болды. Сапалы Internet-ті, сапалы майлықтарды қол жетімді ету. Неге оның
барлығы қымбат мейрамханаларда болады, неге
біздің мейрамханада да
сапалы сусабын қолданбасқа, елге сапалы тағам ұсынбасқа? Осындай
мақсат пен арманның аясында, «Rumi Group»-та дамыды.
Ал егер он
мейрамхана ашуды мақсатым деп алсам, арманыма жетіп қойған болатын
едім. Ал негізгі мақсатым он мейрамхана ашып алу емес, осы
мейрамханалардың қызметі
арқылы сапаны халыққа беру, оны қолжетімді
ету. Ал бұл жолда, бəлкім елу немесе жүз мейрамхана ашу бұйыратын
шығар.
Сондықтан есте сақтаңыз, «Мақсат қою – адамды шектеу» деп
айттым. Яғни ол сандық немесе материалды болмауы керек, ол бір
миссиямен, арманмен өрілген мақсат болуы керек. Мысалы, «XA-XA
show»-дағы Ақсұлтан бауырым бар. Ол «Менің мақсатым – қазақ тілін
сəнді қылу» дейді. Бұл,
менің ойымша, керемет мақсат. Оның аясында ол
автокөлік те алуы, басқа да материалды құндылықтарға қол жеткізуі
мүмкін.
Ал егер де біз, өз мақсатымызды теңгемен немесе басқа бір
эквиваленттермен өлшеп қойсақ, онда мақсатқа қол жеткізген кезде, əрі
қарай
қайда барарымызды, қалай жүрерімізді білмей, қиналып қаламыз.
Достарыңызбен бөлісу: