Ыстық жалын, жылы леппен келіп жеткен, Ерекше сезімдерді тербеп өткен



Дата02.04.2023
өлшемі13,86 Kb.
#78563

Ыстық жалын, жылы леппен келіп жеткен,
Ерекше сезімдерді тербеп өткен
Бүгінгі мерейлі той, асыл думан
Құтты болсын халқыма наурыз көктем

Жер жасарып, жібіген мұз құрсаудан


Сылдыр қағып су аққан жылғалардан
Өзгеше ғажайып бір күйге еніп
Жан бітіп тірілгендей барша ғалам

Табиғатта бір сілкініп оналғандай


Қаһарлы қыс саф тиылып жоғалғандай
Уақыт өтіп өзгермей белгілері
Жарқырап сол бір мезгіл оралғандай

Сыңғырлаған сары әуезін әуен қылып,


Барша жұрт думандатар мейрам қууып
Бүгінгі мерейлі той асқақ дәурен
Келді көктем жарқырап наурыз тууып.

Бүгін міне күн мен түннің теңелгені,


Берекеміз нығайып бір кемелденді.
Салт-дәстүр, әдет ғұрып бәрі бүгін
Жаңғырып сыйлады елге басқа демді.

Наурыз бұл-ұлы мейрам, жылдың басы,


Тойлатар ат-мінгізіп кәрі-жасы.
Келсін көктем қазаққа береке боп
Домаласын тоқтамай өрге тасы.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет