Шабыттансаң, айтыскер ақындарымыз сияқты бірнеше көлікке
қол жеткізесің, кітап жазасың, музыка шығарасың, бизнес жасайсың.
Батыс теориясында армандау – «big dream» үлкен орын алады. Олар:
«арманың бар ма?», «арманда!», «арманыңа қол жеткіз!» – деп айтады. Ал
бізде, көп армандайтын адамды қияли деп атайды.
Мысалы, бір жігіт кинорежиссер болуды армандап,
алдына мақсат
қояды. Үйдегі ата-анасы мен туыстары күліп, «одан да дұрыс жұмысқа
тұр» – дейді. Себебі, олар режиссерлықты жақсы,
тұрақты жұмыс деп
білмейді. Осылайша, жас жігітті жан-жағынан ақыл айтып, түртпектеп,
алған жолынан тайдырады. Сөйтіп, шабыты жоқ
жігіттің бұл арманына қол
жеткізуі екіталай. Туыстары қинап тұрып, оны экономист,
заңгер немесе
менеджер етіп шығарады.
Осы QR-кодты сканерлеп, 2018 жылдың қаңтар айында Versus
академиясы өткізген «Мақсат жоқ, нысана бар» тренингінің видео
нұсқасын сатып алсаңыз болады
Достарыңызбен бөлісу: