6.Әкімшілік құқықтың жүйесі талдау?
Әкімшілік құқық жүйесі деп институттарда біріккен және біртекті қоғамдық қатынастарды реттейтін әкімшілік-құқықтық нормалардың жиынтығы түсініледі. Дәстүрлі түрде әкімшілік құқық жалпы және ерекше бөліктерге бөлінеді, олардың әрқайсысы белгілі бір құқықтық институттарды қамтиды. Сонымен, жалпы бөлімді барлық салалардың, мемлекеттік басқару сфераларының барлық мемлекеттік органдарының қызметінде ортақ құқықтық нормалар мен институттар құрайды. Ерекше бөлім мемлекеттік басқарудың нақты салаларында (мемлекеттік шаруашылық, табиғатты қорғау және табиғи ресурстарды пайдалану, әлеуметтік-мәдени өмірдің мемлекеттік саласы және т.б.) әрекет ететін нормаларды қамтиды.
Достарыңызбен бөлісу: |