эмоциялар ойлардан туады». Демек, адам өзінің ойында, эмоциясын да
басқара алады. Оның миы, жүрегі, өз таңдауымен ғана əрекет етеді. Басқа
ешкім оған əмір жүргізе алмайды. Егер біреу саған «мен сені сүйемін»
десе, ол адам кез келген сезімде болуға ерікті, бірақ сені сүюді
қалады
деген сөз. «Қаным басыма тепті» десе, кез келген реакцияға ерікті, бірақ өзі
ашулануды таңдады деп қабылдау керек.
Осыны түсінуді эмоционалды интеллект немесе əлеуметтік интеллект
дейді. Өз эмоцияларын басқара алу, өзгелердің эмоцияларын оқи алу жəне
дер кезінде қолдау білдіре алу. Мұның бəрі адамды жеңіске жетелейтін ең
маңызды факторлардың қатарында.
Достарыңызбен бөлісу: