Екінші болма


ЖЕҢІСКЕ ЖЕТЕЛЕЙTIH ƏДЕТТЕР



Pdf көрінісі
бет95/127
Дата17.05.2022
өлшемі2,78 Mb.
#34727
1   ...   91   92   93   94   95   96   97   98   ...   127
Байланысты:
Екінші болма 2

ЖЕҢІСКЕ ЖЕТЕЛЕЙTIH ƏДЕТТЕР
Өзімізді  қаншалықты  құдіретті  сезінсек  те,  түптің  түбінде
қартайып,  кішірейіп,  топыраққа  айналатын  органикалық  ағза  ғанамыз.
Мəңгілік  өмірдің  құпиясын  ешкім  тапқан  жоқ,  оның  керегі  де  шамалы
сияқты.  Біз  басқа  ғаламшарға  ұшып,  əлемді  жаулауымыз  мүмкін,  бірақ
өте нəзік болып жаратылған ағзамызға тəуелдіміз. Сондықтан оны күтіп
ұстау бізге міндет.
Мұхтар  Мағауин  «Мен»  деген  романында  өзінің  басынан  өткен  бір
жайды  жазады.  Кітапханалардан  шықпай  ізденіп  жүрген  кезінде  ол  дұрыс


тамақтанбайды,  кітапханада  қонатын  кездері  де  болған.  Ақырында
асқазаны ауырады. Сонда жазушы өзінің миссиясына қандай қауіп төнгенін
түсінеді. Ол – алдына үлкен мақсат қойып ізденіп жүрген жас ғалым. Бірақ
егер  денсаулығын  құртып  алатын  болса,  стресске  тап  болады.  Назары
мақсаттан ауытқиды. Бұл оның миссиясына төнген қауіп еді. Содан бастап
ол  өзін  емдей  бастайды.  Күнде  таңертең  аш  қарынға  бір  қасық  бал  жейді.
Тамақтануын  түзейді.  Физикалық  жаттығуларға  да  көңіл  бөле  бастайды.
Солай, асқазанын емдейді.
Бəріміз  де  осындай  көзқараста  болуымыз  керек.  Өйткені  біздің
ағзамыз  –  əзірге  бізде  бар  ең  қымбат  қазына.  Ол  бізді  мақсатқа  жеткізетін
құрал, керек десеңіз. Осы ағзамыз барда ғана мақсатымыз бен миссиямыз,
рухани  ұмтылыстарымыз  бар.  Оның  сыртында  ештеңе  де  мүмкін  емес.
Сондықтан биохакингтің негізгі үш постулатына тоқталғым келеді.
Біріншіден  –  ұйқы  гигиенасы.  Адам  аштықтан  бес  күнде,  не  бір
аптаның  ішінде  өліп  кетуі  мүмкін.  Ал  ұйқысыз  үш-бес  күнге  ғана
шыдайды.  Бұл  тақырыпта  толып  жатқан  зерттеулер  бар.  Тəжірибелер  де
жеткілікті.  Сальвадор  Дали
54
 сияқты  эксцентриктер
55
екі  сағат  қана
ұйықтайтын  «суперменнің»  күн  тəртібін  жасаған.  Əр  төрт  сағат  сайын
жиырма  минуттан  алты  рет  ұйықтайды  екен.  Никола  Тесла
56
 одан  сəл
ұзағырақ ұйықтауды ұсынған.
Екі  сағат  жиырма  минут.  Түнгі  он  екіде  ұйықтап,  жиырма  минуттан
кейін  оянған,  одан  əр  түнгі  екі  мен  төрт  аралығында  ғана  ұйықтаған.
Уинстон  Черчилль
57
 түнгі  үште  ұйықтап,  таңғы  сегізде  оянатын  болған,
түстен  кейін  бір  жарым  сағат  «сиестаға»  кеткен.  Яғни,  алты  жарым  сағат
ұйықтаған.
Бірақ  бұлардың  бəрі  эксперимент  еді.  Ғалымдардың  əр  түрлі  ұйқы
паттерндерін
58
зерттей келе, келген қорытындысы төмендегідей: жеті-сегіз
сағат  ұйқы  –  абсолютті  қажеттілік.  Дəл  осындай  уақыт  ағзаның
толыққанды, дұрыс қызмет етуіне қажет. Өйткені ұйқы кезінде біз жай ғана
тынықпаймыз,  жараларымыз  жазылып,  зақымданған  жасушалар  қалпына
келеді.  Ағза  ояу  кезінде  ешқашан  өзін  емдей  алмайды.  Сондықтан  да
ауруханаларда адамды ұйықтатып тастауға барлық жағдай жасайды. Сергей
Фаге
59
 «Мне  32  года,  и  я  потратил  $200  тысяч  на  «биохакинг»  деген
мақаласында Пенсильвания университетіндегі зерттеуді мысалға келтіреді.
Онда  сегіз  сағат  ұйқының  «естен  адасып  кетпес  үшін»  міндетті  екен
дəлелденген.  Фаге  сонымен  бірге  ұйықтамас  бұрын  көк  түсті  блоктап,
ұйқыға  кетерде  бөлмені  қараңғылап  тастауды  ұсынады.  Ал  жатын  бөлме
тым ыстық не суық болмау қажеттілігі түсінікті, соңғы жылдары ғалымдар


18–19  градусты  оптималды  деген  қорытындыға  келіпті.  Ең  бастысы,  ұйқы
гигиенасын  сақтау  үшін  белгіленген  уақытта  ұйқыға  кетіп,  белгіленген
уақытта ояну керек.
Екіншіден  –  дұрыс  тамақтану.  Бұл  тақырыпта  мыңдаған  кітап  бар.
Олардың  бəрінің  айтатыны  бір  нəрсеге  саяды.  Қысқа  қайыратын  болсақ,
қант  пен  тұзды  азырақ  пайдалану  не  түбегейлі  бас  тарту,  суды  мейлінше
көп,  тəулігіне  үш  литрге  дейін  тұтыну.  Консервіленген  тамақтар  мен
бояғыш концентраттар қосылған жасанды өнімдерден бас тарту, фастфудты
тұтынбау.  Табиғи  өнімдерді  рационға  көбірек  енгізу,  оның  ішінде,  əрине,
жеміс-жидекке
басымдық
беру.
Алкогольдің
зияны
туралы
да
диетологтардың  ойы  бір  жерден  шығады.  Ал  етті  шамадан  тыс  пайдалану
ағзаға  артық  жұмыс  екенін  естен  шығарып  алатын  сияқтымыз.  Жаһандық
жылынуға қанша алаңдаулы болсақ та, қазаққа «еттен бас тарт» деп айтуға
дəтім  бармайды.  Жақсы  жаңалық  ет  жейтін  болсаңыз,  жылқының  етіне
басымдық беріңіз. Онда холестерин өте аз, тез қорытылады, ал қымыз тіпті
қандағы  холестериннің  бəрін  шайып  шығады.  Баяғыда  қазақтың
денсаулығы неге мықты болғанын осыдан-ақ түсіне беріңіз. Сондай-ақ отыз
күн оразадан бөлек, аптасына бір не айына бір рет ашығып тұруды əдетке
айналдырсаңыз  ұтылмайсыз.  Төрт  сағат  сайын,  аз  порциялармен  жеу
керегін еске салсам артық етпейтін секілді. «Rumi»-ден басқа жерде тауыса
алмайтын тамағыңа тапсырыс берме.
Үшіншіден  –  физикалық  жаттығулар.  Өміріміз  тым  жеңілдеп  кетті.
Баяғыда  ата-бабаларымыз  көшіп-қонып,  атқа  мініп,  үздіксіз  қозғалыста
жүрді.  Адамзат  о  баста  біздің  бабаларымыз  –  көшпенділер  сияқты
табиғатпен  етене,  бірігіп  өмір  сүруге  жаралған.  Бірақ  урбанизация  келді,
бəріміз  тас  қамалдарға  бекідік.  Төрт  қабырғадан  шыға  алмаймыз,  жұмсақ
диваннан  тұрғымыз  келмейді,  айналмалы  креслода  күніне  сегіз  сағат
тапжылмай отырамыз. Мұның бəрі – организм үшін шок. Əр дене мүшеңіз
бұл жағдайларға əр түрлі деңгейде қарсылығын білдіреді.
Сондықтан  ауырмаудың  бір  жолы  –  физикалық  белсенділікті  сақтау.
Əрине,  қазір  жаттығу  залына  баруға  уақыт  жоқ.  Сондықтан  да  HIIT  (high
intensity  interval  training)  трендте.  Бұл  əдістеме  жайында  ақпаратты  да,
жаттығуларды да YouTube-тан таба аласыз. Оның авторларының айтатыны:
он  минут  болса  да,  барынша  күш  салып  жаттықсаңыз,  нəтижесі  көп
күттірмейді. Ал жалпы, көбірек жаяу жүруге, таңертең жаттығу жасауға не
жүгіруді  əдетке  айналдыруға  тырысыңыз.  Иə,  «биохакинг»  деген  –  өте
заманауи,  жаңашыл  болып  естілгенімен,  бəріміз  мектеп  қабырғасында
үйренген  қарапайым  қағидалар.  Əттең,  есейе  келе  сол  сабақтарды  естен


шығарып аламыз...


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   91   92   93   94   95   96   97   98   ...   127




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет