Әкімшілік құқық гос сұрақтарының жауаптары Әкімшілік құқығының түсінігі мен пәні?


Атқарушы билік органдарының түсінігі мен құқықтық мәртебесі



бет7/18
Дата07.02.2022
өлшемі49,19 Kb.
#25001
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   18
Байланысты:
әкімшілік гос

7.Атқарушы билік органдарының түсінігі мен құқықтық мәртебесі

Атқарушы билік органдарының түсінігі мен құқықтық мәртебесі. Атқарушы билік органы – мемлекеттік биліктің атқарушы билік тармағын жүзеге асыратын негізгі субъект. Онсыз мемлекеттік – басқарушылық қызметті жүзеге асыру және әкімшілік –құқықтық қатынастардың пайда болуы мүмкін емес. Атқарушы билік органы құрылу сипатына байланысты: Мемлекеттік ұйым және Мемлекеттік емес ұйым болып бөлінеді. Мемлекеттік ұйымдардың тобына мемлекеттік кәсіпорындар,мемлекеттік мекемелер, және мемлекеттік органдар жатады. Олар өзінің қызметін өздерін құратын мемлекеттің атынан жүзеге асырады, бірақ, олардың қандай да бір биліктік өкілеттіктері болмайды және өзінің функциясына жатпайтын басқа функцияны жүзеге асыра алма йды. Мемлекеттік емес ұйымдарды мемлекет құрмайды. Және олар мемлекеттің атынан биліктік өкілеттілігін жүргізе алмайды. Яғни, Атқарушы билік органы дегеніміз бұл тиісті құзырет берілген белгілі бір аумақ шеңберінде қызмет атқаратын және атқарушы — өкім етуші қызметті жүзеге асыратын біршама дербес құрылымдық жағынан жекеленген мемлекеттік аппараттың бір бөлігі. Биліктің кез-келген тармағының,оның ішінде атқарушы органдарының жұмысы, көбінесе басқарудың әдістерін қолдануымен анықталады.
Басқару әдістері дегеніміз:
1.әкімшілік құқығы субъектісінің қызметін ұйымдастыру.
2.басқару процессінде туындайтын нақты мәселелерді шешу. Басқару субъектілерінің қызметін ұйымдастыру процесі құрылымдық бөлімшілерді құру және олардың қызметін белгілеу және оларды атқарушы билік органдарының жүйесіне кіргізу, басқарушылық процестерді рәсімдеу. Атқарушы билік органдарының өзіне тән белгілері бар: Атқарушы билік органы заң шығарушы және сот билігі органдарымен қатар мемлекеттік аппараттың жеке буыны болып табылады.Яғни, ол мемлекеттік орган ретінде мемлекеттік басқару мен бақылауды атқаруға уәкілдік берілген,заңнамалармен белгіленген тәртіппен құрылатын мемлекеттік мекеме. Мемлекеттік-биліктік өкілеттіктері болуы; Яғни, Атқарушы билік органдарына берілетін мемлекеттік –биліктік сипаты бар өкілеттіктердің мәні – олардың мынандай құқықтарына байланысты: а) мемлекеттің атынан заңды түрде міндетті болатын құқықтық актілерді шығару құқығы бар.Мыс. жол жүру ережелері, өрт қауіпсіздігі туралы ережелер, санитарлық- гигиена туралы ережелер. ә) құқықтық актілермен белгіленетін талаптар мен ережелердің сақталуын мемлекет атынан байқауды (қадағалауды) жүзеге асырады. б )заңды түрде міндетті болатын актілердің талаптарын орындауды қамтамасыз ету мақсатында иландыру, түсіндіру, шараларын қолданады.  Атқарушы билік органдары тек мемлекеттік бюджеттен ғана қаржыландырылады және заңды тұға болып табылады.Яғни, азаматтық құқық қабілеттілігі болады. Сонымен, атқарушы билік органы дегеніміз — билікті бөлу принципіне сәйкес мемлекеттің тапсыруымен қоғамның шаруашылық, әлеуметтік- мәдениет және әкімшілік – саяси өмірінің әр түрлі салаларында атқарушы –өкім етуші қызметті нақты жүзеге асыратын мемлекеттік –биліктік механизмнің ( мемлекеттік аппараттың ) буыны.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   18




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет