Әкімі: директоры В. Б. Берикова Э. Ж. Дүйсекова Ойтоған ауылдық кітапханасының 2022 жыл і-тоқсанда атқарылған


Ғылыми- жаратылыстану әдебиеттерін насихаттау



бет4/8
Дата13.10.2022
өлшемі36,91 Kb.
#42819
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
1жылдық жұмыс жасбаша2021ж

Ғылыми- жаратылыстану әдебиеттерін насихаттау
Жас ұрпақтың патриоттық, отаншылдық сезімін ояту,елін,жерін сүюге, тәбиғатқа деген құрмет сезімін баулу мақсатында, кітапханада Б.Сырттанов атындағы мектеп оқушыларының қатысуымен «Экологиялық тәрбие- ел ертеңі» атты ауызша журнал өткізілді. Шараға 19 оқырман қатысты.
12 сәуір ғаршкерлер күніне орай, оқырмандарға «Қазақстан ғарыш қақпасы» атты ақпарат сағаты ұйымдастырылды.
Кітапханада «Ислам діні- адамзаттың асыл тәжі» атты сторителлинг ұйымдастырылды.
Техника ауыл- шаруашылық әдебиеттерін насихаттау
Кітапханада оқырмандарға техника және ауыл- шаруашылық әдебиеттерін насихаттау мақсатында, «Өнеркасіп, экономика негізі» атты ауызша журнал өткізіліп, аңгіме түсіндіру болып өтті. Шара соңында, оқырмандарға кітап және мерзімді басылым беттерінде жарияланған материялдар оқуға берілді.Қатысқан оқырман 17.
Ойтоған ауылдық кітапханасы оқырмандарға техника және ауыл- шаруашылық әдебиеттерін насихаттау мақсатында, «Бақшағада бап керек» атты сторителлинг ұйымдастырылды.
Ойтоған ауылдық кітапханасы оқырмандарға техника және ауыл- шаруашылық әдебиеттерін насихаттау мақсатында, «Дәулетті және табысты адамдардың құпиясы» атты насихат сағаты ұйымдастырылды.
Денсаулық.Салауатты өмір салты
Кітапханада І. Жансүгіров атындағы орта мектептің 5-6 сынып оқушыларымен «Ұлт денсаулығы- біздің басты болашағымыздың негізі»- атты ауызша журнал ұйымдастырылып, денсаулық спорт туралы әдебиеттерге шолу жасалды. Шараның мақсаты:салауатты өмір салтын ұстану,сондай- ақ, дене шынықтыру, спорт арқылы дені сау ұлт болып қалыптасуға насихаттау. 16 оқырман қатысты.
7- сәуір дүниежүзілік денсаулық күніне орай, Ойтоған ауылдық кітапханасының ұйымдастыруымен «Дені саудың- жаны сау» атты ауылдық емхана фельшері Шарпбаева Қарылғаш Қабылбекқызымен маман кеңесі ұсынылды. Желіде 25 лайк, 5 коментарий, тіркелді.
Кітапханада «Қоғам салауатты өмір салтын қолдайды» атты насихат сағаты ұымдастырылды.
Өнер, туризм және спорт әдебиеттерін насихаттау
Кітапханада І. Жансүгіров атындағы орта мектеп оқушыларымен «Ұлттық спорт- ұлт құндылығы»- атты сторителлинг өткізілді. Шараның мақсаты: ұлттық спорт арқылы,ұлтымызда ежелден қалыптасқан, ұлттық ойындар арқылы да спортпен айналысуға шақыру. 18 оқырман қатысып үйге оқуға 6 кітап алды.
Қазақ күй өнерінің классигі, күйші, композитор, домбырашы, шертпе күй орындаушылық мектебінің негізін қалаушының бірі, Қазанғапұлы Тәттімбеттің туғанына туғанына 205 жыл толуына орай, кітапханда «Күй шежіре, күй өмір» атты өнер сағаты өткізілді. Мақсаты: дарынды өнер иесінің өмірі мен шығармашылығын таныстырыу, оқырмандарға домбырадағы күй өнерінің құдіретін тануға, ерекше тұлғалардың өнер жолын үлгі ете біліуге тәрбиелеу. Шараға 23 оқырман қатысты.
2021 жыл 1 сәуір күні Ойтоған ауылдық кітапханасының ұйымдастыруымен қазақтың әйгілі күйші композиторы Нұрғиса Атабайұлы Тілендиевтың 1 сәуір туғанына 95 жыл толуына орай, «Нұрғиса Тілендиев- қазақ руханиятының жарық жұлдызы» атты өнер сағаты ұйымдастырылды.. Желіде 24 лайк, 2 коментарий, тіркелді.
15 тамыз композитор, Қазақстанның халық әртисі, Шәмші Қалдаяқовтың туғанына 86 жыл толуына орай, «Ән-аға» атты әдеби әуен сағаты ұйымдастырылды.. Желіде 24 лайк, 2 коментари, тіркелді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет