Екінші болма! Бизнесте, карьерада және өмірде женіске жетудің Қазақша жолы 3-басылым Алматы


Біз көбінде Алланың берген мүмкіндіктерін дұрыс



Pdf көрінісі
бет60/95
Дата20.10.2022
өлшемі2,73 Mb.
#44447
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   95
Біз көбінде Алланың берген мүмкіндіктерін дұрыс 
бағаламаймыз. Оның сыйлығының бірі – бізге жіберетін, 
адамдары болуы мүмкін. Кейбір адамдармен тиісінше 
қарым-қатынас ұстай алмадық, соның кесірінен, 
мүкін, қазір қиналып жүрген шығармыз? Құдай бізге 
өмірімізді өзгертуге мүмкіндік береді. Адамдар арқылы. 
 
 
Сол мүмкіндікті жіберіп алмаудың жалғыз жолы  
адамдарға зейін қою. Әр кездескен адам біздің өмірлік 
жолдасымыз болмайды. Бірақ бұл кездескен адамды «бір 
күндік таныс» деп назарсыз қалдыру керек дегенді біл- 
дірмесе керек. Өмір бір кездестірген адаммен жолыңды 
тағы да түйістіреді. Сол кезде оған көңіл қойғаның қан- 
шалықты дұрыс болғанын түсінесің. 
Егер берілген мүмкіндіктерді дұрыс пайдалансаң
сенің әр танысың керек адамға айналады. «Алты алақан 
теориясы» («Теория шести рукопожатий») деген тео- 
рияны білетін боларсың. Дүние жүзіндегі әр адам бірі- 
мен-бірі таныс болып шығады. Ешқашан мән бермеген 
әріптесің, танысың, өміріңді өзгертіп жіберетін адаммен 
таныстыруы мүмкін. 
Бұл орайда Билл Клинтонның әдісі назар аударар- 
лық. Оксфордта студент кезінде ол университетті бітіріп 
жатқан Джефри Стэмпспен танысады. «Джеф, мұнда
немен айналысасың?», – деп сұрайды. «Пемброк кол- 
леджінде оқимын», «Пемброк» деп жазып қояды. «Қан- 
дай мамандықта? Оған дейін не істедің?», – деп сұрақ 
үстіне сұрақ жаудырады және жауапты жазып қояды. 
«Неге оның бәрін жазып жатырсың?»,
– деп сұраған жаңа 
танысына болашақ президент: «Арканзастың губернато- 
ры болғалы жүрмін. Сондықтан өзім танысқан адамдар 
дың бәрі туралы ақпаратты тізіп жүрмін», – деген екен. 


Жүйе деген керемет нәрсе. Өміріңнің барлық саласына 
қатысты болмаса да, кейбір саласына қатысты тізімдер 
жасап отыру аса маңызды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   95




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет