арнайы құқықтан айыруды судья қолданады.
2. Арнайы құқықтан айыру мерзiмi бiр айдан кем болмауға және екi жылдан аспауға тиiс.
3. Көлiк құралдарын басқару құқығынан айыру мерзiмi алты айдан кем болмауға және он жылдан аспауға тиіс.
4. Көлiк құралдарын басқару құқығынан айыруды, көлік құралын масаң күйде басқару не масаң күйдi куәландырудан белгiленген тәртiппен өтуден жалтару, сондай-ақ аталған адамдардың белгiленген қағидаларды бұзып, өздерi қатысушысы болып табылған жол-көлiк оқиғасы болған жерден кетiп қалу жағдайларын қоспағанда, бұл құралдарды мүгедектiгiне байланысты пайдаланатын адамдарға қолдануға болмайды.
5. Аң аулау, балық аулау құқығынан, аң аулау қаруын, оның оқ-дәрiлерiн және балық аулау құралдарын сақтау мен алып жүру құқығынан айыруды, осы құқықты пайдалану тәртiбiн үнемi бұзуды қоспағанда, аң аулау (балық аулау) өмiр сүруiнiң негiзгi заңды көзi болып табылатын адамдарға қолдануға болмайды.
1. Рұқсаттан айыру не оның қолданысын тоқтата тұру рұқсатта көзделген қызметті жүзеге асыру не белгілі бір әрекеттердi (операцияларды) жасау кезiнде жасалған әкiмшiлiк құқық бұзушылық үшiн қолданылады.
1-1. Рұқсаттан айыруды не оның қолданысын тоқтата тұруды осы баптың үшінші, төртінші, бесінші, алтыншы және 6-1-бөліктерінің ережелерін ескере отырып, судья, уәкілетті орган (лауазымды адам) қолданады.
2. Рұқсаттың қолданысын тоқтата тұру мерзімі бір айдан кем болмауға және алты айдан аспауға тиіс.
3. Кредиттiк бюроның рұқсатынан айыруды қоспағанда, қаржы саласындағы қызметтi және қаржы ресурстарын шоғырландырумен байланысты қызметтi жүзеге асыруға рұқсатты тоқтата тұруды не одан айыруды Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген негiздер бойынша және тәртiппен құзыреттері шегінде қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады.
4. Тiзiлiмнен алып тастауды Қазақстан Республикасының кеден заңнамасында белгiленген негiздер бойынша және тәртiппен кеден iсi саласындағы уәкiлеттi орган және Қазақстан Республикасының жол жүрiсi туралы заңнамасында белгiленген негiздер бойынша және тәртiппен көлiк және коммуникация саласындағы уәкiлеттi орган жүзеге асырады.
5. Микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың тiзiлiмiнен алып тастауды қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган Қазақстан Республикасының микроқаржылық қызмет туралы заңнамасында белгiленген негiздер бойынша және тәртiппен жүзеге асырады.
6. Коллекторлық агенттіктердің тізілімінен шығаруды қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган "Коллекторлық қызмет туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген негіздер бойынша және тәртіппен жүзеге асырады.
6-1. Төлем ұйымдарының тізілімінен алып тастауды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі "Төлемдер және төлем жүйелері туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген негіздер бойынша және тәртіппен жүзеге асырады.
7. Егер жүзеге асырылуы кезінде әкімшілік құқық бұзушылық жасалған қызмет лицензияланатын қызмет түрінің кіші түрі болып табылса, рұқсаттан айыру не рұқсатты тоқтата тұру түріндегі әкімшілік жаза лицензияланатын қызмет түрінің нақты кіші түріне ғана қолданылады.
Ескертпе. Осы Кодекстің мақсаттары үшін рұқсаттан айыру, оның қолданысын тоқтата тұру деп лицензияланатын қызмет түрін немесе оның кіші түрін жүзеге асыруға арналған лицензиядан, арнайы рұқсаттан, бiлiктiлiк аттестатынан (куәлiгінен) не қызметтің белгілі бір түріне немесе кіші түріне не белгілі бір әрекетті жасауға, сондай-ақ "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген өзге де рұқсат беру құжатынан айыру не оның қолданысын тоқтата тұру түсініледі.
1. Қызметті немесе оның жекелеген түрлерін тоқтата тұру немесе оған тыйым салу жеке және (немесе) заңды тұлғалардың, оның ішінде заңды тұлғалардың филиалдарының, өкілдіктерінің, құрылымдық бөлімшелерінің, өндірістік учаскелердің қызметін уақытша тоқтатуды немесе қызметіне немесе оның жекелеген түрлеріне тыйым салуды, сондай-ақ агрегаттарды, ғимараттар мен құрылыстарды пайдалануға, қызметтің (жұмыстардың), қызметтер көрсетудің жекелеген түрлерін жүзеге асыруды уақытша тоқтатуды немесе тыйым салуды қамтиды.
2. Қызметті немесе оның жекелеген түрлерiн тоқтата тұру немесе оған тыйым салу, егер әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін қызметті тоқтата тұру не оған тыйым салу түрінде санкция тағайындау мүмкін болса, сот тәртiбiмен жүргізіледі немесе оны әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар туралы iстердi қарауға уәкiлеттiк берілген орган (лауазымды адам) жүргiзедi. Мұндай істерді қарау он тәулік ішінде жүзеге асырылады.
3. Қызметтi немесе оның жекелеген түрлерiн тоқтата тұру үш айға дейінгі мерзімге белгіленеді.
4. Іс қаралғанға дейін жеке немесе заңды тұлғаға осы Кодекстің 801-бабында көзделген тәртіппен қызметтi немесе оның жекелеген түрлерiн тоқтата тұру немесе оған тыйым салу түрінде қамтамасыз ету шарасы қолданылуы мүмкін. Бұл жағдайда қызметтi немесе оның жекелеген түрлерiн тоқтата тұру немесе оған тыйым салу мерзімі, егер әкімшілік жазалаудың бұл шарасы істі қарау кезінде қолданылатын болса, қызметтi немесе оның жекелеген түрлерiн тоқтата тұру не оған тыйым салу мерзіміне қосылады.
1. Әкімшілік қамаққа алу - отыз тәулікке дейінгі, ал төтенше жағдайлар режимі талаптарын бұзғаны үшін қырық бес тәулікке дейінгі мерзімге белгіленеді. Әкімшілік қамаққа алуды судья айрықша жағдайларда осы бөлімнің Ерекше бөлігінде көзделген шектерде тағайындайды.
2. Жүктi әйелдерге және он төрт жасқа дейiнгi балалары бар әйелдерге, он сегiз жасқа толмаған адамдарға, 1 және 2-топтағы мүгедектерге, сондай-ақ елу сегiз жастан асқан әйелдерге, алпыс үш жастан асқан еркектерге және он төрт жасқа толмаған балаларын жалғыз өзі тәрбиелеп отырған еркектерге әкiмшiлiк қамаққа алуды қолдануға болмайды.
3. Әкiмшiлiк ұстап алу мерзiмi әкiмшiлiк қамаққа алу мерзiмiне қосылады.
1. Шетелдiктерді немесе азаматтығы жоқ адамдарды Қазақстан Республикасының шегiнен әкiмшiлiк жолмен шығарып жіберуді судья осы Кодекстiң Ерекше бөлiгiнде көзделген тәртiппен және негiздер бойынша әкiмшiлiк жазалау шарасы ретiнде қолданады.
Осы бөліктің ережелерi шетелдiктердi немесе азаматтығы жоқ адамдарды Қазақстан Республикасының азаматтық iс жүргiзу заңнамасында көзделген тәртiппен жүзеге асырылатын шығарып жiберу жағдайында қолданылмайды.
2. Егер әкiмшiлiк iс жүргiзу барысында өзіне қатысты Қазақстан Республикасының шегiнен әкiмшiлiк жолмен шығарып жіберу түрiнде әкiмшiлiк жазалау шарасы қолданылуы мүмкiн адам, Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексiне сәйкес ауыр немесе аса ауыр қылмыс болып танылатын іс-әрекеттің өзiне қатысты жасалғаны туралы хабарланған жағдайда, онда осы адамға қатысты әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстi қарау Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексiнiң 179-бабында белгiленген тәртiппен хабарлама немесе арыз бойынша шешiм қабылданғанға дейiн кейiнге қалдырылады. Әкімшілік жауапкершілік
Әкімшілік жауапкершілік – заңдық жауапкершіліктің ерекше түрі, ол өкілетті органдардың немесе лауазымды адамдардың Әкімшілік құқық бұзушылық (теріс қылық) жасаған адамдарға әкімшілік жазалар қолдануынан көрінісін табады. Жалпы заңдық жауапкершілікке тән белгілер әкімшілік құқықта да бар. Сонымен бірге заңдық жауапкершіліктің жалпы белгілері заңдарда әкімшілік жауапкершілікке сәйкестендіріле ерекше түрде икемделінеді және де жауапкершіліктің нақ осы түріне сипатты белгілер бекітіледі. Әкімшілік жауапкершіліктің негізгі ерекшеліктері тұтасынан алғанда мыналардан көрінеді: Әкімшілік жауапкершілік заңмен де, заңасты актілермен де немесе олардың әкімшілік құқық бұзушылық туралы нормаларымен тағайындалады, яғни оның өзінің нормативтік-құқықтық негізі бар. Әкімшілік жауапкершіліктің негізіне әкімшілік құқық бұзушылық жатады. Әкімшілік жауапкершіліктің субъектілері адамдар немесе ұжымжық құрылымдар болуы мүмкін. Әкімшілік құқық бұзушылықтар үшін әкімшілік жазалар қаралған. Әкімшілік жазаларды өкілетті органдар мен лауазымды адамдардың үлкен шеңбері: атқарушы биліктің, жергілікті өзін-өзі басқарудың, олардың лауазымды адамдарының, сондай-ақ соттар қолданады. Органдар мен лауазымды адамдар әкімшілік жазаларды өздеріне қызмет не жұмыс жөнінен бағынышты емес адамдарға – құқық бұзушыларға қолданады. Әкімшілік жаза қолдану сотталған болып табылмайды және жұмыстан шығаруға жатпайды. Жазаға тартылған адам тағайындалған мерзім өткенше әкімшілік жазасы бар адам болып саналады. Әкімшілік жауапкершіліктің шаралары әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді реттейтін заңдарға сәйкес қолданылады. Сонымен, әкімшілік жауапкершіліктің басқа түрлерінен айыратын біраз ерекшеліктері бар. Әкімшілік жауапкершіліктің негізгі ерекшелігі оның негізіне әкімшілік құқық бұзушылық, ал шараларына — әкімшілік жазалар жатады.
2сұрақ.Әкімшілік құқық бұзушылық, оның құрамы Әкімшілік құқық бұзушылық әкімшілік жауаптылықтың негізі болып табылады. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексте әкімшілік құқық бұзушылықтың анықтамасы былай деп берілген:»Жеке адамның ӘҚБтК бойынша әкімшілік жауаптылық көзделген құқыққа қарсы, кінәлі (қасақана немесе абайсызда жасалған) іс-әрекеті не әрекетсіздігі немесе заңды тұлғаның құқыққа қарсы іс-әрекеті не әрекетсіздігі әкімшілік құқық бұзушылық болып табылады.» Құқық бұзушылық үшін, егер бұл құқық бұзушылық өзінің сипаты бойынша қолданылып жүрген заңдарға сәйкес қылмыстық жауаптылыққа әкеп соқтырмайтын болса, әкімшілік заңдармен және басқа құқық салаларының нормаларымен (қаржы, жер және т.б.) тағайындалған әкімшілік жауаптылық пайда болады. Әкімшілік құқық бұзушылық әкімшілік құқық нормаларымен жауаптылық қаралатын, белгілі әрекеттерді жасауға тыйым салатын, қорғалатын қоғамдық қатынастарға нұқсан келтіреді. Осы сияқты ережелерді бұзу әкімшілік құқық бұзушылықтың құрамын құрайды. Әкімшілік құқық бұзушылықтың заңдық белгілері: а) құқыққа қарсылық – бұл құқық нормаларын бұзатын әрекеттер жасау болып табылады. Бұл нормалар тек қана әкімшілік құқықтікі емес, сонымен қатар құқықтың бірнеше басқа салаларынікі да болуы мүмкін. Бірақ, белгіленген нормаларды сақтау әкімшілік жауаптылық шараларымен қорғалады. ә) кінәлілік, яғни құқыққа қарсы әрекетті қасақана немесе абайсызда жасау. Әкімшілік құқық бұзушылық жасаған жеке адам өзінің іс-әрекетінің (әрекетсіздігінің) құқыққа қарсы сипатын сезінсе, оның залалды салдарын алдын ала білсе және осы салдардың туындауын қаласа немесе оңан саналы түрде жол берсе не оларға немқұрайды қараса, әкімшілік құқық бұзушылық қасақана жасалған деп танылады. Әкімшілік құқық бұзушылық жасаған жеке адам өзінің іс-әрекетінің (әрекетсіздігінің) зиянды салдарының туындау мүмкіндігін алдын ала білсе, бірақ жеткілікті негізсіз оның алдын алуға болады деп ұшқары ойласа, не тиісті назар салған және ескерген жағдайда оның алдын алуға болса да осындай салдардың туындау мүмкіндігін алдын ала білмесе, әкімшілік құқық бұзушылық абайсызда жасалды деп танылады. Бұларға мысал ретінде мыналарды атап көрсетуге болады: ұсақ бұзақылық, ұсақ ұрлық, тыйым салынған тәсілдермен аң аулау және т.б. – осылардың барлығы және осыларға ұқсас әрекеттер тек қана қасақана, ал жол жүру, өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзу және т.б. абайсызда жасалуы мүмкін. б) қоғамға зиянды деп азаматтың, қоғамның, мемлекеттің мүдделеріне зиян келтіретін әрекет танылады. әкімшілік жауаптылық институтының шеңберінде қандай әрекет қоғамға қарсы деп табылатыны заңдармен белгіленеді. Әкімшілік құқық бұзушылықтың қоғамға зияндық көлемі қылмыс жасағаннан едәуір төмен, сондықтан олар заңды түрде басқаша бағаланады және аса қатал емес жауаптылық белгіленеді. Бұлардан басқа, заңдармен арнайы субъектілердің – жасы кәмелетке толмағандардың, әскери қызметшілердің және тәртіптік жарғыларды басшалыққа алатын басқа адамдармен қатар шет елдіктердің де әкімшілік құқық бұзушылық жасағандары үшін жауаптылығының тәртібі белгіленеді. Азаматтар өздерінің жасаған әкімшілік құқық бұзушылықтары үшін соларды жасаған кезде он алты жасқа толғандары жауапты болады. Лауазымды адам қызметтік міндеттерін орындамауына немесе тиісті дәрежеде орындамауына байланысты әкімшілік құқық бұзушылық жасаған жағдайда әкімшілік жауаптылыққа тартылады. Ұйымдық-билік ету немесе әкімшілік-шаруашылық міндеттерді орындауға байланысты әкімшілік құқық бұзушылық жасаған, заңды тұлға құрмай кәсіпкерлік қызметпен айналысатын азамат, сондай-ақ мемлекеттік органдар немесе жергілікті өзін-өзі басқару органдары болып табылмайтын ұйымдардың жетекшілері, басқару функцияларын орындайтын басқа да қызметкерлері лауазыиды адамдар ретінде әкімшілік жауаптылықта болады. Әскери қызметшілер мен әскери жиында жүрген азаматтар әкімшілік құқық бұзушылық үшін тәртіптік жарғылар бойынша жауаптылықта болады. Прокурорлар, ішкі істер органдарының қатардағы және басшы құрамдағы адамдары, қаржы полициясы мен кеден органдарының қызметкерлері әкімшілік құқық бұзушылық үшін тиісті органдарда қызмет өтеу тәртібін регламенттейтін нормативтік-құқықтық актілерге сәйкес жауаптылықта болады. ҚР-да әкімшілік құқық бұзушылық жасаған шетелдіктер, шетелдік заңды тұлғалар, азаматтығы жоқ адамдар жалпы негіздерде әкімшілік жауаптылықта болады. Шет мемлекеттердің дипломатиялық өкілдері және қорғанышты пайдаланатын өзге де шетелдіктер ҚР-ның аумағында жасаған әкімшілік құқық бұзушылық үшін әкімшілік жауаптылық туралы мәселе халықаралық құқық нормаларына сәйкес шешіледі. Әкімшілік құқық бұзушылық белгілерін оның заңдық құрамынан айырудың практикалық маңызы бар. Әкімшілік құқық бұзушылықтың барлық белгілері бола тұрып, құрамы болмауы мүмкін, сол себепті әкімшілік жауапқа тарту заңсыз болып табылады. Әкімшілік құқық бұзушылықтың құрамы – нормативтік-құқықтық актілермен бекітілген элементтердің жиынтығы және олар болғанда ғана әкімшілік жауаптылық пайда болады. Әкімшілік құқық бұзушылық құрамының элементтері болып: объект, субъект, объективтік жақ, субъективтік жақ табылады. Құқық нормаларымен реттелінген және әкімшілік жауаптылық шараларымен қорғалатын қоғамдық қатынастар объект болып табылады. Іс жүзінде объект ретінде нақтылы нормалар, тапсырмалар, заңды талаптар, тыйым салулар болады. Құқық теориясында, сондай-ақ әкімшілік теріс қылықтың тектік, түрлік және тікелей объектісін айыру бар. Құқық қолдану тәжірибесі тұрғысынан алғанда тікелей объект ерекше маңызды болып көрінеді, олай болатын себебі, әкімшілк санкция заңмен бекітілген қоғамдық қатынастарға шынайы зиян келтіргені үшін қолданылуы керек. Объективтік жақ әкімшілік құқықпен тыйым салынған әрекеттен немесе әрекетсіздіктен көрінеді. Әкімшілік теріс қылықтың объективтік жағы – бұл оны сыртқы көрінісінің актісі ретінде сипаттайтын әкімшілік құқық нормаларымен қаралған белгілердің жиынтығы. Бұл белгілердің ішіндегі ең маңыздысы әрекеттің өзін сипаттайтын белгі болып табылады. Әрекет – басты белгі, ол объективтік жақтың басқа ерекшкліктерімен (тәсіл, уақыт, орын және т.б.) толықтырылуы мүмкін. Әкімшілік құқық бұзушылықтың субъектісі болып заңда әкімшілік теріс қылық ретінде көрсетілген әрекетті жасаған адам немесе заңды тұлға танылады. Әкімшілік құқық бұзушылықтың субъективтік жағы – субъектінің құқық бұзушылық әрекетіне не әрекетсіздігіне және оның салдарына психикалық көзқарасы. Оның түйіні кінә болып табылады, ол қасақана немесе абайсыздық нысанында көрініс табады. Сонымен бірге заңдық жауапкершіліктің жалпы белгілері заңдарда әкімшілік жауапкершілікке сәйкестендіріле ерекше түрде икемделінеді және де жауапкершіліктің нақ осы түріне сипатты белгілер бекітіледі. Әкімшілік жауапкершіліктің негізгі ерекшеліктері тұтасынан алғанда мыналардан көрінеді: Әкімшілік жауапкершілік заңмен де, заңасты актілермен де немесе олардың әкімшілік құқық бұзушылық туралы нормаларымен тағайындалады, яғни оның өзінің нормативтік-құқықтық негізі бар. Әкімшілік жауапкершіліктің негізіне әкімшілік құқық бұзушылық жатады. Әкімшілік жауапкершіліктің субъектілері адамдар немесе ұжымжық құрылымдар болуы мүмкін. Әкімшілік құқық бұзушылықтар үшін әкімшілік жазалар қаралған. Әкімшілік жазаларды өкілетті органдар мен лауазымды адамдардың үлкен шеңбері: атқарушы биліктің, жергілікті өзін-өзі басқарудың, олардың лауазымды адамдарының, сондай-ақ соттар қолданады. Органдар мен лауазымды адамдар әкімшілік жазаларды өздеріне қызмет не жұмыс жөнінен бағынышты емес адамдарға – құқық бұзушыларға қолданады. Әкімшілік жаза қолдану сотталған болып табылмайды және жұмыстан шығаруға жатпайды. Жазаға тартылған адам тағайындалған мерзім өткенше әкімшілік жазасы бар адам болып саналады. Әкімшілік жауапкершіліктің шаралары әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді реттейтін заңдарға сәйкес қолданылады. Сонымен, әкімшілік жауапкершіліктің басқа түрлерінен айыратын біраз ерекшеліктері бар. Әкімшілік жауапкершіліктің негізгі ерекшелігі оның негізіне әкімшілік құқық бұзушылық, ал шараларына — әкімшілік жазалар жатады.
3сұрақ.Әкімшілік жазалардың түрлері және түсінігі Әкімшілік –құқықтық нормаларды бұзу әкімшілік мәжбүрлеу шараларын қолдануға әкеп соқтырады, олардың бір түрі әкімшілк жазалар болып табылады. Нақ осы соңғылар, алдын алу, жолын кесу шараларынан және процессуалдық шаралардан айырмашылығы, әкімшілік жауапқа тартылғанның нәтижесінде қолданылады. ӘҚБтК –тің 45-бабынды әкімшілік жазалардың мынандай түрлері белгіленген: Ескерту жасау; Әкімшілік айыппұл салу; Әкімшілік құқық бұзушылықты жасау құралы немесе оның тікелей объектісі болған затты өтемін төлеп алып қою; Әкімшілік құқық бұзушылықты жасау құралы немесе оның тікелей объектісі болған затты, сол сияқты әкімшілік құқық бұзушылық жасау салдарынан алынған мүлікті тәркілеу; Арнаулы құқықтан айыру; Лицензиядан, арнаулы рұқсаттан,біліктілік аттестатынан (куәліктен) айыру немесе белгілі бір іс әрекеттер жасауға оның қолданылуын тоқтата тұру; Жеке кәсіпкерлік қызметін тоқтата тұру немесе оған тиым салу; Заңсыз салынып жатырған немесе салынған құрылысты мәжбүрлеп бұзып тастау; Әкімшілік қамауға алу; Шетелдікті немесе азаматтығы жоқ адамды ҚР ның шегінен әкімшілік жолмен кетіру. Әкімшілік жауаптылықты оны белгілеу тәртібі айырады. ӘҚБтК бойынша әкімшілік жауаптылық осы Кодекспен белгіленеді. Әкімшілк жауаптылықты көздейтін өзге заңдар осы Кодекске олар енгізілгеннен кейін ғана қолданылады. Сұрақ Әкімшілік жауаптылықтан босатудың негіздері. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 69-бабына сәйкес әкімшілік жауаптылықтан босатудың ескіру-мерзімі белгіленген. Адам әкімшілік құқық бұзушылық жасалған күннен бастап 2-ай өткеннен кейін, ол қоршаған ортаны қорғау саласында -6 ай өткеннен кейін әкімшілік жауаптылыққа тартылмайды. Жеке тұлға әкімшілік сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық, сондай ақ салық салу, ҚР-ның зейнетақымен қамсыздандыру туралы, міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы заңнамасы саласында құқық бұзушылық жасағаны үшін, оны жасаған күннен бастап 1 жыл өткеннен кейін әкімшілік жауаптылыққа тартылуға тиіс емес. Ал заңды тұлға осындай құқық бұзушылық жасаған жағдайда, жасалған күннен бастап 3 жыл өткеннен кейін әкімшілік жауапкершілікке тартылуға тиіс емес. Созылып кеткен әкімшілік құқық бұзушылық кезінде (Мыс. әскери есепке тұру ережесін бұзғанда, тіркеусіз тұрып жатқанда, т.б.) , сондай ақ қоғамның және мемлекеттің заңмен қорғалатын мүдделеріне қол сұғатын қаржы мен бюджет саласындағы әкімшілік құқық бұзушылық жасалған кезде, адам, әкімшілік құқық бұзушылық анықталған күннен бастап, 2-ай өткеннен кейін, әкімшілік жауаптылыққа тартылуға тиіс емес. ЕСКЕРТУ. 1,3 қылмыстың жасалуына септігін тигізеді. Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 387 б. 1-бөлігі 1 жылдан уақыт өтсе, әкімшілік жаза қолданылады. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 67 бабына сәйкес әкімшілік құқық бұзушылықты бірінші рет жасалған адамды, және ол адам келтірілген залалды өз еркімен өтесе, онда әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі қарауға уәкілетті орган (лауазымды адам) әкімшілік жауаптылықтан құқық бұзушы адамды, босатуы мүмкін. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 68 бабына сәйкес: Құқық бұзушылықпен келтірілген зиян елеусіз болған жағдайда, судья немесе істі қарауға уәкілетті орган (лауазымды адам) әкімшілік құқық бұзушылық жасаған адамға ауызша ескерту жасап, ол адамды әкімшілік жауаптан босатады. Мыс: ақысыз жол жүру, шу көтеру. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 71 бабына сәйкес, әкімшілік құқық бұзушылық жасаған адам жағдайдың өзгеруіне немесе науқастануына да байланысты әкімшілік жуаптылықтан босатылуы мүмкін. Сонымен қатар Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 171 бабына сәйкес тараптардың бітімгершілікке келуіне байланысты әкімшілік, жазбаша келісім негізінде, тоқтатылады. Әкімшілік жуапекршілікті: жеңілдететін жағдайлар; болдырмайтын жағдайлар; ауырлататын жағдайлар болады. шектейтін жағдайлар Жеңілдететін жағдайлар: мойындау; кінәлаушының шын көңілмен өкінуі; жасалған әрекеттерді қалпына келтіру; кәмелеттік жасқа толмауы және толмаған жүкті әйел немесе баласы әйелдің әкімшілік жауапкер болуы. Мұның бәрі іс жүзінде дәлелденіп, ресми түрде құжаттармен толтырылуы керек. Әкімшілік жуапкершілікті ауырлататын жағдайлар: Бір жылда 2 рет қайталанған құқық бұзушылық үшін, 1 рет жауапқа тартылуы; Құқық бұзушылық топ адамдарымен жасалуы Ішімдік, не есірткі шегіп құқық бұзушылықтың жасалуы Ескертулерден ешқандай қорытынды жасамаған тұлғаларға; Бұрын қылмыс жасаған адам болса. Әкімшілік жауаптылықты болдырмайтын жағдайлар: қажетті қорғану жағдайында яғни жеке басын, тұрғын үйін, жер учаскасін қорғау –қажетті қорғану шегінен шығып кетпеген жағдайдың болуы. Аса қажеттілік жағдайында, яғни осы адамның өміріне, денсаулығына аса қауіп төндіретін қауіпті жою үшін іс әрекеттің жасалуы. Мыс: көлік жүргізуші медициналық жәрдемді қажет ететін адамды ауруханаға өте жылдамдықпен апаруы. Жылдамдықты арттырғаны үшін жазаланбайды. Әкімшілік жауапкершілікті шектейтін жағдайлар. Бұл шектеулер ең алдымен әкімшілік заңдармен қаралған, әкімшілік құқық бұзушылық субьектілерінің ескеретін ерекшеліктерімен байланысты. Мыс: қамауға алуға болмайды: жүкті әйелдерді; 14 жасқа дейінгі балалары бар әйелдерді 18 жасқа толмаған (кәмелетке толмағандарды) 1 және 2 топтағы мүгедектерді; 58 жастан асқан әйелдерді; 63 жастан асқан ер адамдарды. Көлік құралын мүгедектігіне байланысты пайдаланатын адамның көлік құралын жүргізу құқығынан айыруға болмайды. Аң аулау (балық аулау) өмір сүруінің негізгі қажеттілігі болып табылатын адамның аң аулау құралын алып қоюға сақтау мен алып жүру құқығынан айыруға болмайды. Сонымен қатар, судьяларға, прокурорға әкімшілік жазалар мен жауапкершілік қолдану негіздеріне заң жүзінде шектеулер қарастырылған. 5 сұрақ. Кәмелетке толмағандардың әкімшілік жауаптылығы 16 жасқа толған әкімшілік құқық бұзушылық жасаған адам кәмелетке толмаған деп есептелінеді және оларға мәжбүрлеу шаралары қолданылуы мүмкін. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 73 бабына сәйкес кәмелетке толмағандарға әкімшілік жазалар қолданылу тәрбиелік ерекшеліктері бар. Айыппұл кәмелетке толмаған адамда бар мүліктің есебінен төленеді. Айыппұл төлеуге жеткілікті мүлкі болмаған жағдайда, айыппұл оның ата-анасына немесе қамқоршы (қорғаншысына) салынады. Әкімшілік айыппұлдың мөлшерін айлық есептік көрсеткіштің 5 тен бір бөлігінен кем болмауға және он айлық есептік көрсеткіштен аспауға тиіс. Бақылау сұрақтары: Әкімшілік жауапкершіліктің түсінігі және оның негізгі белгілері қандай? Әкімшілік құқық бұзушылықтың құрамы, оның айырмашылығы қандай? Әкімшілік жазалардың қандай түрлері бар? Қандай жағдайда әкімшілік жауаптылықты жеңілдетеді? Әкімшілік жауапкершілікті ауырлататын жағдайларды атаңыз. Әкімшілік жауапкершіліктен босатудың негіздері қандай? Кәмелетке толмағандардың әкімшілік жауаптылығы қандай? Глоссарий: Әкімшілік жауапкершілік әкімшілік құқық бұзушылық әкімшілік жазалар құқыққа қарсылық кінәлілік объект субъект объективтік жақ субъективтік жақ .
Достарыңызбен бөлісу: |