Орыс тілінде «успешный человек», қазақшасы «жетістікке жеткен
адам», бірақ біздің менталитет үшін, бұл соншалықты мықты ұғым емес.
Ол қазақтардың жүрегіне жетпейді. Мысалы, «Қуаныш Шонбай –
жетістікке жеткен адам» десе, арғы жағында «не істеді?», «қалай жетістікке
жетті?», «соншама кім екен ол?» деген сұрақ туындайды. Ал, «Қуаныш
Шонбай – Қазақстан бойынша оннан астам мейрамхананың басшысы,
мейрамханалар желісінің негізін қалаушы» десе түсінікті жəне миға
қонымды.
Таңертең
тұрғанда, «мен жетістікке жеткен адам боламын» емес, «бір
межеге жетейін, жеңейін» деп тұрсаң, ол бізге жақындау, біздің
менталитетке сай келеді.
Оған қоса, жетістік қазақтар үшін қауіпті нəрсе.
Бізде, қазақтардың арасында ең мықты спорт түрлерінен екі дүркін
олимпиада чемпиондары жоқ. Қазақстандықтар бар, бірақ қазақ емес.
«Неге жоқ?» деген сұрақ туындайтын шығар. Өйткені, олар өз ісін
ұмытып, жетістікке жеткеннен кейін, депутат, əкім
немесе директор болып
кетеді.
Жетістік пен жеңістің айырмашылығы бар, көзге көрінбеуі мүмкін,
бірақ уақыт өте келе оны түсінесің. Бір көзбен қарағанда, ол екеуі бірдей
нəрсе болуы мүмкін. Мысалы, айталық, «Land Cruizer»
автокөлігін алу
біреу үшін тағы бір жеңіс, одан кейін күштірегін алады, тағысын-тағы. Ал
біреу үшін барлық өмірінің арманы, оған қол жеткізіп, бұл жеңіс жүрегіне
түседі, «болды, жетістікке жеттім» деп, сол бір орында қалып қалады. Не
істейді? Іше бастайды,
тойлайды, құмар ойындарға беріледі, тағысын-тағы.
Бұл – көзге көрінетін салдары. Көрінбейтіндерден, адамда «қолымнан
барлығы келеді», «мен мықтымын» деген сезім пайда болады. Бір жетістік,
адамға үлкен күш-қуат береді, ал оның жақсы жағына қарағанда жаман
жағы басым болуы мүмкін. Біз үшін бұл өте қауіпті. Ал
Батыста олай емес,
мысалы, Майкл Фелпс
17
– жиырма үш дүркін олимпиада чемпионы. Оған
«депутат болшы» десең болмайды, себебі, өзі бейімделген, таңдап алған
саласы бар. Оларда тəрбие басқа, ал бізде берілетін тəрбие басқа.
Сондықтан бізге
жетістікке жетуге болмайды, жеңіске жету керек!
Бізде 90% адамда мақсат жоқ, бірақ əрқайсысының бір жауы бар: «осы
досыма мен əлі көрсетемін» дейтін. Бəрінің біреуге реніші бар, сол адам
бізге нысана. Əрине, көшпенді халықтың ұрпағы болғандықтан, бəлкім,
нысана белгілеу бізге оңайға түсетін шығар.
Бізге нақты нысана керек. Қазір
адамдардың мақсатын сұрасаң, олар
«ақша табу», «көтерілу» деп жауап береді, барлығы абстракциялық
нəрселер. Нысана деген – бұл нақты көзделген объект.
Алдыңа мақсат қою қиын. Бірақ, осы мақсатқа қол жеткізген соң, көп
адамдар жұлдызды ауруға ұрынып, босаңси бастайды. Сондықтан үлкен
жетістікке емес, оның жолындағы кішігірім жеңістерге ұмтылу керек.
Достарыңызбен бөлісу: