Әкімшілік құқық гос сұрақтарының жауаптары Әкімшілік құқығының түсінігі мен пәні?



бет4/18
Дата07.02.2022
өлшемі49,19 Kb.
#25001
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18
4.Әкімшілік құқықтық нормалар?

Әкімшілік — құқықтық нормалар – бұл мемлекеттік,қоғамдық басқару сферасындағы қатынастарды, сондай-ақ мемлекеттік қызметтің басқа сферасында туындайтын басқару сипатындағы қатынастарды (әділ соттылықты, прокурорлық қадағалауды) реттейтін мемлекетпен белгіленген немесе бекітілген, рұқсат етілген ережелер болып табылады және оларды орындамаған жағдайда мемлекеттің мәжбүрлеуі арқылы жүзеге асыралады.

Әкімшілік — құқықтық нормалардың негізгі міндеттері:

1)Мемлекет басқару жүйелерінің әртүрлі құрамдас бөліктерін ретке келтіру;

2)Басқарушы мен басқарылатын жүйелердің арасындағы тиімді арақатынасты нығайту;

3)Әртүрлі басқару салаларындағы байланыстарды, мемлекет органдардың кәсіпорындармен, мекемелермен, ұйымдармен, азаматтармен арақатынастарын белгілеу;

Әкімшілік құқық нормаларының мән -маңызы мыналарға бағытталған:

1) мемлекеттік басқару сферасында қалыптасқан қатынастарды ұйымдастыруға, ретке келтіруге және жетілдіруге;

2) құқықпен реттелген басқару қатынастарын қорғау.

3) біздің қоғамымызды дамытатын объективті заңдардың талаптарына сай жаңа қоғамдық қатынастарды тудыруға және дамытуға;

4)қазіргі уақыт талабына сай емес қоғамдық қатынастарды басқару сферасынан шығаруға бағытталған.

Әкімшілік — құқықтық нормалар көптеген басқару органдарының құқықтық жағдайы мен құзырлығын анықтайды, олардың қызметін, басқару нысандары мен әдістерін, басқа субъектілерімен ара қатынастарының тәртібін белгілейді.

Әкімшілік құқықтың нормалары, сондай-ақ, кәсіпорындардың, мекемелердің, ұйымдардың мемлекеттік және қоғамдық қызметкерлердің, мемлекеттік басқару сферасындағы азаматтардың құқықтық жағдайын анықтайды.

Әкімшілік -құқықтық нормалар мына элементтерден тұрады:

1)гипотеза;

2)диспозиция;

3)санкция.

Гипотеза – бұл құқық нормаларын қолдану жағдайлары. Норманың гипотезасымен қарастырылған мән-жайлар әкімшілік — құқықтық қатынастарды тудыратын, өзгертетін және тоқтатын заңды фактілер болып табылады, мысалы, адамның әкімшілік құқық бұзушылық жасауы, соның нәтижесінде заңды жауапкершілікке тартылады, адамның белгілі бір жасқа толуы (16 жасқа толуы, бұл кезде азамат төл құжатын алады немесе 18 жасқа толуы, яғни кәмелеттік жасқа толуы, бұл кезде адам құқықтық қатынастардың толыққанды субъектісі болады). Бұл жерде заңды фактілер болып 16 жасқа толу (оқиға), төл құжатын жоғалтып алу (әрекет).

Гипотезаның мынадай түрлері болады:

— абсолютті — анықталған — бұл құқық нормасы қолданылатын нақтылы жағдайды көрсетеді, мысалы, уақытында салықты төлу.

— салыстырмалы — анықталған — бұл кезде құқық нормасы жүзеге асырылатын жағдайлардың жалпы сипаты ғана көрсетіледі.

Диспозиция -бұл мінез-құлық ережелері, бұнда субъектілердің құқықтары мен міндеттері көрсетіледі. Құқық нормасының негізін қалайтын басты элементі болып табылады. Диспозиция -бұл ұйғарымдар, бұйрықтар, жарлықтар, тиым салушылықтарлар, рұқсат берушіліктер.

Санкция – бұл мінез — құлық ережелерін бұзғаны үшін нормамен қарастырылған жағымсыз зардаптарды көрсететін құқық нормасының элементі.

Әкімшілік – мәжбүрлеу шаралары (шекараны жабу, жер сілкінісі болған жерлерді оқшаулау) санкцияға жатпайды, сол себебі олар құқық бұзушылықпен байланысты емес. Бұндай шаралар диспозицияда көрсетіледі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет