Екінші болма! Бизнесте, карьерада және өмірде женіске жетудің Қазақша жолы 3-басылым Алматы



Pdf көрінісі
бет74/95
Дата20.10.2022
өлшемі2,73 Mb.
#44447
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   95
 
 
 
 
МАЙДA ЖЕҢІСТЕР НЕМЕСЕ 
ГИГАНТОМАНИЯНЫҢ 
АНТИПАЙДАЛАРЫ 
 
 
Көпшілік гигантоманиямен ауырады. Бірден ба- 
стық болғысы, үлкен компания ашқысы, қомақты 
қаражат тапқысы келеді. Ақырында, бірден ауқымды, 
үлкен жауапкершілікті мойнымызға артып алғаннан 
кейін, тура сондай ауқымдағы сәтсіздікке ұшыраймыз. 
 
Кішкентай тетікті бекітіп жатса, «ұшақ құрастырып 
жатырмын» деп қиялдап кетеді. Ал сол сәтте сенен тек 
тетікті барынша сапалы бекітуге зейін қою ғана талап 
етіледі. Үлкен жобалармен ауырамызда, кішкентай де- 
тальдардан қағыламыз. Бұл ертеңге әсер етеді ғой. 
«ЖЕНСКЕ ЖЕТЕМІН» ауырғаннан деп гөрі жеңіске 
жеткізетін нәрселермен ауырған дұрыс. Білім, шешендік, 
талғам, елден өзгеше ойлау. Онымен бітпейді. Жеңіске 
кедергі келтіретін дүниелерді жолдан алып тастау қажет 
болады. 
Үлкен жеңістер көптеген кішігірім жеңістерден құра- 
луы қажет. «Қалай өзгерсем болады?», «Бизнесімді дамы- 
ту үшін не ітсеймін?» деп жазатындар өте көп. Айтарым 
бір-ақ сөз: күнделікті кішігірім жеңістерге жетіп отыр. 
Жиырма бір күнде әдет қалыптасады дейді. Сенің 
сенімділігіңді арттыратын, дамуына септігін тигізетін 
әрекеттерден баста. Жүгір, дұрыс сөйле, әдептілік таныт, 
кітап оқы, өзіңе ұнайтын адамға ұқсауға тырыс. 
Кішкентай жеңістердің дәмін татпаған адам, үлкен 
жеңістерге қол жеткізбейді. 


182
ӨМІРДЕН ЛӘЗЗAT AЛУ 
 
 
Жалпы, біз, қазақ жұмысқа берілген, еңбекқор ха- 
лықпыз ғой. Ешқашан өзімізге ақша қимаймыз. 
Бір затты қалап тұрамыз да, отбасын ойлаймыз, үйдің 
шаруасын бітіру керек, тағысын-тағы. Дұрыс түсін, 
үйге ақша апарма, отбасыңды асырама демеймін. Жай 
ғана, әр жеңістен соң немесе жасалған жұмыстан кей- 
ін біз өзімізді марапаттай білуіміз керек. Бұл бізді алға 
итермелейді, әрі қарай жұмыс жасауға серпін береді. 
Керемет іс тындырдың ба, өзіңе сыйлық алып қой. Жаңа 
телефон, автокөлігіңе қысқы дөңгелектер, жаңа көйлек 
немесе қымбат мейрамханада кешкі ас, шетелге саяхат 
дегендей. Ал біздің адамдар өзінен ақша аяйды, демалыс- 
сыз, марапатсыз еңбек етіп шаршайды, қажиды, өмір- 
ден түңіледі, ондай жағдайда жеңіс түгіл, кішігірім 
жеңістерге де жетпейді, себебі, адам өмірден ләззат 
ала білуі керек. 
 
Шымкентте керемет қылып, «ЕКІНШІ БОЛМА!» тре- 
нингін өткізіп, мәз болып қайттық. «Versus» академия- 
сының директоры Мейірбек мырза болса, дем алмастан 
Астана қаласында өткізілетін дәріске қызу дайындық 
жүргізіп кетті. Оны жұмыстың ортасынан шығарып алып, 
дүкенге апардым. Шоппинг адамды демалдырады дейді. 
Сондықтан да біз қымбат дүкенге барып, Мейірбек мыр- 
заға қомақты қаражатқа киім алдық. Киімі жоқ емес, бар, 
бірақ бұл Мейірбек мырзаның атқарған жұмысы үшін 
менің оны марапаттауым, оған деген көңілім толды деген 
сөз. Содан ол да, көңілі көтеріліп, Астанада өткізілетін 
тренингтің қамына кірісті. Біз әр істі бітіргеннен кейін, 
демалып, өмірден ләззат ала білуіміз керек. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   95




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет