Әкімі: директоры В. Б. Берикова Э. Ж. Дүйсекова Ойтоған ауылдық кітапханасының 2022 жыл і-тоқсанда атқарылған



бет2/8
Дата13.10.2022
өлшемі36,91 Kb.
#42819
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
1жылдық жұмыс жасбаша2021ж

Оқырман саны:
Оның ішінде балалар:
Оқырман келімі:
Оның ішінде балалар келімі:
Кітап берілімі:
Оның ішінде балалар берілімі:
Қоғамдық саяси әдебиеттерді насихаттау
Кітапханада Ойтоған ауылдық тұрғындарының арасында «Латын әліпбиі – қазақ тілінің жаңа көкжиегі» атты танымдық сағаты өтті. Шараға арналып, «Болашаққа бағдар рухани жаңғыру» мақаласы аясында баяндама оқылып, мерзімді басылым беттерінде жарияланған материялдарға шолу жасалды. Шараға 10 оқырман қатысты. Оларға көрмеден және тақырыпқа байланысты қолданылған әдебиеттермен баспа сөз шығармалары берілді, барлығы 4 дана.
Аудандық «Ақсу өңірі» газетінің №12 –санында «Латын әліпбиіне –көшу заман талабы» жариаланды. Елбасы Н.Назарбаев «Болашаққа бағдар:рухани жаңғыру»атты бағдарламалық мақаласында . «Әрбір жұрт тарихтан өзінше тағлым алады. Өткен ХХ ғасыр халқымыз үшін қасіретке толы зобалаң да зұлмат ғасыр болды .Біз тарихтын сабағынайқын түсініуіміз керек» атап өтті, осыған орай бейнеролик ұйымдастырылды. 2) Советтік Қазақстанды басқарған Дінмұхамед Қонаев қарама-қайшы тұлға.Қызметінен түскенде басқалар оның атын өшіруге тырысқан болатын, ал , қазір халқының оның есімін ұлықтау мақсатында Д.Қонаевтың туған күніне орай бейнебаян ұйымдастырылды.
2016 жылғы 14қаңтарда Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылған күні 1 – наурызды елімізде « Алғыс айту күні» күні деп жариалап Ойтоған ауылдық кітапханасында тұрақты оқырмандарына бейнебаян ұсынылды
Экстремизм мен терроризмның таралу себептерін, оған қарсы әрекет түрлерін түсіндіру, мақсатында, 29 қаңтар күні кітапханада көпшілік оқырмандармен «Терроризм- қоғамға қауіп төндіреді» атты дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Шараға шектеу шараларын сақтап 6 тұрақты оқырман қатысты.
2021 жыл 7 ақпан күні, кітапханада көпшілік оқырмандармен «Сыбайлас жемқорлықпен күресу- барша халықтың міндеті» атты ақпарат сағаты өткізілді. Шараға 13 оқырман қатысты.
2021 жыл 12 ақпан күні, Елбасының «Болашаққа бағдар:рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында, Ақсу ауданы, Ойтоған ауылдық кітапханасының ұйымдастыруымен «Латын әліпбиіне көшу- қазақ тілінің әлемдік дәрежеге жетуіне жол ашады» атты көпшілік оқырмандармен ауызша журнал өткізілді. Мақсаты: латын әліпбиіне көшудің маңыздылығы туралы терең мағлұмат беру, қоғамдық пікір қалыптастыру. Шараға 18 оқырман қатысты.
2021 жыл 14 ақпан күні, І. Жансүгіров атындағы орта мектептің 10 сынып оқушыларының қатысуымен Кеңес әскерінің Ауған жерінен шығарылған күніне орай , «Ауғанның отты жылдары» атты тарихи кеш өткізілді. Шараның мақсаты: ауған соғысының тарихи мағынасын ашып түсіндіру, жасөспірімдерді елжандылыққа, отансүйгіштікке баулу. Шараға 18 оқырман қатысты.
8- наурыз халқаралық әйелдер мерекесіне орай, «Аналар асыл жандар» атты әдеби сазды кеш өткізілді. Дана халқымызда «Ана бір қолымен бесік тербетсе, екінші қолымен әлемді тербетеді, « Қыз өссе- елдің көркі деген қанатты сөздер бар. Мақсаты: Аналар мерексі туралы түсінік беріу. Ұлтқа тән жақсы қасиеттерді қалыптастыру.
14 наурыз – Көрісу мейрамы ,амал мерекесі осы күні Ойтоған ауылының « Ақ әжелер» клубының мүшелері әдіскер Э.Бекованың жетекшілігімен мерекелік дастархан жайылып Ойтоған ауылдық кітапханашысы Г.Қожабекованың қатысуымен көрісу амалдары ауыл тұрғындарына көрсетіліп насихатталды.
Ойтоған ауылдық кітапханасының кітапханашысы Г.Қожабекова және мәдениет қызметкерлері Сейсенова Ш., Бекова Э., Сейдағалиев М. бірлесіп Қазақтың дәстүрлі төл мерекесі ұлыстың ұлы күні 22- наурыз мерекесіне орай «Хош келдің әз- Наурыз» атты тақырыптық кеш өткізілді. Кеште тамылжыта ән шырқалып,мың бұрала би биленіп салт-дәстүр бойынша жеті түр тағамнан наурыз көже пісіріліп, ет асылып ,қазақи ұлттық киімдер киіліп, қазақтың ұлттық спорт ойындары ойнатылды. Кештің мақсаты: ұлт құндылықтарын ұлықтау, қазақтың ғасырлардан жалғасып келе жатқан сал дәстүрін сақтауға тәрбиелеу. Шараға : санитарлық норма сақталып 16 адам қатысты.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет