Екінші болма! Бизнесте, карьерада және өмірде женіске жетудің Қазақша жолы 3-басылым Алматы



Pdf көрінісі
бет59/95
Дата20.10.2022
өлшемі2,73 Mb.
#44447
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   95
Тыңдай білу маңызды. Адам сөйлегенде бөлмей, өз 
пікіріңді тықпаламай, сынамай, қарсы болмай, адамның 
ойын ақырына дейін тыңдай білу деген өте маңызды 
қасиет. Игорь Манн бұл қасиетті дамыту үшін жаттығу 
жасауды ұсынады. Алдымен, танысыңа, досыңа не әйте- 
уір жақын адамыңа бес сұрақ қоям деп ескертесің. Шын 
мәнінде өзің жалғыз сұрақ дайындайсың. Келесі төрт 
сұрақ туындау үшін оны құлақ қойып тыңдай түсетінің 
анық. 
Жөн-жосықсыз сынамау. Дейл Карнеги
49
«Как при- 
обретать друзей и оказывать влияние на людей» (How to 
Friends and Influence People) деген бестселлерінде 
өте жақсы ой айтады. Өзгені сынау кемшілігін көрсету- 
дің түбінде көп жағдайда өзін көтермелеу, өз бағасын арт- 
тыруға талпыныс жатады. Ал бұл – қарым-қатынастағы 
ең қауіпті нүкте. Өзіне сенімді адам өзгелердің кемшілігі 
арқылы өз бағасын көтермейді. Оларға кешіріммен қа- 
райды, байқамауға тырысады. Керісінше, пікірлесінің 
мерейін асырып, жамандығын жасырып, жақсылығын 
асыруға тырысады. Сонда ғана өзгенің құрметі мен сү- 
йіспеншілігіне бөленуге болады. Кавасаки: «Уақыт өте 
келе жай ғана үнсіз қалуды үйрендім. Солай ғана ситуа- 
циядан жеңімпаз болып шығасың» – дейді. 
___________ 
49
Дейл Карнеги – америкалык педагог, психолог, жазушы, шешен-мотиватор. 


Сэндвич техникасын қолдану. Кейде, ситуация 
шынында да сын айтуды талап ететін шығар. Мұндай 
жағдайда сэндвич техникасын пайдалануға болады. Ал- 
дымен жақсылап тұрып мақтайсың, сосын сыныңды ай- 
тасың, қайтадан мақтайсың. Бұл – еврей халқының бала- 
ларын тәрбиелегенде пайдаланатын әдісі. Олар ешқашан 
сынды баланың ішкі бағасын түсіретіндей етіп айтпай- 
ды, сондықтан комплекссіз болып өседі. Әрбір ересек 
адамның ішінде де әрбір бала өмір сүреді. Сондықтан 
аса қажет болса, сынай отырып мақтауды, мақтап оты- 
рып мақтамен бауыздауды үйрен. Адамға естігісі келген 
нәрсені айтуға машықтан. 
Комплиментті кім жақсы көрмейді? Мақтауды бәріміз 
ұнатамыз, бірақ оны тостқа қалдыр. Комплименттің 
мақтаудан айырмашылығы, болмашы ғана нәрсеге ай- 
тылады. Бірақ тыңдаушының мерейін өсіріп, көңілін 
көтереді. Келесіде аса жақын араласпайтын танысыңды 
көргенде ауыз жыбырлатып өте салмай, оның өмірінде 
не болып жатқанын білуге тырыс. Жеңістері болса, құт- 
тықтауды ұмытпа. Жақсы қасиетін көрсең, онысын айт. 
Бірде табысты бір адамнан: «Сіз осы, адамның бәрін қа- 
лайша мақтай бересіз?», – деп сұраса, ол «Неге мақта- 
масқа? Менің ештеңем кетпейді, ал оның көңілі өсіп қа- 
лады», – деген екен. 
Брайан Трейси «Достижение максимума. 12 принци- 
пов» деген кітабында бір оқиғаны айтады. Бір бизнесмен
апта сайын өмірде жолы түйіскен он адамға жеделхат 
жіберуді әдетке айналдырыпты. Әр жеделхатта жалғыз 
ғана сөз екен: «Құттықтаймын!». Жылдар өте келе оны 
құрметтейтін таныстар шеңбері кеңейе береді. Қартайған 
шағында, «Осыншама адамның жеңістері туралы қайдан 
біллініз?» дегенде «Олардың не істеп жатқанын білсем 
бұйырмасын» деп жауап беріпті. Ол жай ғана, әр адам 
күн сайын, апта сайын бір кішкентай жеңіске жететінін 
білетін. Жеделхатты алған адам, автоматты түрде өзінің 
соны жеңісімен байланыстыратын болған. 
Қарап отырсаң, бұл бизнесменнің жұмысы бастан 
асып жатыр. Отбасы, достары, қызметкерлері бар, бәрінің 


156
алдында жауапкершілігі мен міндеттері бар. Соған қара- 
мастан ол алыс таныстарын іздеп, түгендеп отырады. Се- 
бебі, жеңістің бір құпиясын біледі. Ол «Әлсіз байланы- 
стардың ықпалы» деп аталады. 
«Әлсіз байланыстардың» ықпалы. Тұлғааралық 
қарым-қатынастарды сипатына қарай (мысалы, жиілігі 
мен ұзақтығы) «мықты» және «әлсіз» байланыстар деп 
бөледі. Өте әлсіз байланыстар да бар, ол – бас изесіп өте 
беретін адамдардың байланысы. «Мықты» байланыс 
тар – отбасың, ең жақын достарың делік. «Әлсіз» байла- 
ныстар университетте бірге оқыған, оқу олимпиадасына 
бірге қатысқан, дебат клубына бірге барған немесе до- 
сыңның туған күнінде танысқан адамдар. Америкалық 
социолог Марк Гранноверт
50
«Сила слабых связей» (The 
Strength of Weak Ties) деген мақаласында осы әлсіз бай- 
ланыстарға кеңінен тоқталады. 
Жүргізген зерттеуінің негізінде, адамның карьерасы- 
на оның «мықты» байланыстарынан гөрі, «әлсіз» байла- 
ныстары көбірек ықпал ететінін айтады. Еңбек жолында 
адамның өрлеуі осы байланыстар арқылы жүреді. Демек 
сенің бұрынғы әріптесің, танысың жеңісіңе отбасыңнан 
гөрі көбірек септеседі. Себебі, ең жақын адамдарда бар 
ақпарат сенде де болатыны сөзсіз. Олар тура сен жүр- 
ген орталарда жүреді. Сенімен бірге жұмыс істейді, тура 
сол тойларға, жиындар мен отырыстарға барады. Олар 
саған беймәлім не нәрсе білуі мүмкін? Ал «әлсіз» байла- 
ныстағы адамдардың әлемі, оларда бар ақпарат саған 
жаңалық болуы мүмкін. Сондықтан да жұмыс, ақпа- 
рат, идея іздеуге келгенде, «әлсіз» байланыстар ылғи да 
«мықты» байланыстардың алдын орайды. 
Гранноверт бір жақсы жаңалық айтады, әлсіз байла- 
ныстарды әлеуметтік желі арқылы ұстап тұруға бола- 
ды, ол аз десең, мұндай байланыстарды әлеуметтік желі 
арқылы да орната аласың. Өйткені оның негізгі принципі 
визуализация. Көз алдында көлбеңдеп жүрсең, сені 
____________ 
50
Марк Грановеттер – америкалык социолог, әлеуметтік желілерде ақапараттың таралу 
моделін ойлап тапқан. 


күнде тілдесіп жүргендей жақындық сезеді. Ал ең жақын 
адамдардыңмен, достарыңмен, туыстарыңмен әлеуметтік 
желі арқылы байланыс ұстау жеткіліксіз ғой? 
Жоғарыда айткан социолог Марк Грановеттер 1974 
жылы өзінің «Жұмысқа тұру» (Getting a Job) деген кіта- 
бын жазу үшін сауалнама жүргізеді. Нәтиже қандай дей- 
сіз? Сұралғандардың 56 пайызы жұмысты таныстары 
арқылы тапқан, 18,8 пайызы хабарландыру арқылы, 20 
пайызы жұмыс берушілерге тікелей шыққан. Жұмысты 
таныстар арқылы тапқандардың 16,7 пайызы бұл таны- 
сымен жиі» (жақсы дос ретінде) кездесіп тұратынын ай- 
тыпты. 55,6 пайызы «ара-тұра» және 28 пайызы өте сирек 
керісіп тұрады екен. Демек, адамдар көбінде жұмысқа 
жақын достары емес, қатардағы таныстары арқылы ор- 
наласады екен. Ойланып көрсең, бұл заңды да. 
Стамбұлда «Starbucks»-тың директоры маған шоколад 
бизнесін бастайтын кезде көп көмектесті. Ылғи ұшаққа 
мінгенде жанымда отырған көршіммен сөйлесуге тыры- 
самын. Және шындығына келгенде, сондай таныстықтар- 
дың өте үлкен жобалар мен жақын достыққа ұласқан кезі 
өте көп. Немесе таксиге отырғанда да сондай. Таксис- 
тердің бәрі жақсы адамдар болып кездеседі. Саған елдегі 
жаңалықтарды, халықтың жағдайын, жақсы мейрамхана- 
ларды, дұрыс қонақ үйлерді көрсетіп беретін де солар. 
«Rumi»-дің – «Rumi» болып тұрғаны, біраз деңгейде па- 
лаушыға байланысты болса, сол палаушыны Ташкент- 
тен тауып берген де – таксист. Ең жақсы палаушының 
шәкірттері бізге жұмысқа келді.
Лондонда таксист, тіпті, Қайрат Нұртасты тыңдайтын 
болып шықты. Бакуге бірінші рет барғанда Uberдің парт- 
нері Анар үш күн бойы жанымызда жүрді. Елдің мәдени- 
еті мен асханасын таныстырды, жаңа мейрамханамызға 
жақсы мамандар табуға септесті. Саяхаттағанды жақсы 
көрем, бірақ жүз пайыз жоспарламаймын. Солайша жаңа 
адамдармен танысып, өзім ойламаған жерлерге баруға 
уақыт қалдырамын. Өмірдің берерін алуға дайын болсаң 
ғана аласың. Бұл және өзіңнің ниетіне байланысты. О 


158
бастан жақсылық күтсең, жақсылық болады. Құдай біз- 
ге біз күткеннен, біз қалағаннан да көп нәрсе дайындап 
тұрғанын өмірдің өзі көрсетіп жатыр. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   95




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет