінгі кең байтақ ұлы
дала бір кездегі Жошы ұлысына,
немересі Сайын (Батухан) (1227-
80) Жайық өзенінен батысқа
Днепрге қарай созылып жатқан «Ақ
Орда, Есимханға, Сырдариядан
Ертіске дейінгі аймақ Көк Орда,
Шайбаниға Сібір (1245-47) Боз
орда деп аталды.
Ұлы
дала—қазақ
даласы
адамзат баласы жаратылғаннан
бері, қилы-қилы замандардың,
әлемдік тарихтың өзегіне айналған
небір айтулы оқиғалардың отаны
болған кең-байтақ кеңістік. Жұмыр
жердегі құрылықтың 1,8 пайызынан
артық көлемін алып жатқан бүгінгі
Қазақстан Республикасының құтты
қонысы—бұдан 2500 жыл бұрын
қазақ этносын қалыптастырған
бабаларымыз қазіргі Қазақ атты
әлем таныған мемлекеттің негізін
қалап отырған.
Әлемдік өркениетте өзіндік
ерекшелігі,
салт-дәстүрі
мен
таным-тағылымы бар, халықты
атқа
қондырған
ұлтымыздың
ақ отауын тігіп кеткен алтын
аймақ. Қазақ жерінде шекарасы
белгіленген
қазақ
мемлекеті
болғанын, бұлтартпас дәлелмен
құжаттарды пайдаланған Қытай
ғалымы Су Бей Хайдің ғылыми
еңбегін бүгінгі кейбір тарихшылар
жасқаншақтап
мойындағысы
келмегенмен, оқи келе, түсіне
келе осы дәлелге, зерттеуге
мойын ұсынуға тура келеді. Қытай
ғалымы қазіргі қазақ халқын
құрған тайпалардың VII ғасырдың
аяғы мен VIII ғасырдың басында-
ақ тұтас бір мемлекетке бірігіп,
Түркеш қағанатының қол астында
болғанын дәлелдейді. Демек,
мұны өзі Түркеш қағанаты—қазақ
тарихындағы тұңғыш мемлекет
деген сөз.
Еңбектің тағы бір құндылығы-
онда автор қазақ халқын құрған
тайпалардың географиялық орнын
10 картамен Сақ дәуірінен Кеңес
үкіметі құрылғанға дейінгі жерді
сызып көрсетіп берген. Соның
ішінде қазақты құраған тайпалар
Сақ
заманында
қай
жерде
тұрғанын, Үйсін заманында қай
жерде жүргенін, Ғұн заманында
қайда болғанын, Түркі қағанаты,
Қаңлы ұлысы, Түркеш, Карлук
заманы мен Қарақан мемлекеті
кезінде, кейін Шыңғысхан жаулап
алған тұста қай жерде болды
деген мәселелерді нақтылап, бәрін
де картаға түсірген. Ғалымның
айтып
кеткен
қорытындысы:
«Қазақ халқының тарихта тұрған
жері қазіргі Қазақстан аумағынан
әлдеқайда үлкен. Қазақ халқына
қараған
тайпалар
Солтүстік
облыстағы шекарасы Еділден
Қытай қамалына дейін, оңтүстігі
Сыр мен Әмудариядан, Солтүстігі
Сібірге дейінгі кеңістікте 3 млн.
шаршы шақырым жерді мекендеп
жүрген,
бұл
жер
олардың
қоныстары», - дейді.
Аягөз ауданының Құрметті азаматы.
(Жалғасы бар).
Атам қазақ «Білімнің бастауы-
кітап» десе, данышпан Абай
атамыз «Артық ғылым кітапта,
ерінбей оқып көруге» дейді. Ал,
ұлы Шекспир «Кітап-маған тақтан
да қымбат», деп кітаптың құдіретті
екенін атап көрсетеді.
Сондықтан адамзат ес білгелі
жазу-сызу басталғалы кітап кәусәр
бұлақтай адамның рухани сусынын
қандырып,
жанын
байтатын
құндылық.
Қазір барлығы компьютердің
көмегіне
жүгінетіні
рас.
Ғаламтордан керек мағлұматтарын
алады, бірақ кітап өз құндылығын
жоғалтпауы тиіс. Өйткені, адам
баласы кітап оқымаса оқудан
да, ойлаудан да қалады. Кітап
ата-бабамыздан қалған мұра.
Кітап оқысаң көңілге әр түрлі
ой түйгізеді, рухани жан азығын
Кітап
- құндылық бастауы
алады.
Кітапты
оқырманмен
кездестіретін жер ол-кітапхана.
Мектепте
оқитын
оқушылар
керек мағлұмат пен мәліметтерін
кітаптан алады, өйткені кейбір
деректер ғаламтордан толығымен
табылмайды.
Ал,
көне
көз
кітаптарда барлығы толығымен
жазылған.
Ғаламтор
ондай
мәліметтерді жай ғана жанап
өтіп жазады. Мысалы: кейбір
ата-аналардан
балаңыз
кітап
оқиды ма? деп сұрасаң көбінесе
өз балаларының компьютердің
жанынан табылатынын айтады.
Бос уақыттарын сол көк жәшікке
арнайды, сондықтан қазір балалар
тез ашуланшақ болып кеткен,
оларды компьютерден тұрғызу бір
ғанибет. Ғаламторды ашып қалсаң
неше түрлі жарнамалардан кейде
өзің ұялып қаласың. Баланың ойы
ойын ойнау, немесе ғаламторды
шарлау.
Ал, кітап дегеніміз тыныштық,
миларын дем алдыру. «Кітап-
өмір ұстазы» Сондықтан жастар
кітап оқуды күнделікті әдетке
айналдыруы керек. Компьютер
заманында кітап оқу азаймауы
тиіс. Қысқасы, кітап өсер ұрпақты
тәрбиелейтін, өмір құндылықтарын
бағалауға үйрететін, білімдерін
жетілдіретін табылмас қазына,
үнсіз ұстаз. Сондықтан, қазіргі
мынау
ғаламтор
заманында
компьютер өсер ұрпақтың кітап
оқуына әсер етпеуі тиіс.
Б.Жакупбекова,
КММ. К.Бозтаев атындагы
мектеп кітапханашысы.