Екінші болма



Pdf көрінісі
бет2/127
Дата17.05.2022
өлшемі2,78 Mb.
#34727
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   127
Қуаныш ШОНБАЙ
АЛҒЫ СӨЗ
16.8.2017
Словения, Рогашка қаласы...
2017  жылдың  шілде  айында  екі-үш  күндей  депрессияға  (күйзеліске)
ұшырадым.  Себебін  анықтап  қарасам,  сол  кезде  мақсатсыз  қалғандай
болыппын.  Өйткені,  2015  жылы  «Rumi»-ді  енді  ашқанда,  бизнестегі
əріптесім  Айдос  мырза  екеуіміз  соншалықты  армандадық,  қиялдадық.  Ол
кезде  дайын  ресторан  (мейрамхана)  тұрмақ,  қолымызда  қаражат  та,
ешнəрсе де жоқ еді. «Rumi»-ді құрсақ, соның жылдық саудасы 5 миллиард
теңге  болса  екен»,  деп  армандайтынбыз,  ол  бізге  қол  жетпестей  болып


көрінетін. Бірақ мен сол көздеген табысқа екі жылдан кейін, 2017 жылдың
маусым  айында  жететінімізді  түсіндім.  Ал  енді  межелеген  мақсатымызды
орындап,  арманымызға  қол  жеткізгеннен  кейін,  мақсатсыз  қалғандай
болдым.
Соның  себебінен  болар,  тағат  таппай,  күйзеліске  ұшырадым.  Адам
үшін  мақсатсыз  қалу  қиын  екен.  Бұны  Виктор  Франкл
1
 «Жексенбілік
психоз»  деп  атайды.  Мақсатсыз  қалған  адам  қуыс  кеуде  болып,  вакуумға
түскендей  күй  кешеді.  Мен  «жексенбілік  психоздан»  арылудың  жолын
іздестірдім, сондықтан алдыма жаңа мақсат қойдым. Нақтылап айтсақ, ол –
2020  жылға  дейін  20  миллиард  теңге  сауда  айналымын  жасау.  Алдымда
бағындырар  жаңа  белесiм  пайда  болғаннан  кейін  бе,  маған  серпін  берген,
мені  оятқан,  сол  күйзелістен  шығарған  бір  күштің  құдіретін  сезіндім.  Ол
тылсым күш бəлкім энергия болар немесе жаңа белесті бағындыруға деген
талпынысым болар, əйтеуір мен осы кризистен алып шықты.
Өткен  екі  жылды  ой  елегінен  өткізсем,  ешкімнің  қолдау-көмегінсіз,
қомақты  қаражатсыз  жаңа  кəсіп  бастап,  мақсатқа  жетуіміздің  бірден-бір
себебі  –  арманымыздың  бізді  алға  жетелегені  екен.  Ал  осы  арман  мен
қиялдың күші 20 миллиардқа да жетелеп алып келеді деген сенімім, үмітім
бар.  Сол  күннен  бастап  кітап  жазуды  қолға  алсам  ба  деген  ой  келді,  ол  да
менің  бір  арманым  болатын.  Себебі,  өзім  үшін  үлкен  бір  мақсатқа  қол
жеткізгенімді  сездім.  Қызметкерлеріміздің  саны  алты  жүзден  асты,
тоғызыншы  мейрамханамызды  аштық,  ел  аузында  жүрдік.  Атақ  десең  –
атақ,  Құдайға  шүкір,  ақша  десең  ақшаға  қол  жеткіздік,  белгілі  бір  нəтиже
көрсеттік.  Сол  күндері  қазақ  жастарына,  қазақ  ауылдарынан  шыққан  өзім
сияқты  балаларға  жол  сілтейтін,  бəлкім,  үлгі  бола  алатын,  мойныма
жүктелген  жауапкершілік  барын  сездім.  Өйткені,  қазіргі  заманда
адамдардың  барлығы  арзан  ойын-күлкімен,  жеңіл  жолмен  ақша  тапқысы
келеді.  Көзге  көрінген  соң  айтып  жатқаным,  елдің  барлығы  тендермен
айналысады, оған қызығады. Сетевой (желілік) бизнесте де қазақ жастары
өте  көп.  Берері  жоқ  тренингтерде  де  өз  азаматтарымыз  жүреді.  Сол  кезде
түсінгенім:  бауырларымыздың  жетістікке  талпынысы  бар,  ұмтылысы  бар,
алайда нəтиже жоқ.
Елдің алдына шығып сөз сөйлеп жүргеннен кейін, көп адамдар ақыл-
кеңес  сұрап  келеді,  соларға  да  бір  жауап  ретінде,  пайдалы  болсын  деген
оймен,  адал  ниетпен,  осы  кітапты  жаздым.  Кейбір  адамдар  «өмірдегі
бағдарымды  жоғалтып  алдым»,  «арманымды  білмеймін»  деп,  ал
кейбіреулері  еліміздің  мықты,  беделді  жоғары  оқу  орындарын  бітіріп,
«мақсатымды  білмеймін»  дегенде,  осы  кітап  қалай  да  жарық  көруі  керек


деген  ой  келді.  Бұл  кітап  –  жалпы  қазақ  жастарына  жол  сілтейтін,
замандастары  ма,  еліме  пайдасын  тигізетін  туынды  болса  деймін.  Ал,
кəсіппен айналысамын дегендерге бизнестің қыр-сыры туралы əлі де кітап
жазбақпын,  бұл  –  болашақтың  еншісінде.  Сондықтан  да  менің  алғашқы
туындым  осылай  басталды.  Негізі,  2008  жылы  Стамбұлда  жүргенде-ақ
кітап  жазамын  деп  армандайтынмын.  Оны  өзімнің  туып-өскен  жерім
Жамбыл  облысы,  Жамбыл  ауданының  Аса  ауылында  жалғастырып,  кейін
Амстердамда немесе Лондонда нүктесін қою ойда жүретін.
Бəлкім,  бұл  сол  аңсаған  арманымның  сəл  де  болса  жүзеге  аса
бастағаны болар, қазір Словенияның Рогашка қаласында қолға қалам алып,
кітабымның алғашқы бөлімін бастап отырмын.
«Ашылмаған  қанаттың  үлкендігі  білінбейді»  дейді  ғой.  Біздің
тəрбиелеу  əдістерімізде  қалыптасқан  жағдайлар  бар:  «анда  барма»,
«мынаны  істеме»,  «қонақтар  кетсін,  содан  соң  жейсің»,  информатика
пəнінде  «шұқи  берме,  ертең  компьютер  бұзылады»  дегендей,  көп
шектеумен  өстік.  Сондықтан  да  «мен  ешкім  емеспін»  деген  ішкі  сезімдер
қалыптасады.  Сол  сезімдер  біріге  келе  «əншейiн  жүрген  біреумін,  жасаса,
жұрттың  балалары  жасайтын  шығар,  бұл  менің  «темам»  емес»  деген  ой
келеді. Талай тренингтерге қатыстым, барлығының айтары бір – «басқадан
кем болма», «одан күштірек бол» жəне тағысын-тағы. Ал бір күні қазақтың
ұлы ақыны Абай Құнанбаевтың
2
«Мықты болсаң, өзіңді жең» деген сөздері
есіме  түсті.  Расында  да,  біз  жəне  идеал  біз  бармыз.  Біз  сол  мінсіз
нұсқамызға талпынуымыз, одан қалыс қалып, екінші болмауымыз керек.
Кітап  жазу  барысында:  «Асығыс  жазып  жатқан  жоқсың  ба?»  деген
сұрақтар  көп  болды.  Атақты  евангелист,  венчерлік  инвестор,  «Apple»
компаниясында  жұмыс  жасаған,  талай  стартаптың  жолын  ашқан
идеялардың авторы Гай Кавасакидің
3
«Егер сен бір нəрсеге қанағаттансаң,
демек,  ол  затты  жасауға  кешіктің»  деген  жақсы  сөзі  бар.  Кітап  жазуға
кімнің  қаншалықты  лайық  екенін  уақыт  көрсетер.  Мен  қазір  осы  кітапты
жазуға бел будым. Қандай да бір жетістігі немесе кем-кетігі болса, бағасын
беру – оқырманның еншісінде. Осы кітапты қолыңызға алып, маған, менің
командама  сеніп,  сатып  алып,  оқып  отырғандарыңызға  алғысымды
білдіремін.
Бұл  кітапты,  біріншіден,  өзім  үшін,  өз  нəпсімді  тыю  үшін  жаздым,
сондықтан да қатты айтсам, өзімді сынағаным, өзімді сөккенім деп біліңіз.
Екіншіден,  бұл  кітаптың  əр  жолы  түсінікті  жəне  жеңіл  қабылдануы  үшін
«Сіз»-ден  «сен»-ге  өтуді  жөн  көрдім.  Дұрыс  қабылданар  деп  сенемін.
Достардың  арасындағы  əңгіме-дүкен  іспеттес,  емін-еркін  сыр  ағыту  үшін,


осы жерден бастап ойымды «сен»-ге көшіп баяндаймын.
Тағы бір мəселенің басын ашып алайық: кітабымда қазақ тілінен өзге
тілдегі сөздерді қолдандым. Мысалы, карьера, проблема, идеал сияқты. Бұл
сөздердің  қазақ  тіліндегі  баламаларының  жоқтығынан  немесе  өз  тілімді
құрметтемегендігімнен  емес,  айтайын  деген  ойымның  толыққанды  жетуі
үшін заманауи тілде, түсіндіргім келгендіктен.
Сонымен,  бұл  кітап  неліктен  «Екінші  болма!»  деп  аталды,  неге
«Бірінші  бол»  емес?  Өйткені,  біріншіден  кейін  екінші,  үшінші  немесе
төртінші болуы мүмкін. Ал бұл жерде біз анық біліп алуымыз керек: біздің
бірінші  жауымыз,  алғашқы  қарсыласымыз  –  өзіміз  ғана.  Сондықтан  бұл
өмірде  өзімізді  не  жеңеміз,  не  өзімізден  жеңілеміз.  Жеңсек  –  бірінші,  ал
жеңілсек  –  екінші  боламыз.  Бұл  кітаптың  жеткізетін  негізгі  ойы,  бəлкім,
пəлсапасы  –  өзіңмен  ғана  жарысуға  тиіссің,  сенің  бəсекелесің  өзің  ғана,
сондықтан  екінші  болмай,  бірінші  болуға  лайықсың  деген  тілекпен
жазылған кітап.
Құрметті  бауырым,  қарындасым,  əпкем,  інім,  ағам:  Дəл  саған
кітабымның мысқалдай да болса пайдасы тисе бақыттымын, мақсатымның
орындалғаны деп білемін.
Сондықтан  осы  кітапты  бір  деммен,  басынан  соңына  дейін  оқып
шығасың  деп  сенемін.  Сенің  жеңіске  жетелер  алғашқы  қадамың,  бəлкім,
осы кітаптан бастау алар, жол көрсетер бағдар болар. Солай болғай!


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   127




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет