универсиетінен анасының қаржылық форманы дұрыс толтырмағаны үшін
шəкіртақыдан
қағылып,
сол
себепті
шығып
қалады.
Екінші
университетінен көлігі сынып, ақша таба алмай, екі қаланың ортасында
жүруден шаршаған соң шығып қалады. «Екі жағдайда да оны тұрмыс
тежеді. Бірақ тұрмыстың арғы жағында адамдарға деген сенімсіздік, ішкі
қарсылық «бəрібір ешкім көмектеспейді» деген ой тұрды» дейді Гладуэлл.
Мүмкін, оныкi де дұрыс шығар.
Роберт Оппенгеймер деген тағы бір генийді мысалға келтіреді. Ол да
оңай шағылатын жаңғақ емес, тек, студент кезінде жетекшісіне қаны
қайнағаны соншалық, улап өлтірмек болады. Мұнысы мəлім болып, үлкен
шу шығып, университеттен шеттетіледі. Ал енді осындай «мінезі тұрақсыз
тип», біраз жылдан кейін атом бомбасын зерттейтін жобаның басқарушы
қызметін иеленеді. Қалайша? Жай ғана, ол өзіне керек жауапты ала алатын,
өзгелерге керек жауапты бере алатын адам болған. Психикасының
дұрыстығына күмəні бола тұра, адамдар оның сенімді жауаптарын
естігенде позицияларын жұмсартады екен.
Бірінші жағдайда біз «дүние қатыгез» деп санап, ішкі қарсылығының
кесірінен бəрінен құр қалған адамды көреміз. Екіншісінде эмоционалды
тұрақсыздығына қарамастан, өзіне қажет кезде ортаға бейімделе алатын
адамды көреміз. Əрине, екіншісінің есте қаларлықтай карьера жасап,
едəуір жеңістерге жеткені айтпаса да түсінікті. Бұдан шығатын мораль:
дүниені өзгертем деп əуре болма, дүниедегі өзіңді өзгерт. Бұдан келіп
шығатын қорытынды, адамның қабілеті мен білімі ғана емес, оның қалай
ойлайтыны маңызды. Əрі қарай адамның жеңіске жету үшін шартты ой
паттерндері туралы айтқым келеді.
Достарыңызбен бөлісу: