2015 жылы құрылған «RUMI GROUP» мейрамханалар желісінің негізін қалаушылар: Қуаныш Шонбай мен Айдос Телжан. «RUMI GROUP» желісінің алғашқы мейрамханасы – Шығыс асханасымен танымал жəне көпшіліктің сүйікті жеріне айналған «Rumi» мейрамханасы. Қазіргі таңда «RUMI GROUP» желісіне Алматы жəне Астана қалаларындағы он мейрамхана, сонымен қатар мейрамхана бизнесі саласында білім беріп, консалтингтік қызмет көрсететін «Rumi Academy» кіреді. «Rumi» – негізгі тағамы өзбек палауымен танымал мейрамхана, онда ошпаз-аспаздар дайындайтын палаудың үш түрі ұсынылады. Оған қоса, ас мəзірінде манты, лағман, маклюбе, самса жəне Шығыс асханасының басқа да тағамдары бар. «Rumi» – отбасылық отырыстар үшін, кездесулер мен келісімдер өткізу үшін ыңғайлы орын.