Әкімі: директоры В. Б. Берикова Э. Ж. Дүйсекова Ойтоған ауылдық кітапханасының 2022 жыл і-тоқсанда атқарылған


Тіл және көркем әдебиеттерді насихаттау



бет5/8
Дата13.10.2022
өлшемі36,91 Kb.
#42819
1   2   3   4   5   6   7   8
Тіл және көркем әдебиеттерді насихаттау
30 қаңтар күні І. Жансүгіров атындағы орта мектеп оқушылары арасында «Ұлы даланың- ұлы абайы» атты әдеби марафон өтті. Сайыс барысында оқушылар Абай өлеңдерінен үзінді оқып, әндерін шырқады. Шараның мақсаты: Ұлы Абайды ұлы даланың мәңгілік ұлы тұлғасы ретінде ұрпақ жадында мәңгілік сақтау. Шараға 28 оқырман қатысты.
Ақын жырау Жамбыл Жабаевтың туғанына 28 ақпан 175 жыл толуына орай, «Өлең сөздің дүлдүлі, жыр алыбы- Жамбыл» атты поэзия кеші өтті, оқушылар Жамбыл шығармашылығынан өлең оқыса, Жамбыл атамызға арнау өлеңдңдерін шығарып, әндер айтылды. Кештің мақсаты: бір ғасырға жуық өмір сүрген жыр алыбы Жамбылдың шығармашылығын келешек ұрпаққа насихаттау. Шараға 18 оқырман қатысты.
Қазақтың ақиық ақыны М.Мақатаевтың 9 ақпан туғанына 90 жыл толуына орай,«Әннің гауһары, жырдың жауһары- Мұқағали ақын» атты поэзия кеші ұйымдастырылды. Кеште ақынның өлеңдерінен әдеби мантаж оқылса, әндері асқақтата шырқалды. Мақсаты:кейінгі буын жас толқынға ақынның өзі өлседе сөзі өлмейтін құнды шығармаларын насихаттау, ұлт рухын ұлықтайтын от тілді,орақ ауыз ұрпақ легін қалыптастыру. Шараға 28 оқырман қатынасты.
Кітапханада, жазушы Ілияс Есенберлинның туғанына 10 қаңтар 105 жыл толуына орай «Тарихқа қалам тербеген жазушы» атты І. Жансүгіров атындағы мектеп оқушыларымен насихат сағаты ұйымдастырылды. Мақсаты: оқырман бойына жазушының тарихы терең, құнды шығармаларын насихаттау.Шараға 18 оқырман қатысты.


Қазақстанның халық жазушы, ақын Қадыр Мырза-Әлінің туғанына 85 жыл толуына орай, «Қазақтың дара қаламгері»- атты танымдық сағат өткізілді. «Асыл сөздің- жауһары» тақырыбында кітап көрмесіне жазушының шығармалары пайдаланылды.әр қайсына бибилографиялық шолу жасалды.Оқырмандарға жазушының бай баға жетпес мұрасын тануға насихатталды. Шараға 14 оқырман қатысты.
Қітапханада, жазушы, ғалым, мемлекеттік силықтың иегері, Қазақстанның халық жазушысы Мұқтар Мағауинның туғанына 2 ақпан 80 жасқа толуына орай, «Жаны жайсаң жазушы»- атты Портрет кеші өткізілді. Шараға, ауыл тұрғындары, мектеп оқушылары 18 оқырман қатысты. Шараның мақсаты: жазушының шынайы көркем тілмен жеткізілген шығармаларын оқырманға насихаттау, бағалау.
Кітапханада, қазақ жазушысы Сәбит Мұқановтың туғанына 22 сәуір 120 жыл толуына орай, «Жалынды сөз зергері» атты танымдық сағат ұйымдастырылды.
2 сәуір Халықаралық балалар кітабі күніне орай, Ойтоған ауылдық кітапханасының ұйымдастыруымен Жазушы Ганс Христиан Андерсеннің «Шақпақ» атты ертегісін кітапхананың тұрақты оқырманы Мұратқызы Ақмарал қашықтықтан жатқа оқып берді. Желіде 18 лайк, 2 коментарий тіркелді.
Ойтоған ауылдық кітапханасының ұйымдастыруымен 13 сәуір күні, балалар жазушысы, әдебиет сыншысы, «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты Елдос Тоқтарбаймен«Ауылым – алтын тұғырым» атты онлайн кездесу өтті. Желіде 62 лайк, 13 коментарий, 125 қаралым тіркелді.
Ойтоған ауылдық кітапханасы қазақтың ұлы ойшыл ақыны, 10 тамыз Абай Құнанбаевтың туған күніне орай, жастар арасында «Абай оқуларын» челленджін Ойтоған ауылдық кітапханасынан Суықсай ауылдық кітапханасы қабылдап алып келесі ауылдарға жолдады. Желіде 30 лайк, 7 коментарий,34 қаралым тіркелді.
Ойтоған ауылдық кітапханасының ұйымдастыруымен қазақтың ұлы ойшыл ақыны, Абай Құнанбаевтың туған күніне орай кітапхананың тұрақты оқырманы Қалқаман Нұрболдың орындауында ақынның «Көзімнің қарасы»әні ұсынылды. Желіде 24 лайк, 6 коментарий,85 қаралым тіркелді.
2021 жылдың 3 маусым күні көпшілік оқырмандарға Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты, жазушы, ақын Арасанбай Естеновпен «Балалар жүрегіне жол тапқан қаламгер» атты онлайн кездесу өтті.
Мақсаты: қаламгер шығармашылығын насихаттау, өзіміздің өлкемізде өскенін мақтан тұтып,үлгі алу. Кейінгі буын жас толқынға балалар әдебиетін дамыту арқылы ұлт рухын ұлықтайтын от тілді,орақ ауыз ұрпақ легін қалыптастыруға тәрбиелеу. Тікелей эфирге 19 оқырман қатысты. Желіде 26 лайк, 32 коментарий, 3репос, 118 қаралымы тіркелді.
Кітапханада оқырмандар назарына «Мемлкеттік тіл- мәртебеміз» атты кітап көрмесі ұсынылды. Мақсаты: мемлекеттік тілдің қолдану аясын дамытып, мәртебесін көтеруді насихаттау. Желіде 35 лайк, 8 комментари тіркелді.
Кітапханада, «Мен қазақша сөйлеймін» акциясы аясында, кітапхананың тұрақты оқырманы, татар ұлтының өкілі Мұхаметжан Лаура Абай Құнанбайетың «Әсемпаз болма әр неге» атты өлеңін ұсынады. Желіде 38 лайк, 11 коментари,124 қаралым тіркелді.
Кітапханада оқырмандар назарына «Тіл- ұлттық белгі, халықтық мұра» атты насихат сағаты ұсынылды. Мақсаты: мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту, мемлекеттік тілдің мәртебесі мен маңызын кеңінен насихаттау. Желіде 45 лайк, 15 комментари тіркелді.
Кітапханада 5 қыркүйек тілдер күніне орай, «Туған тілім- қазынам, алтын кенім» атты поэзия сағаты ұйымдастырылды.
Кітапханада қазақтың ұлы ойшыл ақыны, жоспар бойынша Абай Құнанбаевтың 10 тамыз туған күніне орай, «Абай- ұлттық рухтың үлгісі» атты бейнебаян оқырман назарына ұсынылды.Желіде 32 лайк, 12 коментари,45 қаралым тіркелді.
Кітапханада қазақтың ұлы ойшыл ақыны, А.Құнанбаевтың, «Өлмейтұғын артына сөз қалдырған» атты ардагер- ақындар мүшайрасына қатысушы Ойтоған ардагерлер кеңесінің төрағасы Қанат Досқалиевтың арнау өлеңі желіде жариаланды. Желіде 95 лайк, 100 комментари тіркелді.
Кітапханада, жазушы Оралхан Бөкейхановтың туғанына 28 қыркүйек туғанына 77 жыл тоуына орай, «Оралхан Бөкей- өр Алтайдың асылы» атты танымдық сағат көпшілік оқырман назарына ұсынылды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет