Екінші болма



Pdf көрінісі
бет106/127
Дата17.05.2022
өлшемі2,78 Mb.
#34727
1   ...   102   103   104   105   106   107   108   109   ...   127
Байланысты:
Екінші болма 2

Байлық  менталитеті.  Жалпы,  пендені  əр  түрлі  нəрсемен  сынауға
болады  ғой.  Оның  қиыншылық  кездегі  əрекеті,  төтенше  жағдайдағы
əрекеті,  асқан  қуаныш  пен  асқан  қасірет  кезіндегі  əрекеті.  Мен  үшін
біреудің жеңісін қабылдауына қарап та адамға «диагноз» қоюға болады.
Осы  орайда  мен  білетін  екі  тип  бар.  Бірі  өзгенің  жетістігін  көре
алмайды.  Бұл  –  лузерлердің  типі.  Ал  екіншілер  өзгенің  жеңісін  көргенде,
одан əрі шабыттана түседі.
Оның  өз  мүмкіндігіне  деген  сенімі  өзгенің  жеңісінен  əлсіреп
қалмайды. Керісінше, өзгенің жеңісі оның жетістігін жақындатады. Өйткені
басқа  біреудің  қолынан  келген,  оның  да  қолынан  келетіні  анық.  Жəне  бір
заңдылық,  өзінен  озып  кеткендерге  күйе  жағып,  сынайтындардың,
қызғанып,  арыз  ұйымдастыратындардың  ешқайсысы  ол  биікке  жетпейді.
Өйткені биікке жету үшін адам рухани тұрғыда биік болу керек.
Стивен  Кови  мұны  «байлық  менталитеті»  («менталитет  изобилия»)
дейді.  Адамдардың  көбі  «жетіспеушілік  менталитет»  деп  аталатын  екінші
сценариймен  ойлайды.  Мұндай  адамдар,  Ковидің  тілімен  айтқанда,  «Өмір
деген бір бəлішті бөліп жеу» деп түсінеді. Егер біреу үлкенірек алып қойса,
басқаларға  азырақ  қалады.  Жетпей  қалады.  Мұндай  адамдар  құрметті,
сенімді,  билікті,  табысты,  тіпті  соның  бəріне  жету  үшін  өздеріне
көмектесетіндермен де бөліскісі келмейді.
Олар сөйтіп дертке шалдығады. Тіпті ең жақын адамдарының жеңісіне


де шын қуана алмайтын болады. Біреу үлкен құрметке бөленіп, не аяқ асты
жолы  болып,  лотерея  ұтып  алып  жатса,  «жетіспеушілік  менталитетіндегі»
адам  өзін  əлденеден  қағылғандай  сезінеді.  Біреу  өзінен  тиесілі  бірдеңені
тартып  алғандай  қорланады.  Бұны  қазақ  «мысықтілеу»  дейді.  Олар  іштей
басқалар  бір  бақытсыздыққа  ұшыраса  екен  деп  тұрады.  Өйткені  оның
логикасында, өзгенің бақытсыздығы оның өз позицияларын күшейтетіндей.
Мұндай  адамдар  бар  күшін  адамдар  мен  заттарды  алуға  жұмсайды:
«бағасын көтеру үшін». Іштарлық дейді бізде мұндайды. Бұл əдет ұшпаққа
шығармайды. Іштар адамның ұлы болғанын көрген емеспін.
«Байлық  менталитеті»,  керісінше,  өзіне  деген  терең  сенімге
негізделеді.  Бұл  дүниеде  бəріне  бəрі  жетеді  деген  парадигма.  Бұл
көзқарастағы  адамдар  –  құрметті,  абыройды,  табысты  бəрімен  бөлісуге
құштар  адамдар.  Соның  арқасында  ондай  тұлғаларға  жаңа  есіктер
ашылады,  шығармашылық  пен  табысқа  оңай  жетеді.  Алдыңғы  топтан
соңғы топқа өту үшін үлкен күш-жігер, өзін бақылау, тəртіп керек. Бірақ ең
бастысы, «байлық менталитеті» бар адамдармен араласу керек.
Мысалы,  Хью  Хадсон
68
 түсірген  «Огненные  колесницы»  (Chariots  of
Fire,  1981)  деген  фильм  бар.  Төрт  бірдей  «Оскар»,  екі  бірдей  Канн
фестивалінің сыйлығын алған киноклассика. Оқиға Англияға көшіп келген
еврейдің  баласы,  талантты  жеңіл  атлет  Гарольд  Аббрахамс  пен  миссионер
отбасынан  шыққан  спортшы,  аңызға  айналған  «қанатты  шотланд»  Эрик
Лидлдің  текетіресі  туралы.  Болған  оқиғаға  негізделген.  Сюжет  желісін
тəптіштеп  баяндамай-ақ  қояйын,  бірақ  негізгі  мəселе  осы.  Бір  жарысқа
қатысуға  тиіс  болған  екеу,  ақыры  екі  бөлек  жарыста  алтын  медаль
тағынады. Мораль қарапайым, жеңіс бəріне де жетеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   102   103   104   105   106   107   108   109   ...   127




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет