Екiншi деңгейлi банктің Қаржылық ТӘуекелдердің басқаруын талдау


«Сбербанк» АҚ ЕБ 2014-2016 жж. қаржылық жағдайын талдау



бет2/3
Дата21.12.2022
өлшемі472 Kb.
#58788
1   2   3
2.2. «Сбербанк» АҚ ЕБ 2014-2016 жж. қаржылық жағдайын талдау.

Мемлекеттің несие жүйесінде коммерциялық банктердің алатын орны өте зор. Олар қарыз капиталы нарығының әр түрлі саласында жан-жақты іс-әрекет етеді. Коммерциялық банктер несие ресурстарының негізі бөлігін шоғырландырып, өз клиенттеріне несие беру, депозит қабылдау, есептесу, бағалы қағаздарды, шетел валютасын сатып алу, сату мен оларды сақтау және басқа да көптеген қаржылық қызмет көрсетеді.


Қазақстан Республикасы өкілетті органының лицензиясы болуында банк келесі банк операцияларының түрлерін жүзеге асыруға құқылы:

  1. Депозиттерді қабылдау, заңды тұлғалардың банк шоттарын ашу және жүргізу;

  2. Депозиттерді қабылдау, жеке тұлғалардың банк шотттарын ашу және жүргізу;

  3. Банкітің және банк оперцияларының жеке түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың корреспонденциялық шоттарын ашу және жүргізу;

  4. Жеке және заңды тұлғалардың металл шоттарын ашу және жүргізу, оларға аталмыш тұлғаға тиесілі тазартылған бағалы металдардың физикалық саны көрінеді;

  5. Кассалық операциялар: айырбастау, қайта есептеу, сұрыптау, қаптау және сақтауды қосқанда қолма-қол ақшаларды қабылдау және беру;

  6. Аударым операциялар: заңды және жеке тұлғаларға ақшаларды аудару және төлем бойынша тапсырмаларды орындау;

  7. Есепке алу операциялар: вексельдер және заңды мен жеке тұлғалардың борыштық міндеттемелерін есепке алу (дисконт);

  8. Банктік қарыз оперциялары: төлем, мерзімділігі және қайтару шарттарында ақшалай нысанда несиелерді беру;

  9. Шетелдік валютамен айырбастау операцияларын ұйымдастыру;

  10. Банкаралық клиринг: төлемдерді жинау, салыстыру, сұрыптау және растау, сонымен қатар олардың өзара есепке алуын жүргізу және клиринг қатысушыларының – банктердің және банк операцияларының кейбір түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың таза позицияларын анықтау;

  11. Төлем карточкаларын шығару;

  12. Банкнот, монеталар мен құндылықтарды инкассация;

  13. Төлем құжаттарын инкассоға қабылдау (вексельдерді қоспағанда);

  14. Аккредитивті ашу, растау және ол бойынша міндеттемелерді атқару;

  15. Ақашалай нысанда орындалуды қарастыратын банк кепілдерін беру;

  16. Ақашалай нысанда атқаруды қарастыратын үшінші тұлғалар үшін банк кепілгерліктерін және басқалай міндеттемелерді беру;

  17. Тазартылған бағалы металдарды (алтын, күміс, платина тобындағы металдар) құймаларды, бағалы металдардан монеталарды сатып алу, кепілге қабылдау, есепке алу, сақтау және сату;

  18. Вексельдермен операциялар: инкассоға вексельдерді қабылдау, төлеушілерге вексельді төлеу бойынша қызметтерді ұсыну, сонымен қатар делдалдық тәртібінде вексельдер төлеу;

  19. Лизингтік қызметті жүзеге асыру;

  20. Меншікті бағалы қағаздарды шығару;

  21. Факторингтік операциялар: төлем жасау тәуекелін қабылдаумен тауарларды сатып алушыдан төлеуді талап ету құқықтарын иелікке алу;

  22. Форфейтингті операциялар: сатушыға айналымсыз вексельді сатып алу жолымен тауарларды сатып алушының борыштық міндеттемелерін төлеу;

  23. Сенімгерлік операциялар: ақшаларды, ипотекалық қарыздар бойынша талаптар құқықтарын және тазартылған бағалы металдарды сенім білдірушінің мүдделерінде және тапсыруы бойынша басқару;

  24. Сейфтік операциялар: сейф жәшіктерін, шкафтарды және орындарды жалға беруді қосқанда құжаттандырылған нысанда шығарылған бағалы қағаздарды, құжаттарды және клиенттердің құндылықтарын сақтау бойынша қызметтер.

Қазіргі уақытта Қазақстан Республиканың қаржылық секторында мыналар ең мықты тараптар болып табылады: мерзімдері бойынша активтер мен міндеттемелердің тепе-теңдігі, халықаралық стандарттар талабына сəйкес келуі, сондай-ақ несиелік жəне инвестициялық портфельдердің сапасының жаман еместігі жəне жоғалтылуы мүмкін резервтермен жоғары қамтамасыз етілуі. Банктік жүйені нығайту жəне шоғырландыру үшін Қазақстан банктерімен халықаралық тəжірибеде танылған жəне Қаржылық бақылау агенттігімен ұсынылған тəуекелдік жүйелерін құру жəне жетілдіру жөніндегі шаралары қабылдануда.
Сонымен қатар, кірістер мен шығыстар туралы есептілік мекеменің қаржы шаруашылық қызметінің қорытындыларын көрсетеді және келесі мақсаттар үшін қолданылады:

  1. Инвесторлар мен кредиторларға қажетті ақпаратты дайындайды;

  2. Ақшалай ағымының өзгерісін болжайды (9 кесте).

9 кесте.
2014-2016 жж. «Сбербанк» АҚ ЕБ кірістер пен шығыстар есептілік динамикасы.


(млн. теңге)

Көрсеткіштер

2014 ж.

2015 ж.

2016 ж.

2015-2014 жж.

2016-2015 жж.

+/-

%

+/-

%

1

2

3

4

5

6

7

8

Таза пайыздық табыс

62151

62803

70070

652

101,049

7267

111,571

Несие портфелінің құнсыздануы бойынша резервтердің аударымдары

18379

51742

60984

33363

281,528

9242

117,862

9 кестенің жалғасы.

1

2

3

4

5

6

7

8

Резевтердің несие портфелдің құнсыздануынан кейін таза пайыздық табыс

43772

11061

9086

-32711

25,270

-1975

82,144

Комиссиялық табыс

18827

20827

25586

2000

110,623

4759

122,850

Комиссиялық шығыс

2139

2393

4039

254

111,875

1646

168,784

Операциялық табыс

66974

39258

43250

-27716

58,617

3992

110,169

Корпоративтік табыс салығының шығынына дейінгі пайда

34013

3726

8089

-30287

10,955

4363

217,096

Жылдық табыс

27017

2667

7692

-24350

9,872

5025

288,414

«Сбербанк» АҚ ЕБ комиссиялық табысы жылдан жылға ұлғайып, жақсы көрсеткіштерін көрсетіп жатыр. 2014 жылы 18827 млн. теңгені құрап, келесі жылы 20827 млн. теңгені құрады, яғни бір жыл ішінде 2000 млн. теңгеге көрсеткіш соммасы жоғарылады. 2015 жылдан 2016 жылға дейін 4759 млн. теңгені қосып, оның соммасы 25586 млн. теңге болды. Сонымен қатар, комиссиялық шығыстардың көрсеткіштері де өсіп жатыр. 2014 жылдан 2015 жылға дейін 254 млн. теңгені қосты. Ал, келесі жылы комиссиялық шығыстар бабының көрсеткіші 1646 млн. теңгені қосып, 2016 жылы 4039 млн. теңгені құрады.


Операциялық табыс 2014 жылы 66974 млн. теңгені құрып, 2015 жылы 39258 млн. теңгеге төмендеді. Бұл жылдары көрсеткіштің соммасы 27716 млн. теңгеге немесе 58,617%-ға азайды. 2015 жылдан 2016 жылға дейін көрсеткіш ұлғайып, 43250 млн. теңгені құрды.
Жылдық табыс 2014 жылы 27017 млн. теңгені құрайды. 2015 жылда осы көрсеткіш 2667 млн. теңгені құрап, яғни 24350 млн. теңгеге дейін кеміді. 2016 жылы көрсеткіш 7692 млн. теңгені құрап, өткен жылмен салыстырғанда 5025 млн. теңге жылдық табысын әкеледі.
«Сбербанк» АҚ ЕБ кірістер мен шығыстардың құрылымы 10 кестеде белгіленген.

10 кесте.


2014-2016 жж. «Сбербанк» АҚ ЕБ кірістер мен шығыстардың құрылымы.
(%)

Көрсеткіштер

Үлес салмағы

2014 ж.

2015 ж.

2016 ж.

1

2

3

4

Таза пайыздық табыс

100

100

100

Несие портфелінің құнсыздануы бойынша резервтердің аударымдары

29,57

82,388

87,033

Резевтердің несие портфелдің құнсыздануынан кейін таза пайыздық табыс

70,4

17,6

13,0

Комиссиялық табыс

30,3

33,2

36,5

10 кестенің жалғасы.

1

2

3

4

Комиссиялық шығыс

3,4

3,8

5,8

Операциялық табыс

107,8

62,5

61,7

Корпоративтік табыс салығының шығынына дейінгі пайда

54,7

5,9

11,5

Жылдық табыс

43,5

4,2

11,0

10 кестеде көрініп тұрғандай, резевтердің несие портфелдің құнсыздануынан кейін таза пайыздық табыстың үлес салмағы жылдан жылға азаюда. 2014 жылда бұл көрсеткіштің үлес салмағы ең жоғары пайызға жетіп, келесі жылы 52,8 %-ға төмендеді де 17,6 %-ды құрды. 2016 жылда тағы да 4,6 %-ға төмендеді және 9086 млн теңгені құрды.


Корпоративтік табыс салығының шығынына дейінгі пайданың үлес салмағы аса тұрақтылығымен көрсетілмейді. 2014 жылы 54,7 %-құрап, 2015 жылы 5,9 %-ға дейін төмендеді. 2016 жылы үлес салмағының көрсеткіші 11,5 %-ға жоғарылады.
Банктің мүмкін болатын несие талаптарының жоғалту бойынша резервтері кредиттік талаптарына сәйкес болашақ шығындар көлемінің шамасын жабу ықтималдығын білдіреді (8 сурет).



8 сурет. 2014-2016 жж. «Сбербанк» АҚ ЕБ несие портфелінің құнсыздануы бойынша резервтердің аударымдары.


Несие портфелінің құнсыздануы бойынша резервтердің аударымдары 2014 жылы 18379 млн. теңгені құрап, 2015 жылы 51742 млн. теңгеге дейін ұлғайды. 2016 жылы бұл көрсеткіш соммасы 60984 млн. теңгеге өсіп, 2015 жылға қарағанда 9242 млн. теңгеге өсті.


Кірістер мен шығыстардың кезең ішінде мойындалған, басты ұйымның жай акцияларын ұстаушыларға жатқызылатын барлық баптары, соның ішінде салық бойынша шығыстар жəне міндеттемелер ретінде сараланған артықшылықты акциялар бойынша дивидендтер басты ұйымның жай акцияларын ұстаушыларға келетін кезеңдегі пайданы немесе шығынды анықтау кезінде есепке алынады (9 сурет).



9 сурет. 2014-2016 жж. «Сбербанк» АҚ ЕБ бір ақцияға шаққандағы базалық пайда (теңге).


«Сбербанк» АҚ ЕБ бір ақцияға шаққандағы базалық пайда 2014 жылы – 2104,37 теңге, 2015 жылы – 207,72 теңге, 2016 жылы – 599,11 теңгені құрады.


Банктің несие портфелі – бұл берілген ссудалардың, нақты критерийлер бойынша жіктелген, құрылымы мен сапасының сипаттамасы. Осындай критерийлердің бірі болып, шетелдік және отандық тәжірибеде қолданылатын несие тәуекелінің деңгейі табылады. Сондықтан критерийде несие портфелінің сапасы анықталады.
Несие портфелінің сапасын талдау мен бағалау, банк менеджерлеріне, оның ссудалық операцияларын басқаруға мүмкіндік береді (11 кесте).

11 кесте.


2014-2016 жж. «Сбербанк» АҚ ЕБ несиелік портфельдің динамикасы.
(млн. теңге)

Көрсеткіштер

2014 ж.

2015 ж.

2016 ж.

2015-2014 жж.

2016-2015 жж.

+/-

%

+/-

%

1

2

3

4

5

6

7

8

Заңды тұлғаларға берілетін несиелер

808155

919577

784854

111422

13,8

-134723

-14,7

Жеке тұлғаларға берілетін несиелер

195700

191567

213134

-4133

-2,1

21567

11,3

Несиелік портфельдің барлығы, брутто

1003855

1111144

999988

107289

10,7

-111156

-10,0

11 кестенің жалғасы.

1

2

3

4

5

6

7

8

Несиелік портфельдің құнсыздануы бойынша резерв

34501

78160

107803

43659

126,5

29643

37,9

Несиелік портфельдің барлығы, нетто

969354

1032984

892185

63630

6,6

-140799

-13,6

Жалпы, банк несие портфелі бойынша 4 позициясын алып жатыр. «Сбербанк» АҚ ЕБ 2014 жылы заңды тұлғаларға берілген несиелердің соммасы 808155 млн. теңге құрды, келесі жылы 919577 млн. теңгеге дейін жетті. Яғни, бұл жылы 111422 млн. теңгеге немесе 13,8 %-ға несиелердің соммалары ұлғайған. 2015-2016 жж. бұл көрсеткіштің соммасы 134723 млн. теңгеге немесе 14 %-ға төмендеп, бұл 2016 жылдың соммасы 784854 млн. теңгені құрды. Жеке тұлғаларға берілген несиелерге келетін болсақ, 2014 жылдан 2015 жылға көрсеткіш соммасы 4133 млн. теңгеге немесе 2,1 %-ға кеміді. 2016 жылы несиелер 213134 млн. теңгені құрды, бұл жылы 2015 жылмен салыстырғанда 21567 млн. теңгеге ұлғайды.


Несиелік портфель (нетто) 2014 жылы 969354 млн. теңгені құрды, келесі жылы да 1032984 млн. теңгені құрап, бұл көрсеткіш 63630 млн. теңгеге немесе 6,6 %-ға өсті. Бірақ, 2016 жылы көрсеткіштің соммасы 892185 млн. теңгені көрсетті.
2016 жылы несиелендірудің негізгі секторлары сауда, өндіріс, ауыл-шаруашылық, отын-эрегетикалық пайдалы қазбаларды өндіру, ипотека, автонесиелеу және тұтынушылық несиелер болды (12 кесте).

12 кесте.


2014-2016 жж. «Сбербанк» АҚ ЕБ несиелік портфельдің (брутто) есептілігі.
(млн. теңге)

Көрсеткіштер

2014 ж.

2015 ж.

2016 ж.

Өсу қарқыны

2015-2014 жж.

2016-2015 жж.

Сауда

197576

159085

141162

-38491

-17923

Жеке тұлғалардың тұтынушылық, автонесие және ипотекалық несиелері

194875

190767

212251

-4108

21484

Өндіріс

146828

241226

185253

94398

-55973

Отын-энергетикалық пайдалы қазбаларды өндіру

97541

128377

113353

30836

-15024

Ауыл шаруашылығы

81498

105512

66554

24014

-38958

Басқа

285537

286177

281415

640

-4762

Несиелік портфельдің барлығы, брутто

1003855

1111144

999988

107289

-111156

«Сбербанк» АҚ ЕБ 2014 жылы сауда көрсеткішін несиелендірудің соммасы 197576 млн. теңгені құрды, 2015 жылы 159085 млн. теңге болды. Бұл жылы несиелендіру 38491 млн. теңгеге азайды. Сонымен бірге, 2016 жылы 17923 млн. теңгеге азайып, 141162 млн. теңге соммасын құрды.


«Сбербанк» АҚ ЕБ несие портфелінің өзгерісі 10 суретте көрсетілген. Яғни, 2016 жылы несиелік портфель көрсеткіштің соммасы 892185 млн. теңгені көрсетті, сондай-ақ несиелік портфель (брутто) 999988 млн. теңгені құрды.



10 сурет. 2014-2016 жж. «Сбербанк» АҚ ЕБ несиелік портфелі.


Қатаң нарық жағдайында банктің жақсы даму үшін оған жеткілікті клиенттердің саны қажет. Әрине, тұрақты бөлшек клиенттердің бар болуы өте жақсы, бірақ негізгі пайданы корпоративтік клиенттер әкеледі (13 кесте).


13 кесте.


2014-2016 жж. «Сбербанк» АҚ ЕБ клиенттердің қаражаттары.
(млн. теңге)

Көрсеткіштер

2014 ж.

2015 ж.

2016 ж.

2015-2014 жж.

2016-2015 жж.

+/-

%

+/-

%

Корпоративтік клиенттер

Ағымдағы шоттар

194987

300470

252105

105483

154,097

-48365

83,904

Мерзімді депозиттер

408341

440993

371132

32652

107,996

-69861

84,158

Корпоративтік клиенттердің құралдары

603328

741463

623237

138135

122,896

-118226

84,055

Жеке тұлғалар

Ағымдағы шоттар

28825

50290

75954

21465

174,467

25664

151,032

Мерзімді салымдар

274236

459525

571606

185289

167,566

112081

124,391

Жеке тұлғалардың құралдары

303061

509815

647560

206754

168,222

137745

127,019

Барлығы

906389

1251278

1270797

344889

138,051

19519

101,560

13 кестеде көрсетіліп тұрғандай, 2014 жылы корпоративтік клиенттердің құралдары 603328 млн. теңге болып, 2015 жылы 741463 млн. теңгеге жетті. 2016 жылы бұл көрсеткіштің соммасы 118226 млн. теңгеге азайып, 623237 млн. теңгені құрды. Ал, жеке тұлғалардың құралдары жылдан жылға ұлғайғаны көрсетіліп тұр. 2014 жылы 30306 млн. теңгені құрып, 2015 жылы 509815 млн. теңгеге жетті. Келесі жылы 647560 млн. теңгені құрды.
«Сбербанк» АҚ ЕБ клиенттерінің қаражаттары 11 суретте бейнеленген.



11 сурет. 2014-2016 жж. «Сбербанк» АҚ ЕБ клиенттерінің қаражаттары.


Жалпы, «Сбербанк» АҚ ЕБ клиенттердің қаражаттары 2014 жылы 906389 млн. теңге, 2015 жылы 1251278 млн. теңге және де 2016 жылы 1270797 млн. теңгені құрады.


Қаржы нарығындағы несиелік қоржыны мен клиенттер салымдарының қысқаруына қарамастан, «Сбербанк» АҚ ЕБ Қазақстанның ірі шетелдік банкі болып қалуда.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет